Басты бет Көмеков Болат Ешмұхамедұлы

Көмеков Болат Ешмұхамедұлы

05 Қыркүйек 2013
101
0

Көмеков Болат Ешмұхамедұлы – Қазақстан және Орталық Азияның ортағасырлық тарихының, қыпшақтану, тарихи география және ІХ-XVII ғғ. араб, парсы және түркі жазба ескерткіштерінің маманы, тарих ғылымдарының докторы (1993), профессор (1996), ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі (1995), ҚР ҰҒА академигі (2003).

  Ташкент мемлекеттік университеті шығыс факультетінің араб бөлімін бітірген (1963),

Египеттің Асуан қаласында аудармашы (1964-1965),

ҚазКСР ҒА Тарих, археология және этнография институтының аспиранты, кіші, аға ғылыми қызметкері (1964-1974),

ҚазКСР ҒА Тарих, археология және этнография институтының Ежелгі және ортағасырдағы Қазақстан тарихы бөлімі меңгерушісі (1974-1996),

Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері (2013).

Көмеков Б.Е. алғашқылардың бірі болып қимақ мемлекетінің өмір сүргендігі жөніндегі мәселені дайындап қалыптастырды, Қыпшақ хандығының рөлі анықталып, құмандардың жеке этникалық мәртебесі жөніндегі мәселе шешілді.

Тарих ғылымдарының 2 докторы мен 8 кандидатын дайындаған.

Ерең еңбегі үшін төс белгімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған. Қырғызстан Республикасының Құрметті азаматы.

Оның жемісті ғылыми қызметі 450-ден астам еңбектерінде, оның ішінде ұжымдық іргелі жұмыстарында, монографиялары мен оқу құралдарында көрініс тапты.


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз