Басты бет Әдістік жабдықтар Пәнаралық зерттеулер Әдістемелік еңбектер Бүгінгі тарих-жаңа ғылыми бағыт Әлеуметтік өзара қатынас Қуатты Қазақстан – ұлттық идея доктринасы болуы керек

Қуатты Қазақстан – ұлттық идея доктринасы болуы керек

06 Қыркүйек 2013
308
0

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин, рухани негізсіз, экономикалық модернизация мүмкін еместігіне қатысты: «Любая модернизация, вне национальных традиций, обречена на неудачу» деп, Қазақ елінің ХХІ  ғасырдағы саяси-экономикалық даму бағытын нақтылады.
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасымыз Н.Ә. На­зарбаев «Нұр Отан» ХДП ке­зектен тыс ХІІ съезінде, егемен­ді ел тарихында алғашқы рет, идео­логиялық бағытымызды белгілеп: «Дағдарыс ашып көр­сеткен ішкі проблемалардың үлкен бір бөлігі, қоғамның рухани ахуалымен байланысты 
«Нұр Отанның» идеологиялық жұмысы, қоғамда рухани-па­расаттылық құндылықтардың жаңа жүйесін орнықтыруға ба­ғыт­талуы тиіс» деп, нақты белгілеп берді. Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Қа­зақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын қабылдап», «жеке тұлғаның рухани жағынан қалыптасуы, барлық тәрбие үдерісінің өзегі болып тұр» деп нақтылады. Астанада бас қосқан Әлем діндері көшбасшыларының съезі, адамзаттың үшінші мың­жыл­дықта тек рухани негізде ғана біріге алатындығының дәле­лі ретінде, Қазақстан халқы ас­сам­блеясы жұмысы негізінде, «Ел бірлігі доктринасы» қабыл­данып, үшінші тарауы, бірлік пен бей­бітшілік, теңдік пен жасам­паз­дыққа негізделген, «Ұлт рухын дамыту» қағидаты бекітілді. 

Айналамызды қоршап тұрған материалдық дүние ой-сана эволюциясының жемісі болған­дықтан, алғашқы тас құрал-сай­ман­нан бастап, жабайы атты қол­ға үйретіп, шалбар, дөңгелек, арба, т.б. материалдық құн­ды­лықтар ойлап тауып, адам­за­ттың мәдени-экономикалық дамуына үлес қосқан, бүгінгі қуатты Қазақ еліміз.
Ұлт рухын, көк Туымыздағы қырандай биікке самғатқан, Есік қорғанынан табылған, Алтын Адам сияқты мұраларымыз, (кешегі шумер (кеңгір), сақ (скиф), көк түрк (түрк қытай сөзі, тәңір – құты, қуатты мемлекет – деген мағынаны білдіреді), тү­ріктің түп қазығы – қазақ (қа­лай оқысаң да «АҚ» – деген сөзден тұратын, «КЕҢ» – деген ұғым. «Кең болсаң, кем болмай­сың» деген осыдан шыққан), хал­қы­мыздың болашаққа нық басқан, тереңде жатқан, тарихи және мәдени сабақтастығына дәлел. 
Адам Ата – Хауа Ананың мөл­­дір махаббатына себепші бол­ған, ал­ғашқы алма жемісі (Алма алуға болмайды – деген қазақ сөзі) мен сұлулықтың нышаны қызғалдақ та қазақ жері, Алатау шыңы мен бөктерінде, Алмалы қазіргі Ал­ма­ты маңында пайда болғанын, ағылшын мен француз ғалым­дары дәлелдеп берді. 

Тарих кеше, бүгін, ертеңнен тұратындықтан, егеменді ел бо­лып, Елбасымыздың ұсынысы­мен, ұрпақтар болашағы, рухани алтын ғасырға бағытталып, қолға алынып жатқан, қуатты Қа­зақ­стан – ұлттық идея доктринасы, әлемге қазақ халқын, ХХІ ға­сырда тіл, дәстүр, діл, тарихи шындық негізінде ұлт рухын көтеріп, болашаққа нық басқан ел ретінде, үш бөлімнен тұруы қажет.
1. Қазақ елі – кеше. 
 (cаяси-мәдени (тіл, дәстүр, діл, тарих, ғылыми), әлеуметтік, саяси-экономикалық даму).
2. Қуатты Қазақстан – бүгін. 
 (бірлік, теңдік, ұлт рухын дамыту негізіндегі, саяси-мә­дени (тіл, дәстүр, діл, тарих), ғы­лыми-техникалық, әлеуметтік-эконо­микалық даму)
3. Қуатты Қазақ елі – ертең. 
(бірлік, теңдік, ұлт рухын да­мыту негізіндегі, саяси-мәдени (тіл, дәстүр, діл, тарих), ғылыми-техникалық, әлеуметтік-эко­номикалық даму) адам­за­тының рухани алтын ғасырына ба­ғытталған қуатты Қазақстан ұлттық идея доктринасы, рухани және материалдық құндылық­тарды өмірге келтіретін сана жемісі, идеялар туындататын даналықты меңгерген, ақыл- парасат иесі, интеллектуалды ұлт қалыптастыру механизмдерін іске асыратын құжат ретінде жазылып, қабылдануы қажет. Сонда ғана ол адамзатқа үлгі, өніп-өсіп, өркендеген ел док­тринасы ретінде, барша халқы­мыздың мүддесіне сай, ұрпақ­тардың жарқын болашағына кеңінен жол ашатын құжат ретінде жемісін береді.
Доктрина корпоративті мә­дениетімізді ұлт рухын көтеру арқылы іске асыратын құжат ретінде жазылуы үшін, адамның жаны мен тәні сияқты, корпо­ра­ция формасы болса, қозғаушы күші оның жаны тіл мен дәстүр, діл, тарихи шындықты бойына сіңіріп, дүниетанымы қалып­тас­қан, даналықты меңгерген ақыл-парасат иесі, интеллектуалды ұлт негізі, рухы биік тұлға болуы керек. Осы екі мәселені ұштас­тыратын, қуатты Қазақстан – ұлттық идеясы болып тұр.

Қазіргі ғылымда, өмірге бір­жақты, материалистік тұрғыдағы көзқараспен қарау негізінде, қа­лыптасқан түсініктер бойынша: 
Адам дегеніміз – «Homo sapiens» түріндегі, сүтқоректілер қа­тарына жататын саналы жануар. Өмір мәні – әркім өзінше тү­сінетін ұғым.Тәрбие дегеніміз – (ҚР Білім және ғылым министрлігі тәрбие тұжырымдамасына сай) қойыл­ған мақсатқа жетуге бағытталған, тәрбиешілер мен тәрбиеле­нуші­лер­дің өзара тиімді іс-әрекеті – достастық. Әркімге бір еліктеп, жалтақ­таудан туындап жатқан, осындай ұғымдар мен түсініктер, егеменді ел дүниетанымына әсер етіп, дамуымызға кедергі болуда. Сол себепті доктринаның қабылдануы, алдымыздағы кем дегенде жүзжылдық межені қамтитындықтан, ел үшін ерекше стратегиялық құжат пен заңдар, өз рухани дүниетанымымызға сай, ана тілімізде жазылып, өзге ұлт дүниетанымынан туындаған заңдардан көшіруді азайтсақ қана, ұлтымыздың бай қазынасы – рухы, жарыққа шығып, санасы оянып, дамуға көшері анық. 

Әр жүз жылда ұғымдар өзгеріп тұратындықтан, рухани алтын ға­­сырға бағытталған бағдарлама жасау мақсатымен, 2005 жылы Алматы мектептерінде экспери­мент ретінде қолға алынып, 2009 жылдан бастап «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратының қолдауы­мен «Ақбастау – рухани тазалық ұстанымдарына негізделген, жүйелі ой-сана қалыптастыруға бағытталған, кешенді тәрбие бағдарламасы» өз жемісін беріп, қуатты Қазақстан – ұлттық идея­сын іске асыруға бағытталған, интеллектуалды ұлт қалыптас­тыру механизмі, әлем ғылымында осы уақытқа дейін шешімі табыл­май келген, қазақстандық брэнд, «рухани заңдылықтарға негіз­дел­ген, адам ой-санасы жұмыс жүйесінің, пирамидалық құры­лы­мының галограммасы» немесе тұмар жүйесі ғылыми жаңалық ретінде іске асырылып, авторлық құқыққа ие болды.
Қуатты Қазақстан – ұлттық идеясын іске асыруға бағытталған, кейбір ұғымдарға түсініктер:

Қуатты Қазақстан – ұлттық идеясы деген не?
Ұлттық (діл) идея, адам өмірі­нің мәнінен туындайтын ұғым. Адам өмірінің мәні – өмір сынақ­тары (қиындықтары) арқылы, рухани жетілу болса, адамдар қауымдастығы, мемлекеттің ұлттық идеясы, рухы күшті, қуат­ты мемлекет қалыптастыру. Яғни «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын іске асыруға ба­ғыт­талған, алтын ғасыр док­три­насы.

Доктрина деген не?
Доктрина – лат. «doctrina», ілім, ғылым, оқыту, білімділік. Әрбір ұлт, халықтың, тіл, дәстүр, діліне қарай, қалыптасқан дүние­та­нымына сай ұстанымдары негі­зіндегі, саяси, теориялық даму бағытына, заманауи көзқарас. 

Рух дегеніміз не? 
Рух дегеніміз – мәңгі, шексіз, еш нәрсеге мұқтаж емес, бірлікке негізделген, махаббат пен мейі­рім­нен тұратын, таза сана негі­зіндегі, ақыл-парасат, ғаламдық қуатты өрістік негіздегі толық же­тілген ақпараттық жүйе, бар­лық жаратылыс негізі.
Адам дегеніміз кім?
Адам дегеніміз – жан мен тәннен жаралған, 12 мүше, 62 тамыр, 72 буыны санаға қызмет жасайтын, толық жетілген рух­тың жетілмеген, жер жағдайын­да, өмір сынақтары (қиындық­тары) арқылы, білім мен тәжірибе негі­зінде, рухани заңдылықтарды мең­геру арқылы жетілетін бө­лігі.

Өмір мәні неде?
Өмір мәні – өмір сынақтары (қиындықтары) арқылы рухани жетілу. 

Тәрбие дегеніміз не?
Тәрбие дегеніміз – адам бойындағы, ата-баба тегінен, әкесі мен анасы арқылы келе жатқан, шежірелік, генетикалық ақпараттарды баптау. Мінезіңнің жақсы жақтарын күшейтіп, жаман жақтарын басу арқылы, өзіңді-өзің жетілдіру.
Ұлттық тәрбие негізі, рухани та­залық ұстанымдарының көр­сет­кіштері:
– Ой-сана, ниет-пиғыл таза­лығы;
– Гигиеналық дене тазалығы; 
– Сөз тазалығы; 
– Іс-әрекет тазалығы;
– Көркем мінезге сай, адамдар арасындағы қарым-қатынас таза­лығы;
– Экологиялық сана негі­зіндегі, қоршаған орта мен та­биғатқа деген тазалық. 

Бақыт деген не?
Бақыт дегеніміз – рухани заңдылықтар негізінде, ақ пен қараны ажырата білу арқылы, күнделікті өмірде дұрыс шешім қабылдап, алдыңа қойған мақсат­тарға жете білу.
Интеллектуалды ұлт қалып­тастыру дегеніміз не?
Интеллектуалды ұлт немесе даналықты меңгерген ақыл-парасат иесін қалыптастыру деге­німіз – дәстүрлі рухани заңды­лық­тар негізінде, жан-жақты тазалық ұстанымдарын меңгеру арқылы, ақ жолдың қарасы, қара жолдың ағы болатынын түсініп, бір сөзден-ақ көп нәрсені аңға­рып, сөз астарын түсініп, ақыл-оймен саралап, жақсылыққа даралап, күнделікті өмір сынақ­тарынан, жүйелі ой-сана не­гізінде дұрыс шешім қабылдау арқылы, алға қойған мақсатыңа жетіп, адал да таза өмір сүре білу. 
Интеллектуалды ұлт қа­лып­тастыру механизмі қалай іске асады 

Интеллектуалды ұлт қалып­тастыру механизмі – тіл мен ділімізге, дәстүрлі рухани заңды­лықтарға, заман талабына сай, ғылыми көзқараспен қарап, адам ой-санасының пирамидалық құрылымының галограммасын, күнделікті өмірде дұрыс қолдана білу арқылы іске асады. Әлем тәжірибесі көрсетіп тұр­ғандай, алдыңғы қатарлы дамыған мемлекеттер, ұлт рухын көтеру арқылы, нарықтық бәсекеде, алдыңғы орындарға ие болып, мәдени-экономикалық салаларда ірі жетістіктерге жетіп отыр. Ұлт рухын көтеру арқылы, бір атаның баласы, қуатты Қазақ елі, қуатты Қазақстан – ұлттық идея доктринасын іске асырудың негізі, интеллектуалды ұлт қа­лыптастыру механизмі немесе тұмар жүйесі сан жағынан аз болса да сапа жағынан мықты ұлт дайындауға ауқымды үлес қосары анық. Қуатты Қазақстан – ұлттық идея доктринасы деңгейінде іске асырылатын, интеллектуалды ұлт қалыптастыру механизмі, бақыт пен даму кілті, тұмар жүйе­сін меңгеру, қазақ тілі діл дәстүрін білу арқылы ғана жоғары дең­гейде іске асатындықтан, өзге ұлт­тар тарапынан мемлекеттік тілі­міз, тарих, мәдениетімізге деген қызығушылық пен мұқ­таждық, күннен-күнге арта түсері ақи­қаттың шындығы, ұрпақтары­мыздың жарқын болашағы.

«Тұмар»  жүйесінің авторлары:
Мұхит ӘУЕЛБАЙ, саясаттанушы, 
 Асан Абылай, заңгер,
 Раушан ДҮЙСЕНБЕКОВА, саясаттанушы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз