Басты бет Әдістік жабдықтар Пәнаралық зерттеулер Әдістемелік еңбектер Бүгінгі тарих-жаңа ғылыми бағыт География Батыс Қазақстандағы ортағасырлық қалалар

Батыс Қазақстандағы ортағасырлық қалалар

06 Қыркүйек 2013
395
0

Сарайшық. Ұлы Жібек жолының дала телімдері туралы, Алтын Орда кезеңінде сауда-кәсіптік қатынастарға аймақты енгізу туралы және «тас құрылысының бүлініп қалған орындары» туралы XVII - XVIII  ғасырларда орыс ғалымдарының көптеген ескертулері ғылыми қорытындылармен бірге осындай жағдайға сәйкес болмағаны айқын көрінді.Бірақ жақын арадағы уақытқа дейін арнайы ғылыми іздеулер өткізілмеген.

2002 жылы Оралда тарих пен археологияның Батыс-Қазақстандық орталықтың құрылуы жағдайды түп негізінен өзгертті.Сол уақыттан бастап осы мақала авторының басшылығымен Батыс-Қазақстандық кешенді археологиялық экспедиция ұйымдастырылды.Оралда ортағасырлық қалалық мәдениеттің зерттелуі басым бағыттарының бірі болды.

Осы мәселе Қазақстан тарихы үшін аса маңызды болып табылады. Қалалар Еділде боғланы туралы тарихшыларға жақсы таныс. XVII - XVIII ғасырларда Орал мен Жайықта қалалардың болғаны туралы соңғы уақытқа дейін сол замандағы карталардың ескертулерінде және қазіргі, бұрынғы замандағы еуропалық пен шығыс авторлардың жазба деректеріндегі бөлек мәліметтерінде ғана болды. Бірақ жақын арадағы уақытқа дейін тарихи, археологиялық іздеулерде осы мәліметтер нақты дәлелді алған жоқ.

Оралда қалаларды іздеу біздің орталықтағы жұмысымыздың негізгі бағыттарының бірі болды.  Бай су ресурстары мен табиғи-климаттық ортасы бар  Орал бассейні отырықшы мекенді құру үшін қолайлы болғанына сүйендік. Адамдар осында бұрыннан бері тұрды және негізінен көшпелі өмір салтын  жүргізді, бүкіл Батыс Қазақстан бойынща орналасқан көптеген қорғандар мен қорған кешендері осыған дәлел ретінде болады. Бірақ жазба деректерінде жазылған сауда және керуен бағдарлары болды, Ұлы жібек жолының телімдері осы жерден өтті, осы жол бір жағынан сауда және тауар айырбасының тұрақты орынсыз өмір сүре алмаған, ал басқа жақтан қарағанда дала адамдары саудамен ұсынылатын барлық игіліктердің негізгі тұтынушылары болып табылады.

Көшпелі өркениет дамыған нысанда даланың қала мәдениетімен тұрақты қатынасын жорамалдайды. Сондықтан көшпелі мал шаруашылығын жүргізуі орнатылғандай теріске шығармайды, ал стратегиялық маңызды орындарда қалалардың қолөнер және сауда орталықтары сияқты, қыстаулар мен баспана-базаларының орындары сияқты жорамалдайды. 

Батыс Қазақстандағы қалалар туралы алғашқы мәліметтер оғыз, содан кейін қыпшақ конфедерациясының өмір сүрген уақытында моңғол кезеңіне дейінгі аралыққа жатады. Ахмед ибн-Фадланның «Еділ Бұлғарына саяхат» (Х ғ.) шығармасында және Әбу-Хамид әл-Гарнатидің «Шығыс және Орталық Еуропаға саяхат» (ХІІ ғ.) еңбегінде Батыс Қазақстан арқылы өтетін қалалар, сауда және керуендік бағдарлар туралы мәліметтер бар.

921-922 жылы араб саяхатшы мен жазушы ибн-Фадлан Ахалиф елшілігімен Еділ Бұлғарында болды және ол Орал өзенінің жағалуынан өтті. Ибн-Фадлан кітабының аудармасымен танымал, кеңес зерттеуші-шығыстанушы А.П. Ковалевский елшіліктің бағдар картасын көрсетеді. Ол Шаған және Орал өзендерінің қосылған жерінде ибн-Фадланның сол жағалаудан оң жағалауға, яғни Азиядан Еуропаға өткен орнын көрсетеді, сол жерде қазіргі ескі Орал бөлігі орналасқан. Х ғасырда ибн-Фадланның пайымдауы бойынша осы жерде қалалық мекен орналасқан болатын.

Екі мыңжылдықтың басында араб елдері және Орал мен Еділ өзенаралық халықтары арасындағы байланыс тұрақты болып қалды. Шығыс географтары осы қашық өлке туралы жақсы хабардар болды. 1154 жылы араб географы әл-Идриси Жайық-Оралға ұқсас Руза өзенін сипаттады, бірақ Орал мен Даранда өзенін салыстырған уақытта Рузаның ұқсастығы туралы басқа да пікірлер бар. Рашид-ад-Дин, ибн - Сайд, Абул – Фид және тағы басқа араб-парсы тілдерінің авторларының шығармаларында қалалардың өмір сүргені туралы байланыссыз мағлұматтар көрсетілген.  ХІ ғасырда Махмұд Қашғари өзінің «Диуани лұғат ат түрік» еңбегінде халықтардың жеке-жеке орналасуы және шұғылданулары туралы жазған.

Алтын Орда дәуірінде еуропалық зерттеушілер өзінің жол жазбаларында Жайық өзенін бірнеше рет белгіледі және кесіп өтті.  Олардың арасында рим папасы IV Иннокентийдің елшісі Джовани Плано Карпини (1249), сонымен біргі француз королі ІХ Людовиктің елшісі Гильом де Рубрукті (1253) атап өтуге болады.

Таннан Сарайшыққа әкелетін жолдың ерекшеліктерін атап өтіп, жергілікті тұрғындарға төлеуге қолайлы өтімді тауар мен ақшаны сипаттай отырып, Франческо Бальдучи Пегалотти өзінің  «Сауда тәжірибесі» шығармасында Крымнан Жайық арқылы, бұдан әрі шығысқа әкелетін жолы туралы жазады. 1333 жылы Марокко елінен атақты араб саяхатшысы, ел кезуші көпес Ибн Баттута Орал өзенін кесіп өтті.

XIV  ғасырда Алтын Орданың гүлденген дәуірінде миссионерлік қызметті өткізу және  сауда байланыстарын жөндеу үшін осы жер мен Моңғолияға жіберілген елшіліктер қатары Батыс Қазақстанға барды.  Бұл елшілік Джованни Мариньолли (1338-1353 жж.), дін қызметшісі Пасхалий (1335 – 1339жж.), ағайынды-көпестер Франциско және Доминико Пицигани (1367 ж.) басшылығымен болды. Олардың пайымдауы бойынша Орал өзенінде екі қала болды. Осылай 1336 жылы испан дін қызметшісі Пасхалий Сарайшық қаласына және солтүстікке қарай аты жоқ екінші қаланы көрсетеді. 30 жылдан кейін осы екі қаланы көрсетіп, ағайынды көпестер осы қалалар туралы жазған, сонымен бірге аты жоқ екінші қаласы жоғары және орал өзені бойынша жоғары, Сарайшықтан солтүстікке қарай орналасқанын көрсетеді.

Антонио Дженкинсонның 1562 жылғы атақты картасы ол туралы куәландырады. Осында Орал өзені ағымының төменгі бөлігінде батыс, оң жағалауында Сарайшық қаласы көрсетілген, ал солтүстікке қарай осы жағалауда Шакафни қаласы орналасқан. Академик Б.А.Рыбаков ағылшын саяхатының картасы мен сипаттау мәтінін зерттеп, келесі қорытындыға келді. Дженкинсон картасы 1497 жылғы ескі карта нұсқаларының бірін көрсетеді, ал екі қала Сарайшық және екінші атауы жоқ қаласы «татар тас мешіттері» -бірдей шартты белгілерімен белгіленген.

Сондықтан, солтүстік қаланың өмір сүрген уақытын XIV ғасырмен даталауға болады, ал оның мағынасы мен ауқымы аса танымал Сарайшықпен  ұқсас.

X - XIV ғасырлардағы саяхатшылар, көпестер мен миссионерлердің барлық зерттеулер мен шығармаларында Еділ және Орал өзенаралығы, сондай-ақ Орал өзені бойымен қалалардың барлық жүйелердің бар болғанына көрсетеді. Олардың саны 8-ден 30 қалаға дейін болжанып отырады. XIV ғасырда танымал Сарайшықтан басқа Оралда жоғары және солтүстікке қарай тас ғимараты бар және қазіргі Орал ауданында орналасқан тағы бір қала болғаны туралы шығармаларда тура көрсетілген. ХVIII - XIX  ғасырларда орыс ғалымдарының зерттеулері Оралдадағы ортағасырлық қалалардың бар болғанын растайды.

«Үлкен Сызба» атауымен белгілі алғашқы орыс карталарының бірі ХVІ ғасырдың соңында құрылған және барлық мемлекеттің аумағын бейнеледі. Уақыт өте келе осы карта жарамсыз болып қалды және сол ауқымда жаңа сызбаны құрастыру, толық түсінікті беру туралы шешім қабылданды. Осылай атақты «Үлкен Сызба кітабы» дайындалды. Картаның өзі бізге жеткен жоқ, бірақ түсініктемесі бірнеше тізімдерде сақталды және петрге дейін уақыттағы Ресей туралы бірыңғай географиялық шығарманы құрайды. Онда Оралдың орта және төмен ағымының сипаттамасы берілген. 

Карта және оның сипаты толық емес болды, үлкен қателіктері болды. Сонымен қатар әр түрлі уақытта бұдан көшірмелер қатары жасалынды, олардың әрбіреуі жаңа дәлсіздікті енгізді. Осылай Каспий теңізінің солтүстік және шығыс жағалаулары беймәлім қатарына жатты. Бір картада Орал көптеген тармақтарымен үлкен өзен ретінде, басқа карталарда болмашы өзеншік ретінде сипатталынды. Бірнеше карталарда қазірде белгісіз қала Ризань, солтүстікке қарай Шақашық қаласы бейнеленген.

Авриль дайындаған және 1692 жылы жарияланған карталардың кеш шығарылған көшірмелердің бірінде, қазіргі Орал орнында қазірде беймәлім Метжет атауымен қыстағы, ал солтүстікке қарай Іленің Оралмен қосылғанда басқа – Солянское қыстағы көрсетілген. 1700 жылы шығарылған француз астрономы Делилдің картасында да бейнеленген. Осыған орай «Үлкен Сызба Кітабының» жетілмегендігіне қарамастан, Батыс Қазақстандағы қалалар мен қоныстардың маңызды санын бейнелеуі осы дерек үшін сипатты болып табылады.

П.И. Рычков 1748 ж. жазылған өзінің атақты «Орынбор губерниясының Топографиясында» Оралда қалалардың өмір сүргендігінің көптеген фактілер мен үлгілерін келтіреді. Сондай-ақ – «1. Қырғыз-қайсақ кіші ордада, Ілеу қорғауынан, іле тұзын бұзатын жерде, Іле өзенінің ар жағында едәуір кірпіш құрылысы көрінеді. 2. Сол құрылыстан Байтақ шатқалы маңында, Үлкен Қобда аталатын өзеншіктің бір түбінде ескі қаланың белгілері бар, сол жерде қазіргі уақытта  қазылған каналдар, егін шаруашылық, бақша орындары көрінеді. Осы жерде күмбездері бар ескі ғимарат орналасқан... 3. Ати-Уилу өзені бойынша орналасқан шатқалда, Қырғыздар киелі Мәулет-Берді атаған, 30-дан 40-қа дейін кірпіш ғимараттары көрінген, ескі қаланың белгілері, осы жерде қазылған каналдар, егін шаруашылығы, бақша орындары маңызды болып табылады. 4. Сағызу өзеншігі бойымен көптеген ескі құрылыстар көрінеді, сонымен қатар Бакчи атауымен шатқалдар, ескі қалалар, қазылған каналдар өте көп, сол дөңбестерден адам сүйектері, алтын, күміс және тағы басқа құралдар табылған. 5. Ғұрық шатқалы маңында, Хивин жолы бойынша биік тауда ұзын мазарлар көрінеді, сол жерде екі үлкен мазар құрылған, ал оның жоғарғы жағында үлкен тастар қойылған, сол тастарды он немесе он бес адам әзер дегенде көтереді. 6. Сол тауда Билюль – Атай шатқалы маңында аула бар, сол ауланың қақпалары үлкен, сол жерде мешіт және бірнеше мазар бар. Барлық басқа құрылыстар кірпіштен жасалынған. Қақпаның қасында терең құдық орналасқан, ондағы 30-40 су сажыны бар.

Осы жер туралы былай айтылған болатын: бұрынғы заманда Астраханнан Каспий теңізі бойынша кемемен сол жерге келіп отырған, жүк түсіріліп, құрғақ жолмен Арал теңізіне жетті, сол жерде сауда үшін кемені жүктеп, Хиваға және басқа кедендік орындарға барды.»

П.И. Рычков айтарлықтай дамыған  қалалар жүйесі туралы ескертеді. Олардың ішіндегі ғимараттар кірпіштен салынған, жер суландыратын жүйеге ие, өзен жағалауында орналасқан, ал діни құрылыстардың бары мен сипаты қалалардың шығыс түріне жататыны туралы айтады.  Бір немесе екі күндік жолында автор жазғандай олар бір бірінен жақын орналасқан (мамандардың пікірі бойынша арақашықтығы күніне 30-40 қазіргі шақырымды құрайды). Қалалардың саны мен орналасқаны олардың арасындағы байланысы туралы куәландырады, олардың өмір сүруін бірыңғай мемлекет аясында болжайды. Осы қалалардың ғимарарттарын сақтауын ескерте отырып, осы мемлекет ретінде Алтын Орда бола алар еді.

Басқа ресейлік ғалымдар арасынан П.С. Палассаты атап айтуға болады, Оралдан Гурьевке дейін барлық Оралды аралап шығып, осы жерде үш рет болды, аймақтың солтүстік бөлігін, Бөкей Ордасын зерттеді. Жиналған материалды П.С.Паллас өзінің «Ресей империясының әр түрлі түкпірлер бойынша саяхат» көлемі үлкен еңбегіне енгізді, сол еңбекте аймақтың аумағына, этнографиясы мен тарихына толық сипаттамасын берді.

П.С.Паллас өзінің шығармасында табылған екі қаланы сипаттайды.  Бірінші жағдайда бұл Оралдағы ежелгі бекінісінің қалдықтары, олар келесі тәсілмен белгіленген: «Киндели өзенінің сағасы маңында Киндели форпостынан 12 шақырымдай. Бекініс жағалау, дуал мен шұңқырлардың оңтүстік жағына екі  грек П түрінде тұрады; сыртқы бөлігі жарты шақырымдай; оған қарама-қарсы ішкі бөлігі 20 сажындай, 2,5 биіктігіне жетеді. Бекіністің ішкі жағында бұрынғы құрылыстың ізі де жоқ, бірақ кеңістік түзу».

Екінші қала Үлкен және Кіші Өзен арасында олардың қосылудың тар жерінде орналасқан. Осы жерде Паллас үлкен тереңдігі бар көптеген арықтарды, қорғандар мен үйлердің қалдықтарын тауып алды, бұл орындарда бұрын халықтар мекендегені туралы шешім шығарды. Шаршы кірпіштер тұратын қираған орындардың бірі 5 үйден тұрды. Сонымен бірге П.С.Паллас оған дейінгі барлық зерттеушілер сияқты өткен заманның көптеген ескерткіштерін қалалық мәдениет материалдарына жатқызып, оған ерекше көңіл аударды.

Өкінішке орай ресейлік төңкеріске дейінгі, кеңес тарихи ғылымда осы деректер қолданылған жоқ. Сондықтан Орал өзенінің бойында ешкіммен қоныстанбаған аумақтар туралы  оқулықтарда тура жазған, сол аумақтар қашқын басыбайлықтарды, сонымен бірге қарақшылық адамдарды өзіне магнит сияқты тартып отырған.  Осы уақытқа дейін қалалардың өмір сүргені туралы ешқандай дәлелдер болған жоқ. 10 жыл бойы археологиялық қазбалар жүргізілген Орал қаласынан алыс емес қалашықты 2001 жылы Орал және Алматы ғалымдары тапқан іздеулер сәтті аяқталды, бұл қала ХIV – XVI ғасырлардағы қала. Осыған орай Орал өзеніндегі қалалар туралы жазған ортағасырлық авторлар, сонымен қатар ХVIII –ХIХ ғасырлардағы ғалымдардың қорытындылары дұрыс болды. Осы жаңалықтың тарихи маңыздылығы Орал тарихын біз 1613 жылдан бастамай, ал XIV ғасырдың бірінші жартысынан бастайтындықта.

ХХІ ғасырдың басында осы жолдардың авторы БАҚ-та «Ақсай-Атырау» құбырын археологиялық сараптаудан өткізуін талап еткен кезде,  Орал жанындағы қалалардың бар екенін дәлелдеді. Дәл Орал телімінің жолында осы қала ашылды – бұл аймақта соңғы кезеңдегі ең ірі және таң қаларлық жаңалық. Батыс Қазақстан тарих және археологиялық орталығы шығарған, «Батыс Қазақстанның тарих және археология сұрақтары»  ғылыми журналында осы зерттеулердің алғашқы нәтижелері жарияланған. Марғұлан атындағы археология Институтының ғалымдары К.И.Байпақов, Е.А.Смағұлов және Г.А.Ахатов «Жайық» ортағасырлық қалашығы» арнайы басылымды дайындады. 2006 жылы орталық қызметкерлері бізге шартпен атау берген «Жалпақтал» деген екінші қаланы, ал 2007 жылы «Сарыөзен» қаласын тауып алды. Олар XIII-XV  ғғ. даталанады және Алтын Орда дәуіріне жатады. «Жайық» қаласы қайта ашылған қалалардың ішінен ең ірі және зерттелген қала болып табылады, ол жөнделген деректер бойынша XIV ғ. басында құрылды. Құрылыс істерінің бақылауы жүргізілетін көлемі 8 га. шамасындай құрайды. Қаланың батыс  жағындағы 2 шақырымдай жерде Свистун таудың шынында  қорым – қала зираты орналасқан, сол жерде қаланың өзіне қатысты көптеген жерлеулер табылған. Одан да бұрынғы ескерткіштер кездеседі. Поволжье қалалары және «Жайық» қалалары үй құрылысының жоспарларын салыстыру, техникалық қабылдауы Хорезм және Сырдария оазистерінің үй құрылысының дәстүрлері Орал өзені бассейннің құрылыс мәдениетіне басым әсер еткенін көрсетті. «Жайық» қаласында зерттелген үйлердің жоспарлары XIII-XIV ғғ. Ургенч, Отырар, Түркістан үйлерінің жоспарларына сәйкес келеді. Кейбір бөлшектердің интерьері, суф, жылыту жүйесі, құрылыс техника мен материалдардың орналасуында айырмашылығы байқалады. Бірақ елеулі айырмашылықтар да бар. «Жайық» қаласы үйлерінің жылытуы суфаның бір жағынан құрылған арнайы екі каналдық  арықтармен жүзеге асырылды. Оңтүстік Қазақстандағы моңғол кезеңінен кейінгі үйлердің «арықтарын» көбінесе үлкен зоршылықпен атауға болады. Жеңілдетілген құрылымдардан (ағаш-қаңқа-өрілген) құрылған мекендерде қора-қопсы құрылыстары болды.

«Жайық» қаласы алтынордалық дәуірінде дамыған қалалардың қалдықтары болып табылатынын археологиялық қазбалар көрсетті.

Екінші табылған қалалардың бірі – «Жалпақтал» қаласы, оны біз  зерттеу нәтижелері бойынша XIII – до XV ғғ. соңындағы кезеңге жатқыздық. Ол Батыс Қазақстан облысының Қазтал және Жанғалин аудандарының шекарасында орналасқан. Қаланың құрал-саймандық түсірмесі оның көлемі 68 га. жететін көрсетті. Қаланың орталық бөлігінде биіктігі 2 м және диаметрі 50 м-ге дейін жететін бірнеше ірі белестер байқалады, қаланың қалған бөлігінде мөлшері шағын бірнеше белестер байқалады.

2010-2013 жж. осы жерде мәскеулік және казандық мамандардың қатысуымен қазба жұмыстары өткізілді. Үш тұрғын үйлер, екі сағана зерттелді, қаланың толық топографиялық түсірмесі, сонымен қатар 3D форматында түсірме өткізілді. Қаланың орталық бөлігінің қазба жұмыстары өткізілді, көбінесе 10х10 м көлемімен барлау қазба жұмыстары өтті, сол қазба жұмыстары мәдени қабаттың бар екенін көрсетті. Өзі үй сияқты өңделмеген кірпіштен орындалған құрылыс табылды. Қазба жұмыстарында ойлы-қырлы және сызықтық оюлары бар қыш-құмыра қызыл балшықты кермикасының 2000 үзінділері табылды (бір ғана үзіндісі жабыстырылған керамикадан). Сонымен қатар бір бөлігінде жөндеулері бар жануарлар сүйектерінің 2000-нан астам үзінділер табылды. Ерекше мүддені тиындар көрсетеді, олардың арасында ең ежелгі күміс тиыны ХІІІ ғ. даталанған. Сағаналарды құрған кезде сол уақыт үшін тән шаршы формасы түріндегі күйдірілген кірпіштерін кең қолданғаны анықталды. Зерттеулер жалғастыруда.

Үшінші қалалық мекені – Сарыөзен қаласы, топографиялық жұмыстар мен барлау қазба жұмыстары өткізлді.

Алтын Орда тарихын зерттеушілер ХІІ ғ. соңын - ХIV  ғ. алғашқы жартысын қала мәдениетінің тұрақты және гүлдену жылдары деп сипаттайды. Жаулап алу кезеңінде зардап шеккен кейбір маңызды сауда-экономикалық орталықтар, ондаған жаңа қалалар мен ірі қоныстар пайда бола бастады. Осы қарқынды өсудің кезеңі негізінен Өзбек және Жәнібек хандардың (1312-1357 жж.) билік еткен уақытына келеді. Уақты «ескі» қалалар аумақтарының өсуі және жаңа ірі қоныстардың үлкен санының пайда болуымен сипатталады. Көбінесе ескі қалаланған оазистарда экономикалық және саяси қатынастарда жетекшілік орынға ең алдымен қарқынды өсу кезеңінен өтіп жатқан маңызды емес қоныстар шығарылады. Аймақтардың ескі астаналары өз маңыздылығынан айырылады.

Жайық өзенінің бассейні, Еділ жағалауларында да қалалар мен отырықшы қоныстар пайда болды.

Олар отырықшы және қалалану процесінде қоныстың тиісті ішкі иерархиясымен өзіндік шағын аймақтарды құрастырады. Алтын Орда кезеңінде пайда болған қалалардыі ашылуы аймақтың тарихына жаңадан қарауға, Қазақстанның тарихи өткенінің көптеген парақтарын қайта ойлауға мүмкіндік береді.

М.Н.Сдыков

Батыс Қазақстан тарих және археологиялық орталықтың директоры,

т.ғ.д.,профессор

 

Дерекнама мен әдебиеттер тізімі:

1. Ахатов Г.А., Байпаков К.М. Смагулов Е.А. Средневековое городище Жайык. – Алматы, 2005-  220 с.

2. Ахатов Г.А., Байпаков К.М. Некрополь Уральского городища// Вопросы истории и археологии Западного Казахстана. - Вып.1. – Уральск,2002.- С.168 – 284

3. Бекмаханова Н.Е. К вопросу об этническом составе и политической истории Ногайской Орды в ХУ1 – ХУ111 веках//Историко-географические аспекты развития Ногайской Орды. – Махачкала, 1993 – С.38 -54

4. Бисембаев А.А. К вопросу об исламизации средневекового населения Западного Казахстана (археологический аспект)//Арало-Каспийский регион в истории и культуре Евразии. Материалы международной научной конференции. – Ч.1.- Актобе, 2006 – С.112 – 123

5. Ерзакович Л.Б. О южноказахстанском компоненте в материальной культуре Золотой Орды // По следам древних культур Казахстана – Алма-Ата, 1979 – С.67 – 83

6. Кушаев Г.А. Этюды древней истории степного Приуралья. – Уральск, 1993. – 120 с.

7. Марыксин Д.В., Пачкалов А.В. Монеты Золотой Орды. – Уральск, 2009. – 62 с.

8. Сдыков М.Н. Городище Жайык.- Уральск, 2008 – 65 с.

9. Сдыков М.Н. История населения Западного Казахстана. – Алматы, 2005 – 404 с.

10. Сдыков М.Н., Байпаков К.М., Ерофеева И.В., Инночкин В.А., Кривобокова С.С. Уральск древний и современный (очерки по истории Уральска и городской культуры Западного Казахстана)// Вопросы истории и археологии Западного Казахстана. – Вып. 10 - Уральск, 2009- С. 3-123; Вып. 11. – Уральск, 2009 – С.3-119


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз