Басты бет Әдістік жабдықтар Пәнаралық зерттеулер Әдістемелік еңбектер Дүниетанымдық үлгілер, тұжырымдар Археология Тәуелсіздік кезеңіндегі Қазақстан археологиясы; қорытындылары және болашағы

Тәуелсіздік кезеңіндегі Қазақстан археологиясы; қорытындылары және болашағы

06 Қыркүйек 2013
39
0

Ә.Х. Марғұлан атындағы археология Институты Тәуелсіз Қазақстанның құрдасы бола отырып, Республикадағы археология ғылымын басты үйлестіруші ретінде жиырма жылдан астам уакытта шығармашылық және жасампаз жолды лайықты жүріп өтті.

Институтының құрылуы кездейсоқтық емес. Оның қалыптасуы соғыстан соңғы жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясының құрамында қалыптасқан Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институты қабырғасында басталды. Өтпелі кезең мен бұрынғы одақтық республика экономикасының күйреуіне байланысты Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиыншылықтар археология ғылымы қалыптасуының алғашқы кезеңіне әсер етті. Бұрынғы ғылыми байланыстар жоғалып, одақтас республикалардың кітапханаларында, мұрағат қорларында жұмыс істеу қиындады. Дегенмен де, далалық археологиялық жұмыстарды қаржыландырудың жоқтығы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы археологиялық топтарының өзара қарым-қатынасына әсер ете алмады. Керісінше, жаңа мүмкіндіктер мен жаңа ғылыми байланыстар пайда болды.

 Қазақстанға алыс және жақын шетел ғалымдары мен экспедициялары бет бұра бастады. Бұған тоқсаныншы жылдардағы Қазақ-орыс, Қазақ-американ, Қазақ-француз экспедициялары жарқын мысал бола алады. 1992 жылдан бастап Қазақстан-Ресей экспедициясы құрылып, халықаралық «Ежелгі адам палеоэкологиясы және Евроазиялық материктің алғашқы игерілуі» атты бағдарламаны іске асыру үшін Россия мен Қазақстан аумағында біріккен жұмыстар жүргізді. 1993 жылы Қазақстандағы тасқа салынған бейнелерді зерттеу бойынша Қазақ -француз экспедициясы құрылып, оның құрамына Археология институты, «Қазқайтажаңғырту»  институты және Францияның Ұлттық ғылыми зерттеу орталығы мамандары енді. 1997 жылы Институтта Алтайдың ежелгі көшпелілер мәдениетін зерттеуіне арналған халыкаралық экспедиция құрылып, құрамына Францияның Орталық Азиядағы археологиялық миссиясы, Италияның Лигабуе ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері және Россия, Италия, Швеция ғылыми ұйымдарының өкілдері енеді. Бул экспедицияның жумыстары Берел қорымында болып үлкен нәтижелерге жетті. Қазақстан археологтары үшін 1998 жыл ерекше із қалдырды. Бұл жыл Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен Ұлттық тарих жылы болып белгіленді. Осы жылы Мемлекеттік «Ұлы Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өрлету, сақтау және түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасы даму жалғастығы және туристік инфрақұрылымын құру» бағдарламасы бекітілді. Бағдарлама Ұлы Жібек жолының Қазақстандық бөлігінде орналасқан 30 ескерткіште зерттеу жұмысын жүргізу, консервациялау, мұражайландыру және қалпына келтіру секілді іс-шаралар кешенінен тұрады. Тоқсаныншы жылдардың өтпелі кезеңіндегі қаржылық қиындықтарға қарамастан Оңтүстік Қазақстан кешендіархеологиялық экспедициясы, Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы, Жетісу кешенді археологиялық экспедициясы, Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясы, Солтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы, Сарыарқа археологиялық экспедициясы қыруар жұмыстар атқарды. 2004 жылдан бері Қазақстан археологиясы қазіргі күнге дейін жалғасып жатқан дамудың жаңа қарқынына ие болды. Қазақстанда бүкіл әлемде теңдесі жоқ «Мәдени мұра» бағдарламасы іске асуда.

Бағдарламаның алғашқы кезеңі 2004-2006 жж. іске асты, екінші кезеңі -2007-2009 жж., үшінші кезеңі 2010 жылдан 2012 жылга дейін жүргізілді. Осы жұмыстар нәтижесінде тас дәуірінен соңғы орта ғасырға дейінгі кезеңді қамтитын қыруар археологиялық материал жинақталды, ал бұл материалдарды ғылыми ұғыну үшін бірнеше онжылдықтар керек болатыны сөзсіз. Осылайша, тәуелсіздік кезіндегі Қазақстан археологиясы дамудың лайықты жолын жүріп өтті. 1991 жылдан 1997 жылға дейінгі уақытты- нарықтық экономиканың жаңа жағдайларына бейімделу кезеңі деп атасақ, 1997 жылдан 2004 жылға дейінгі кезең - тұрақтылық кезеңі, ал Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы және «Мәдени мұра» бағдарламасы нәтижесінде 2004 жылдан бастап бүгінге дейінгі уақытты археология ғылымы саласынын - даму кезеңі деп атай аламыз. «Қазақстан -2050» стратегиясында көрсетілгендей негізгі мақсатқа қол жеткізу үшін Қазақстан тарихын тереңнен зерттеу бүгінгі күннің өзекті тақырыбы болып отыр. Қазақ ұлтының этногенезі мәселесі ғасырлар қойнауында жатқан тарихи жәдігерлерді ашу, шет елдердегі мұрағаттар мен ғылыми орталықтарында қазақ тарихына байланысты зерттеулер жүргізу. Бүгінгі көтеріліп отырған мәселелер Қазақстан археология ғылымының негізгі іргелі зерттеу

бағыттарына сай келеді, олар:  - Тас дәуірінде Қазақстан аумағында алғашқы қоғамдық

адамдардың таралып орналасуы, антропогенез мәселелерін жетілдіріп дамыту;

- Археологиялық деректер бойынша қазақ этногенезін зерттеу;  - Көшпенділікті, ежелгі және орта ғасырдағы кенттену, көшпелі және отырықшы тайпалардың өзара байланысын зерттеу;  - Археология, ежелгі өнер, және сәулет өнері ескерткіштерін зерттеу. Орта ғасыр мен ежелгі дәуірдегі көшпелілер мәдениеті мен отырықшылық өркениеттің өзара байланысын, оның ішіндеҚазақстанның протоқала өркениетінің алғашқы кезеңі туралы мәселені зерттеу; Мұсылман мәдени кеңістігінің бір бөлігі ретінде дамыған орта ғасыр кезеңіндегі XXVIII ғғ. қазақстан қалалары мәдениеті зерттеудегі археология рөлі; Евразия тарихында маңызды роль ойнаған ірі этностардың бірі – түркі халықтарының ғылыми тарихын жазу». Осы бағыттарда қазақтың ұлттық тарихын қарастырғанда шындығында да ХҮ қазақ хандығы кезеңіне дейінгі тарихымыздың қазақ ұлтына тікелей қатысы жоқ деген пікірді жоққа шығару үшін, тарихымыздың хронологиялық шеңберін ашу үшін археологтар еліміздің барлық аймақтарында зерттеулер жүргізуі тиіс. Қазақтың ұлттық тарихын ашу оның ішінде қазақ халқының этногенезін терең зерттеу үшін бірінші кезекте салааралық ғылыми жұмыстарды нығайтуымыз қажет. Мысалы антропология ғылымы бүгінгі таңда елімізде дұрыс жолға қойылмай отыр. Оған себеп Қазақстанда антрополог мамандар дайындайтын оқу орны және антрополог мамандар жоқ. Сол себепті жоғарғы оқу орындарымен байланыса отырып антропологиялық зертханалар ашу, білікті мамандар дайындау маңызды мәселелердің бірі. Тек қана антрополгия ғылымы аясында біз қазақ халқының этногенезін толық қамтып зерттей аламыз. Оған қазақ археологтарының зерттеу нәтижелерінде табылған көптеген кранеологиялық материалдарынан құрылған қорлар негіз бола алады.

Деректер: «Мемлекет тарихы» ғылыми журнал/«История государства» научный журнал № 2, 2013, с. 39-45 

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз