Басты бет Пәнаралық зерттеулер Әдістемелік еңбектер Отандық зерттеулер Мемлекеттік құрылыстың қазақстандық үлгісі Қазақстанның ЕҚЫҰ-ның төрағалық етуінің ерекшеліктері

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ның төрағалық етуінің ерекшеліктері

06 Қыркүйек 2013
309
0

         ЕҚЫҰ  ХХ ғ. соңы  мен  ХХІ ғ. басындағы  Еуропа  қауіпсіздігінің басты  элементі  болып  табылады. Сонымен  қатар  алғашынан  бастап ЕҚЫҰ  Еуро-Атлантикалық  сипатқа ие  бола  отырып , құрамына  ТМД елдерін , АҚШ  және  Канада , Орталық  және  Батыс  Еуропа  елдерін біріктірді.  1975 жылы  1  тамызда  Хельсинкиде  Еуропа мен  Америка елдерінің  35  елбасшылары  жиналып , ЕҚЫК-не  қатысты  ресми  түрде қорытынды  акт  жасады.  Бұл  жайтқа  Кеңес  Одағы  мен  Батыс  елдерінің Женевадағы  көп  жылдық  қарым-қатынастары  негіз  болды.  Нәтижесінде ЕҚЫҰ  құрылып , көптеген  халықаралық  құжаттарға  қол  қойылды.

  Қорытынды  актты  дайындау  барысында  келісім  мүшелері  жасалған қауіпсіздік жүйесінің сол кезеңдегі басқа құрылымдардан айырмашылықтарын  көрсетіп  отырды.  Бұл  ерекшелік  ЕҚЫҰ-ның  негізгі қызметі  сырттан  төнген  қауіпті  көрсету  емес , осы  жүйе  ішіндегі қауіптердің  алдын  алу  болғандығында.  Осы  жерде  ЕҚЫҰ-ның  саяси маңыздылығы  оның  біркелкілігінде  жатқанын  айтып  өту  қажет.  Ол  тек қана  саяси  және  әскери  шиеленістердің  алдын  алып , әр  түрлі  аймақтағы  дағдарыстан  кейінгі  жағдайды  қалпына  келтірумен  ғана  емес, адам өмірінің  қауіпсіздігіне  қатысты  және  экологиялық  мәселелерді  де реттеумен  айналысатын  Еуропадағы  жалғыз  құрылым.  Қырғи-қабақ соғысы  жылдарында  ЕҚЫҰ  ядролық  дипломатия аумағынан шыға  алған жалғыз  ұйым  болды [1.1б.]. 

  1992 жылдың  30  қаңтарында  Қазақстан  Республикасы  ЕҚЫҰ-ның  мүшесі  болып  қабылданды.  Бұл  тарихи  оқиға  еліміздің  1975 жылғы  Хельсинки  қорытынды  актісіне  негізделген  жалпыеуропалық  үрдістерге  еркін қатысуға, тәжірибе  алмасуға  деген  ұмтылысын көрсетеді.  Қазақстан  ЕҚЫҰ-мен  ынтымақтастық  барысында  үлкен  жетістіктерге  қол  жеткізді.  Атап  айтқанда , ЕҚЫҰ Орталық  Азиядағы  экономикалық  жағдайға  қатысты , аймақтың нарықтық  экономикаға  өтуіне  қатысты , экономикалық  реформалар жүргізу ,адам құқықтарын қорғау өңірлік қауіпсіздік салаларында бірқатар семинарлар өткізді. ЕҚЫҰ мен Қазақстан Республикасының  Үкіметі арасында өзара түсіністік меморандумына  негізделіп , бұл ұйымның демократиялық институттары мен адам  құқықтары  жөніндегі бюросы Қазақстанда  сайлау  заңнамасын , соттық  жүйені реформалау сияқты  жұмыстарды атқаруда. Жылдан жылға ұшталып келе жатқан Батыс-Шығыс  шиеленісі диалогында Қазақстан  делдалдығы  бағасыз [1.1б.].

  Төрағалық  жөніндегі  шешім  ЕҚЫҰ  мүше  мемлекеттерінің  Қазақстанның  әлемдік  процестегі  позитивті  рөлі , оның  құқықтық , демократиялық  мемлекет  құруға  шынайы  ұмтылыстарын  ресми  бағалауы  болды. ЕҚЫҰ-ның тарихында бұл ұйымға мұсылман халқы басым түркі азиялық ел басшылық жасауда. ЕҚЫҰ-ның  төрағасы ретінде Қазақстан күн тәртібіне мәдениеттер мен діндер арасындағы үндестікті жақсарту,шыдамдылықты нығайту мен дискриминацияның барлық түрлерімен күресу сияқты мәселелерді қосуда . 

  Қазақстан  ЕҚЫҰ-ның  реформаларының  басты  субьектісіне  айналды , өйткені  ол – ЕҚЫҰ дағы  батыстың  да , шығыстың  да  елдерімен  жақсы  қарым – қатынастағы  және  ешқайсысымен  қайшылығы  немесе  территориялық  таластары  жоқ  жалғыз  және  ішкі  саясаты  ұлтаралық  және  конфессияаралық  тұрақтылықпен  сипатталатын  бірден-бір  мемлекет.Қазақстанның төрағалығы ЕҚЫҰ-на ең алдымен ұлтаралық,дінаралық,тіларалық келісімнің үздік үлгісін береді.Сонымен қатар,Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылыққа да игі ықпал жасауда [2.1б.].

  ЕҚЫҰ ның  төрағасы  ретінде  Қазақстанның  алдында  үш  бағыттағы  мәселелерді  шешу  міндеті  тұр:  әскери-саяси , экономика-экологиялық  және  гуманитарлық  бағыт. 

  Халықаралық  аренадағы  ең  өзекті  мәселелердің  бірі – ядролық  қаруды  таратпау  режимін  бұзу  тенденцияларының  байқалуы , және  заңсыз  негізде  кейбір  мемлекеттердің  ядролық  қаруды  иемденуі (Пәкістан , Үндістан)  ядролық  қаруға  ие  болмаған  мемлекеттердің  әскери  қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажеттілік туғызады.  Қазақстан Республикасы төраға ретінде қатысушы-мемлекеттердің әскери-саяси ынтымақтастығын  ЕҚЫҰ- ның  қауіпсіздік  саласындағы  ынтымақтастық  форумымен  тереңдетуге  ұмтылуда.  ХХІ  ғасырдағы  қауіпсіздік  пен  тұрақтылықтың  қауіптеріне  қарсы  тұру  жөніндегі  ЕҚЫҰ  Стратегиясының  жүзеге  асырылуына  және  бұдан  басқа  да  ЕҚЫҰ  құжаттарындағы  принцип – нормалардың:  «Әскери  ақпаратпен  жаһандық  алмасу» , «Ядролық , химиялық  және  биологиялық  қарудың  таралмауын   реттейтін  принциптер» , қауіпсіздіктің  әскери – саяси  аспектілеріне  қатысты  ЕҚЫҰ- ның  қауіпсіздік  Кодексінің (1994 жыл  Будапешт)  орындалуына  Қазақстан  мүше - мемлекеттердің  қатысуын  ұйымдастыруға көп көңіл бөлуде.  1996  жылы  қабылданған  ХХІ  ғасырдағы  Еуропаға  арналған  ортақ  және  барлығын  қамтитын  қауіпсіздік  моделі  туралы  Лиссабондық  декларация  Еуропада  ядролық  қарудан  еркін  аймақтарды  құруға  шақырады.  ЕҚЫҰ-  ның  шеңберінде  мемлекеттердің  әскери – саяси  ынтымақтастығын  тереңдету  мәселесі  ЕҚЫҰ  күн  тәртібінің  жеке  бір  мәселесі  ретінде  қарастырылуда ,  өйткені  ұйымның  негізгі  міндеті – қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету [2.1б.].

  Қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  механизмін  жетілдіру  мәселесін  шешу  де  қажет,  оның  көмегімен  қақтығыстардың  алдын  алып , Балқандардағы  қанды  қақтығыс  секілді  жағдайларға  жол  бермеуге  көмегін  тигізеді.  Ол  үшін  Балқандардағы ,  Днестр  бойы (Молдова), Таулы  Қарабахтағы , Солтүстік  Кавказдағы  қақтығыстардың  негізін  түпкілікті  зерттеп , зерттеу  нәтижесі  бойынша талқылау жүргізіп , ЕҚЫҰ- ның  деңгейінде  шешім  қабылдаудың  мағынасы  бар[3.2б.]. 

   ЕҚЫҰ- ның  мүшелері  болып  табылатын  Орталық  Азия  аймағының  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  мәселесі  де  қазіргі  таңда  өте  өзекті.  Орталық  Азия  аймағына  жақын  орналасқан , тіптен  бұл  аймаққа  кіретін  Ауғаныстан  Республикасы  жөнінде  сөз  қозғап  отырмыз.  Бүгінде  бұл  мемлекетте  ЕҚЫҰ-ның  мүшелері  болып  табылатын  мемлекеттердің  көпұлтты  күштері  бұл  елде  қалыптасқан  қарама – қайшылықтарды  шешуге  талпынып  жатыр.  Бұл  мәселені  ЕҚЫҰ-ның  шеңберінде  қарастыру  және  ол  бойынша  рационалды  шешімдердің  қабылдануы – бұл  елде  және  аймақтағы  шиеленісті  азайтар  еді. 

  Қазақстан  болса ,  ЕҚЫҰ-ның  Төрағасы  ретінде  ЕҚЫҰ  құрылымын  жетілдіру  ісіне  өз  үлестерін  қос  алатын  еді.  Біз  білетіндей , ЕҚЫҰ- ның  Бас  хатшысы  өзінің  өкілеті  мен  статусы  бойынша  ЕҚЫҰ- ның  басты  басқарушы  тұлғасы  емес , бірақ  бұл  лауазымның  иесі  ұйым  қызметінің  ағымдағы  міндеттерін тиімді  шешімдермен  қамтамасыз  ете  алады.  Сондықтан , 1992 жылы  қызметі  бекітілген  ЕҚЫҰ  Бас  хатшысының  өкілеттілігін  кеңейтудің  де  мағынасы  бар.  Ал  Төраға  өкілеттілігінің  мерзімі  3-4 жылға  дейін  ұзартылған  жағдайда , Төрағамен  және  басқа  да  қатысушы  мемлекеттермен  қойылған  міндеттерді  шешуде  көлемді , маңызды  істер  жасауда  үлгеретін  еді [3.2б.].

  ЕҚЫҰ – еуропалық  континентте  қауіпсіздік  пен  ынтымақтастықты  қамтамасыз  ету  мәселелерімен  айналысатын  беделді  халықаралық  ұйым.  Басқа  да  континенттерде  ЕҚЫҰ-на  ұқсас  ұйымдар  қызмет  атқаруда.  Мысалы  , құрылуына Қазақстан  бастамашы  болған  , Азияда  АӨСШК-  Азиядағы  өзара  ықпалдастық  пен  сенім  шаралары  бойынша  Кеңес  жұмысын  атқаруда.  Ал  Қазақстан  еуроазияттық  ел  есебінде , АӨСШК  құрылуына  бастамашы  болған  ел  ретінде  , бұл  екі  ұйымның  арасында  байланыстырушы  негіз  ретінде  өзін  көрсете  алады.  Конференциялар  мен  семинарлар  көмегімен  бұл  екі  ұйым  еуропалық  және  азиялық  континенттерде  қауіпсіздік  пен  ынтымақтастықты  сақтау  бойынша  өздерінің  тәжірибелерімен  бөлісе  алар  еді.  ЕҚЫҰ- ның  атауы  мен  қызмет  ету  аясының   басым  көпшілігі  азиялық  ШЫҰ – Шанхай  ынтымақтастық  ұйымы  ұқсас.  Бір мезгілде  ШЫҰ -на  және  ЕҚЫҰ-на  мүше  болған,қазіргі таңда ЕҚЫҰ-ның төрағасы ретінде Қазақстанның екі жақтың ынтымақтасуында байланыстырушы рөлін атқару міндеті тұр. 

   Сонымен  бірге , ЕҚЫҰ- ның  қоршаған ортаны қорғау саласындағы бағдарламаларын жүзеге асыруды жалғастыру да Қазақстан міндеттерінің бірі. ЕҚЫҰ жаһандық экологиялық мәселелерді, соның ішінде бұрынғы емей ядролық полигоны мен Арал теңізіне қатысты мәселелерді шешуде жағымды рөл атқара алады [4.1б.]. 

  Әлемде азық – түлік дағдарысы дами түсіп, азық – түлікке деген  бағалар көтеріліп, ЕҚЫҰ-ның құрамына кіретін елдерде де дағдарыс сезілетіні анық.Сараптамашылардың болжамы бойынша азық – түлік дағдарысы 2015 жылға дейін жалғасуы мүмкін.  Сондықтан , бүгінг күнде азық - түлік дағдарысының өсуіне қарсы  шаралар  жөнінде мәселені ЕҚЫҰ -ның күн тәртібіне қоюымыз керек. Бүкіләлемдік экономикалық форумның Таяушығыстық сессиясында Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә Назарбаев азық – түлік қауіпіне байланысты Қазақстан жерін астық, күріш және  басқа да дәнді – дақылдарды өсіру үшін қолдануға әр түрлі мемлекеттердің инвестициялар құюының мүмкіндігі туралы ұсыныс жасады.  Бұл идеяны  ЕҚЫҰ-ның қатысушы-мемлекеттерге де қолданыла алады. Олар да Қазақстан жеріне инвестицияларын құя алады. ЕҚЫҰ ның қатысушы-мемлекеттерінің шетелдік  корпорациялары (АҚШ, Ұлыбритания, Норвегия және  басқалары) Қазақстанның  мұнай – газ өндірісіне көп мөлшерде қаржы инвестициялап, бұдан  сол елдер мен олардың  халықтары мен Қазақстан да пайдасын көреді. Осыны астыққа да қолдануға болады, және тек Қазақстан жерінде ғана емес, Ресей , Украина , Орталық  Азия мемлекеттерінің жерінде жүзеге асыруға болады. Мемлекеттердің ынтымақтастығы арқылы азық – түлік дағдарысын жеңіп шығу ЕҚЫҰ қызметінің басты векторларының біріне айналар еді [5.11б.].

ЕҚЫҰ-ның барлық  қатысушы-мемлекеттері  жоспарлы  экономикадан экономиканы басқаруда нарықтық әдістерді  қолданатын экономикаға көшті. ЕҚЫҰ-ның батыстық қатысушы елдерінің нарықтық экономиканы жүргізуде үлкен тәжірибеге ие. ЕҚЫҰ-ның басқарушы органдарында нарықтық экономиканы жүргізудің тәжірибесін беру формаларын талқылауға болатын еді.[5.13 б.]

  Еуропалық мемлекеттерінің теміржол рельстерінің ені ТМД мемлекеттерімен салыстырғанда, соның ішінде Қазақстанмен де салыстырып қарастырғанда ені бойынша әр түрлі екенін білеміз. Еуропадағы рельс абанының ені 1435 мм құраса, ТМД елдерінде ол 1520 мм құрайды. Еуроазиялық кеңістікте жыл сайынғы жүктердің қозғалысы 600 миллиард долларға бағаланады. Сонымен  қатар, қаржы мен қатар уақыт та үнемделінбейді. ЕҚЫҰ -ның қатысушы мемлекеттері теміржол колеясының енін  өзгертетін мемлекеттердің темір жол саласына инвестициялар  құю мәселесін талқылап, Еуропалық  Одақ, ЕурАЗ эқ – ТМД, БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссия (ЕЭК), Азия мен Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссия (ЭСКАТО)  , Еуропалық қайта құру мен даму банкі және Азиялық даму банкі потенциялдарын қолдану  арқылы барлығын бірден емес біртіндеп жүзеге асыруға мүмкіндік бар.

  ЕҚЫҰ -ның Төрағасы ретінде 1975 жылғы ЕҚЫҰ -ның алғашқы және негізгі құжаты Хельсинкилік Қорытынды актісі талап еткендей, Қазақстан да мемлекеттердің бұл жаһандық транспорттық экономикалықынтымақтастығының нығаюына айтарлықтай үлкен рөл атқарып,  транспорттық  жүйенің дамуына үлесін қоса алады [6, 35б.].

  Қазақстанның  2010 жылы  ЕҚЫҰ-ға төрағалығы аталған халықаралық Ұйымға Шығыс Еуропа елдері мен ТМД мемлекеттерінің сенімін нығайтуды жоспарлауда. Қазақстан өзінің ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезеңінде, Ауғанстанды қоса алғанда,  Орталық  Азия проблемаларына назарды күшейтетінін және лаңкестікпен , ұйымдасқан қылмыспен  , есірткі  трафигімен , адам және қару – жарақ саудасымен күрес бағыттарында  белсенді жұмыс жүргізу қажеттігін басты міндеттерінің бірі деп есептейді.Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы үндестікті сақтаушы ретінде Ұйымның рөлін нығайтуға талпынуда [2.1б]. 

  Жоғарыда көрсетілген кейбір міндеттер Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалық етуінің басымды міндеттері ретінде белгілей аламыз,ал Қазақстан олардың міндетті түрде орындалуына бар күшін салуда.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Парламентский день Президента.//Казахстанская правда.Астана.- 2008.-№113-114 (25560-25561).-29мая. – С.1

 2.Қазақстан және халықаралық ұйымдар.Қазақстан Республикасы мен Еуро-падағы Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ) арасындағы ынтымақтастық.2010  ж.Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасы.//http:www.mfa.kz

3.Қазақстан «Төраға» деп саналады. //«Ел». 4-5 желтоқсан, 2007.-Б.2

4.ЕҚЫҰ-2010.http//portal.mfa.kz

5.Сотрудничество Республики Казахстан с ОБСЕ.- Алматы,2007.-230с.

6. С.Т.Турсунов.Проблемы общеевропейской безопасности.Вклад Казахстана в деятельностьОБСЕ.Актуальные проблемы внешней политики Республики  Казахстан.МИД РК,Алматы, 1998,-38 с.

7. «Егемен Қазақстан»,2009,№ 11-24,2010,№ 9-13

 Қилыбаева Б.Қ.

  т.ғ.к.доцент,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ,

Аймақтану кафедрасы


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз