Басты бет Едігенов Нұри

Едігенов Нұри

05 Қыркүйек 2013
80
0

Едігенов Нұри 1923 ж. туылған.

Мектептен кейін ҚазКСР Жоғары сотында сот коллегиясының хатшысы болып қызмет етті  (1942), Қазақстан КП(б) ОК жанындағы курста оқыды,

С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университеті тарих факультетінің студенті (1946-1951), КСРО халықтарының тарихы кафедрасының аспиранты,

ҚазМУ және киномеханика мектебінің оқытушысы (1954-1956),

ҚазКСР ҒА Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының кіші ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері (1956-1990).

Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру тарихы бойынша құжаттық жинақтар құрастыруға атсалысты. «Естеліктер кітабы» (Книга памяти) шығармашылық тобының құрамында құрастырушы автор ретінде жұмыс жасады (1990-1999 жж.). Қазақ Совет энциклопедиясында Н.Едігеновтың 200 шамасындағы түрлі тарихи тақырыптардағы материалдары, тарихи тұлғалардың биографиялық мәліметтері жарияланған. 

Институттың Ардагерлер кеңесінің төрағасы.


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз