Басты бет Пәнаралық зерттеулер Әдістемелік еңбектер Отандық зерттеулер Мемлекеттік құрылыстың қазақстандық үлгісі Мемлекет және оның басқару формаларының даму проблемасы жайында

Мемлекет және оның басқару формаларының даму проблемасы жайында

05 Қыркүйек 2013
149
0

Мемлекет, оның түпкі мәні, басқару формалары туралы мәселе қоғамдық ойдың бүкіл біз білетін тарихында ең өзекті мәселелердің бірі ретінде қаралып келді, әлі де жан-жақты талқылануда. Қазіргі кезеңде бірақ мәселе көбінесе тарихи, социологиялық, саясаттану жағынан талданып жатады. Көп жағдайда мемлекет, билік, олардың формаларының түпкі мәні туралы мәселелер зерттеушілерді алаңдата қоймайтын сияқты. Мемлекеттің не екендігі, басқа әлеуметтік түзімдерден ол қай ерекшелігімен ажыратылады деген сауалдарға жауап әлдеқашан айтылған анық нәрсе сияқты көрінуі де мүмкін. Әсіресе, күнделікті саяси өмірде солай қабылданады. Өйткені эмпирикалық жағынан, күнделікті тәжірибеде ол анық нәрсе сияқты. Ал шын мәнінде сол күнделікті тәжірибенің өзі ондай анықтықтың жоқ екендігін көрсетеді. Мысалы, мемлекеттің өзі қоғамға, халыққа не үшін керек екендігі туралы сан түрлі, тіпті бір-біріне қарама-қайшы көзқарастар орын алуда. Азаматтардың әртүрлі топтары оны әртүрлі түсінетіндіктен олардың арасында әлеуметтік қайшылықтар туындайды, туындап та жатыр. Олай болса, мемлекеттің, оның формаларының жалпы метафизикалық, яғни философиялық түпкі мәнінің проблемасы әлі де өзінің өзектілігін жойған жоқ, қайта оны айқындаудың қажеттілігі қазіргі кезеңде, әсіресе қазіргі Қазақстанда артып отыр дей аламыз. 

8.1.3.3. u041au0430u0437.u043cu043eu0434u0435u043bu044c u0433u043eu0441.u0441u0442u0440u043eu0438u0442u0435u043bu044cu0441u0442u0432u0430.pdf 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз