Басты бет Пәнаралық зерттеулер Экономика Қазақстан территориясындағы кедендік істің қалыптасу жэне даму тарихы (1868-1917 жж.)

Қазақстан территориясындағы кедендік істің қалыптасу жэне даму тарихы (1868-1917 жж.)

06 Қыркүйек 2013
58
0

Зерттеудің  өзектілігі.  Қазакстанның  тәуелсіздікке  жетуі,  саяси- экономикалық либерализация,  елдің  нарықтық  даму  жолына  тұрақтауы мемлекеттіқ нарықтық  экономика талаптарына  сәйкес  қүрылымдарын  дамыту қажеттілігін  тудырды.  Елімізде  болып  жатқан күрделі,  ауқымды  өзгерістер тұсында  өзінің  табиғи  қызметі  бойынша  нарықтық қатынастардың  жетелеуші институттарына  негізделу  қажет.  Осындай  мемлекет  өміршеңдігі деңгейіндегі маңызға ие  қазіргі  құбылысқа  -  кедендік  іс жатады.  Егер  де,  қазақ даласының Ресей  империясының қоластындағы кезеңде  аталған  сала  белгілі  бір дәрежеде дамып,  кең таралса,  жетпіс  жылдық кеңестік  жүйенің  қоластында  болған  елде орталықтанған,  жоспарлы  экономика  жағдайында  аталған  құрылымдардың манызы  мен  кызметі  шектелді.  Сондықтан,  Қазақстан  үшін  толық  таным болмаган  даму  жолынын  айнымас  қүрылымдарын,  кұбылыстарын  түсініп, қолдана білу үшін оның тарихи тәжірибесін зерттеу қажет.

Бүгінгі күні  ғылыми айналымға қосылуға тиісті мұрағаттық және басқа да деректер Ресей империясының аймақтағы кедендік саясаты отарлау саясатының құрамдас  бөлігі  болып,  оның  жалпы  отарлаушылық  мүдделермен  үндестігі, ортақтастығы,  аймақтағы  кедендік  құрылымдардың Ресей  үшін  өлкедегі экономикалық  мүдделерінің  қорғау  қүралына  айналғаны  туралы пайымдауға мүмкіндік  береді.  Сондықтан,  Қазақстандағы  Ресейдің  отаршылдық экономикалық саясатының  бейнесін  толыққанды  ашып-көрсету  үшін  отандық тарихтың  өзекті  мәселелер қатарына  жататын  өлкедегі  кедендік  іс  тарихына ден қойып, арнайы зерттеудің қажеттілігі туындады.

Ресей  Батыс Қытаймен шекаралас шығыс және  оңтүстік-шығыс Қазақстан өлкесіне  тек  XIX ғасырдың  ортасында  әскери-саяси  әрекеттерді  жүзеге  асыру барысында  өз  билігін  орнатты. Кедендік  құрылымдар  Ресей  үшін  аймақтағы маңызды ішкі және сыртқы саяси міндсттерді шешудің, аймақты шаруашылық игеруді  жеделдетудің,  оны  ресейлік  капитализм  шеңберіне  қосудың қүралына айналды.  Осы  геосаяси  жағдайы  қиын  аймақта  көршілес  Қытаймен  қарым- қатынастың негізгі  қагидалары  қалыптасты.  Бұл  орайда,  Ресей  империясының Қытайдың  Шыңжаң  аймағыңда геосаяси  мүдделерінің  ерекше  маңызын,  оның ресейлік  мануфактуралық  тауарларды  өткізудің нарығы  ретінде  қарастырған капиталисттік шоттар үшін экономикалық маңызын атап өгу керек.

Геосаяси  фактор  ресей  кедендік  саясатының  Батыс  Қытайға  көзделген бағытына  маңызды  әсер  етті.  Кедендік  бақылауды  орнату, -өз, мүдделеріне сай кедендік  баждардың  мөлшерін  және  жеңілдіктер  сипатын  реттеу  -  сауда- экономикалық  қатынастар  тарихының  ажырамас  бөлігі  болып  табылады. Қазақстан,  Орта  Азия  және  Батыс  Қытай  аймақтарын  дүние  жүзінің  кедендік мәселелері  геосаяси  сипатқа  ие  болған  аймағы  ретінде  бағалауға  болады. Осының барлығы  тарихи  ретроспективадағы  патша  үкіметінің  кедендік саясатының  аймақтық  мәселелерін, кедендік  қүрылымдар  тарихын  көтеруге, Ресейдің  аймақтағы  кедендік  саясаты  мен  осы саясаттың  құралы  ретінде қалыптасқан  кедендік қызметтің қалыптасу  және даму тарихын  қазіргі тарихи ғылымның өзекті мәселелері қатарына қоюға негіз болды.

Қазақстан территориясындағы кедендік істің қалыптасу жэне даму тарихы (1868-1917 жж.) 

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз