Басты бет Герасимова Элеонора Ивановна

Герасимова Элеонора Ивановна

05 Қыркүйек 2013
137
0

Герасимова Э.И. – революцияға дейінгі қалалардың әлеуметтік-экономикалық тарихы мәселелерінің маманы, тарих ғылымдарының кандидаты (1965).

Н.Г. Чернышев атындағы Саратов МУ тарих факультетін тәмамдады (1955),

Тәжікстан КСР-да Ленинабад техникалық училищесінде оқытушы болып қызмет атқарды (1955-1956),

ҚазКСР ҒА тарих, археология және этнография Институтының жаңа тарих бөлімінің аға лаборанты (1956),

Институт аспиранты (1960-1963),

ҚазКСР ҒА қоғамдық ғылымдар бөлімінің референті (1963-1964),

ҚазКСР Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография Институты революцияға дейінгі Қазақстан тарихы бөлімінің аға лаборанты (1964-1965),

КҒК, АҒК (1965-1990), Институттың ғылыми хатшысы (1984-1985),

«ҚазКСР мәдениеті тарихы және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің меңгерушісі (1985-1990).

Ы. Алтынсариннің шығармалар жинағын дайындауда, Қазақстан тарихы көптомдығын және Қазақстан қалалары тарихы бойынша монографиялық зерттеу жұмыстарына ат салысты.

Қазақстанның ОК ЛКСМ Құрмет грамотасы және ҚазКСР Президиумының «Білім» қоғамдастығының мерейтойлық грамотасымен марапатталды. 


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз