Басты бет Тұңғыш Президент Стратегиялық жоспарлауды ұсынушы Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» (1999) кітабындағы ұлттық тарих пен ұлт этногенезі Қазақ халқы шығуының антропологиялық аспектісі

Қазақ халқы шығуының антропологиялық аспектісі

04 Қыркүйек 2013
388
0

Қазақ халқы этносы пайда болуының қайнар көзін іздеу өте қиын және де Қазақстанның ежелгі уақытын зерделеумен, сондай-ақ Еуразияның ауқымды этногенетикалық үрдістерінде қатысқан іргелес аумақтармен тығыз байланысты.

Қазақ халқы шығуының көптеген аспектілері арасында екі өзектісі бар: лингвистикалық және антропологиялық. Екі үрдіс қарастырылатын аумақта қатар келеді, ең бастысы – тарихи вертикаль бойынша дамыды деп айтуға барлық негіз бар. Осындай тәсіл сабақтастық пен сақталып қалған «арғы ата» белгісін байқауға мүмкіндік береді. Расында да, жекелеген тарихи кезеңдерде жатық сызықтар бойынша даму да белгілі бір қызмет етті. Көнеде өңірдің байырғы тұрғындарында жалпы лингвистикалық және антропологиялық негіз болған, және де қазіргі замандағы ұрпақта генетика бойынша санатқа бөліну негізінен лингвистикалыққа сәйкес келеді. Қазақстанның ежелгі тарихын екі үлкен кезеңге бөлуге болады: үнді еуропалық және түрік.

Біршама уақыттық алшақтыққа қарамастан, бірінші кезең көрнекті шаруашылық-мәдени салт-дәстүрімен ғана емес, бірқатар белгілі этностық бірлестіктер мен нәсілдік пайда болуының іс жүзінде қалыптасқан кезеңі ретінде көрінеді. Лингвистикалық қатынаста осы кезеңдегі Қазақстанның ғана емес, Еуразияның байтақ өңірінің тұрғындары үнді еуропалық отбасының ежелгі ирандық бұтағына енді. Хронология бойынша қарастырылатын кезең Қазақстанда б.ғ.б. ІІІ-І мыңжылдықты қамтиды.

Осы кезеңмен байланысты, Қазақстандағы бар археологиялық артефактілер көп бөлігінде қола дәуірінің андрон мәдениеті таралғанын куәландырады. Оның батыс бөлігінде ең кеңінен таралған қима мәдениет. Жалпы осы мәдениеттер ашық көрінген өңірлік ерекшелікке ие болған, олар өз кезегінде ерте темір ғасырының кейінгі кезеңінде номадизм түрінде ұрпақтардың жаңа тұрмыс салты үшін негіз болды. Осы кезеңде ерте темір ғасырындағы жергілікті тұрғындардың мәдени-тарихи ортақтығы Қазақстанның қола дәуірімен сабақтас, бұған куә көптеген археологиялық көздер болып отыр, және де еш күмән жоқ.

Қарастырылып отырған кезеңде Қазақстанның аумағы іс жүзінде барша еуразиялық далаға тән «көшпенді үш тағанның» таралу орталығы болады, яғни қаруландырудың классикалық заттары, ат әбзелі және бұйымдарды әшекейлеудегі «аң стилі» әр жерде кездесуінің ареалы болады. Кейбір зерттеушілер болжамдағандай, осы үш тағанның қайнар көзі б.ғ.б. ІІ мыңжылдықтың ортасындағы андрон мәдениетінің ежелгі қазақстандық тайпаларына барып тіреледі. Алайда номадтық мәдениет дамуының аржан фазасының ашылуымен соңғы кезде еуразиялық тайпалардың Хуанхэден Дунайға дейін өңірлік ерекшеліктері жалпы алғанда бүкіл көшпенді әлемнің қарым-қатынасы аясында қарастырыла бастады. Алайда осы ауқымды көшпелі әлемнің өзіндік жергілікті шаруашылық-мәдени нұсқалары болған. Оның бірі ерте темір ғасыр дәуірінің қазақстандағы көшпелі тайпалары болған. Осы кезеңде еуразия даласында жекелеген этнос қоғамдастық ретінде «скифтер» (сақтар) деп аталатын үнді еуропалық тайпалар тіркелген. Осы терминдер іс жүзінде көшпелі тайпалардың қоғамдастығын бейнелейді. Сақ-скиф тайпалық одақтың замандастары савроматтар болған, олар Батыс Қазақстанды және одан тысқары жерлерді мекендеген. Сонымен қатар, ежелгі көздерде еуропа даласында бұлыңғыр оқшаулаумен олардың көптеген сандары туралы айтылады. Сондай-ақ қазіргі әдебиет те олардың орналасқан орны туралы қарама-қайшылыққа толы. Әдебиетте кеңінен жарияланған массагеттер, исседондар, аримаспейлер және т.б. тайпалар. Соңғы жылдардың кейбір зерттеушілері осы және басқа да еуразиялық тайпалардың этнонимдері біртұтас этностық пайда болуды ғана көрсетпей, бірнеше белгілі шаруашылық-мәдени қауымдастығының жалпыланған атауын көрсетеді деп табандықпен баса айтады. Сол себептен ерте темір мен антикалық дәуірдің еуразиялық даласында түрлі көшпелі бірлестіктердің оқшаулауына қатысты  ежелгі жазба көздері мен қазіргі заманғы археологиялық зерттеулердегі этностық анықтамалар тым гипотезалық болып, күрделі зерттеуді қажет етеді, қайта қаралуы да ықтимал. Осыған қарамастан, Қазақстандағы сақ-скиф тайпасының одағы жаңа дәуір межесіне дейін өзінің этномәдени дамуында үнді еуропалық тұтастығын сақтап қалды.

Қола және ерте темір дәуірінде жергілікті тұрғындардың этностық қалыптасу үрдісінің негізінде жатқан, жалпы этномәдени жағдай осындай. Осы кезеңде шаруашылық-мәдени дәстүрлердің, этностық даму мен лингвистикалық жақындықтың маңызды құрамдастардың жиынтығы, жалпы қазақ халықтығын қоса, Қазақстан тайпасы одақтастығының мәдени-тарихи тұтастығы қалыптасуының кейінгі үрдісінің ата-баба негізін қалыптастырды. Қазақстанның этностық археологиясы, этнологиясы, тарихи этнография мен топонимика бойынша зерттеулердің негізгі нәтижелері осының еншісіне айтады. Осы тұжырымдылық жағдай Қазақстанның палеоантропологиялық материалдарында маңызды негіздемені табады.

Түрлі тарихи дәуірде жалпы этномәдени мұраның құнды бағдарының объективті тасығышы, жасаушы және таратушы болып адамның өзі болғаны белгілі. Алайда оның табиғатының биологиялық жағы да бар, онда түрлі туыстық дәрежеде өзара генетикалық байланысты адамдардың табиғи-тарихи туыстығының бір бөлігін құрайды. Адамның генінде оның ішкі және сыртқы ерекшеліктері бар, ал адамдардың туыстық тобы осы ерекшеліктердің белгілі бір кешеніне ие.

Географиялық және тарихи себептерге байланысты, жекелеген этнос топтарында мұра еткен белгілер көрінуінің жиілігі әртүрлі болып өзгеретіні жақсы. Адамдардың белгілі бір қоғамдастығының өкілдері арасындағы бір немесе басқа гендердің таратылу сипаты түрлі кезеңдердегі халықтың этностық тарихы, оның көші-қоны, байланысы, араласуы немесе оңашалануы туралы көп жайттарды айта алады. Осы антропологиялық зерттеудің негізінде бірқатар мыңжылдықтар ішінде Қазақстанды мекен еткендердің генетикалық ерекшеліктерінің этнотарихи даму мен географиялық бөлінуінің қағидаттары жатыр.   

Қола дәуіріндегі Қазақстанның палеонтологиялық деректеріне жүгінейік, себебі бұдан ерте кезеңде табылған адам сүйегі тым фрагменттік көріністе. Палеонтологиялық және археологиялық деректерге сәйкес, осы кезеңдегі қазақстанның ежелгі халқы этномәдени облыстың дәл ортасы – Еуразияда (?) шоғырланып жиналған, және ауқымды антропологиялық пласттың өкілі ретінде болған; протоеуропалық нәсілдік діңінің дала типі. Қазақстан мен Орталық Азияны қосқанда, осы үлкен аймақтың басым бөлігінде үндіирандық мәдени-тарихи және лингвистикалық қоғамдастық тайпалары мекендеген және жекелеп орналасқан ең ерте аумағы болған. Бірқатар мыңжылдық ішінде осы ежелгі өркениеттің тасығыштары кейін таралған өңірлік антропологиялық құрылымдардың қалыптасуында маңызды өзегі болып қала берді.

Палеонтологиялық зерттеулер қола дәуіріндегі Қазақстанның ежелгі популяциясының сыртқы бейнесін сипаттауға мүмкіндік берді. Осы кезеңде оның ауқымды аумағының барлығында ежелгі европеоидтік адамдардың түрлері таралған, алайда басымдылық антропологиялық тип ретінде далалық, сондай-ақ археологиялық мәдениеттің атауы бойынша андрондық болып аталған; оның бас сүйегі мезокранды, беті жазық жатықтағы жалпақ және жақсы пішінделген, мұрын сүйегі қатты шыққан, көз шарасы төмен орналасқан. Сонымен қатар, Қазақстанның Оңтүстік шығыс (Жетісу) және Батыс бөліктерінің кей жерлерінде фенопішін бойынша шығыс орта теңіз нәсілінің жергілікті түрімен ұқсас тайпалар мекендеген. Жалпы осы және жергілікті европеоидтік нәсілдік түрлер Қазақстанның ежелгі халқының әрі қарай гендік өзгеруі өткен қуатты антропологиялық пласты ретінде болды. Сонымен, Қазақстанның ежелгі антропологиялық пластының бастауында шығыс (азиялық) нәсілдік діңі генінің араласусыз, тез ажыратылатын, европеоидтік нәсілдің айқын көрінген нұсқалары болған. Олай болса, Қазақстанның ежелгі популяциясының европеоидтік бейнесі алғашқы кезден бастап байырғы құбылыс еді, және де бейненің маңызды фендік белгілері ұрпақтан ұрпаққа таралған.

Қазақстанның ежелгі темір ғасырындағы дәуірдің палеонтологиясын зерделеу  барлық өңірдің тұрғындары бұрынғыдай қола дәуірінде танымал, европеоидтік нәсіл белгісімен сипатталғанын көрсетті. Басқа сөзбен айтқанда, Қазақстанның қарастырылып жатқан екі кезеңнің халқы арасындағы нақты генетикалық сабақтастығы байқалады. Алайда, ежелгі темір ғасырындағы краниологиялық топтаманы егжей-тегжей талдаған кезде, әлбетте, шығыс шығуының (Орталық Азия) популяциясымен енген, фен-белгінің әсерімен дамыған үрдісін жоққа шығаруға болмайды. Дегенмен, моңғолоид элементтерінің салыстырмалы салмағы Қазақстанның ежелгі популяциясының фено бейнесінде әлі шамалы болған. Жалпы скиф-сақ жергілікті тайпаларында дене бейнесінің 1/6 бөлігі сол кезде «шығыс» кешеніне жатқан, оның өкілдері осы уақыттан бастап осы аумақта тіркеледі. Осы негіз бойынша, б.ғ.б. І мыңжылдықтың ортасы Қазақстанның көне тұрғындарында шығыс популяциясының және метисациялық үрдістің шоғырлануының басы болды деп айтуға болады, осы кезде қарастырылып жатқан өңірдегі «шығыс» нәсілдік діңнің элементтері орта ғасырдың соңғы кезеңіне жақындаған сайын аздап арта бастаған. Ерте темір ғасырында Қазақстанның батыс бөлігінде басқа этно мәдени көрініс байқалады, мұнда скиф-сақ тайпаларының көшпелі бірлестіктері қоныстанған. Осы қоғамдастықтың мәдени ошақтары қазіргі Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облысында табылған. Алайда скиф-савромат уақытындағы ескерткіштердің көп бөлігі Батыс Қазақстан жерінен тысқары, атап айтсақ, Орта және Төменгі Еділде және Оңтүстік Оралда табылған. Осы мәдени қоғамдастықтың даму тарихын кейбір зерттеушілер көрсетілген өңірлермен байланыстырады. Сонымен қатар, Батыс Қазақстанның савроматтары дала аумағының андрондықтарымен антропологиялық байланысты байқайды. Сонымен, ерте темір дәуірінде Қазақстан аймағында біз екі мәдени орталықтарға тап боламыз: скиф-сақтық және скиф-савроматтық. Біріншілердің ұрпағы - андрон мәдениетінің жергілікті популяциясынан болған, ал екіншісінің – қима мәдениетінің ежелгі популяциясының ұрпағы. Сайып келгенде, археологиялық деректер бойынша қазақстандық сақ және савроматтар арасында материалдық мәдениет пен өмір салтында тарихи жақындық байқалады.

Антропологиялық қатынаста Батыс Қазақстандағы савромат-сақ уақытының бас сүйегі европеоидтік нәсілдің оңтүстік тармағымен ашық көрінген фендік бейнесімен сипатталады. Осы нәсілдің ауқымында морфологиялық белгі қатары бойынша олар шығыс жерорта теңізінің антропологиялық типтегі жергілікті нұсқасымен жақындасады. 

Жалпы, қарастырылып отырған өңірдің сақ-савромат тайпалары негізгі краниометриялық белгілер бойынша зор савромат-үйсіндік континуумді көрсетіп, фендік бейне бойынша Оңтүстік шығыс Қазақстанның сақ-үйсін әлеміне жақын болып келеді. Үйсін уақытының палеонтологиялық материалдары көбінесе ақпараттық болып келеді. Б.ғ.б. І мыңжылдықтың соңында Қазақстанның оңтүстік шығыс бөлігінде сақ уақытының этностық бірлестігінің орнына «үйсіндер» этнонимімен жаңа тайпалық одақтастық келетіні мәлім, ол зерттеушілердің жорамалдауы бойынша, шынында сақ мәдениеті дамуының соңғы сатысы болып табылады. Сол себептен, тайпалардың сақ және үйсіндер деп бөлінуі шарты болып табылады, бұл тек бірыңғай этностық қоғамдастық эволюциясының түрлі кезеңдерін бейнелейді. Палеонтология деректері де осының еншісіне айтады.

Үйсін уақытының краниологиялық топтамасын қарастыру келесі кезеңмен үздіксіз генетикалық сабақтастығын паш етеді, яғни антик уақытындағы жергілікті популяциясының антропологиялық негізі бұрынғыдай ежелгі европеиодтық болып қала береді. Шығыс тайпаларының генетикалық қосындысына келетін болсақ, оның салыстырмалы салмағы алдыңғы скиф-сақ дәуірімен салыстырғанда біршама арта түседі. Жалпы жергілікті популяция арасындағы осы құрамдастың үлесі жалпы салмақтан ¼ бөлігін құрады.

Жергілікті тұрғындардың нәсілі құрамында анықталған үрдістің негізі себебі Орталық Азиядан келген ғұн тайпаларының енуімен және қоныстануымен байланысты болғаны сөзсіз. Алайда біздің зерттеулеріміздің осы кезеңінде сармат-ғұн тайпалары бойынша палеоантропологиялық материалдар фрагменттік болғандықтан, жергілікті популяциялардың генофонд нақты үлес енгізу әлі ашылмаған іс болып қалады.

Олардың этномәдени дамуы Қазақстанның ежелгі тарихында терең із қалдырды. Сондай-ақ, жергілікті тайпалардың этномәдени дамуына зор ықпал тигізген, тоқар (юэчжи)? өркениетінің проблемалары, әлі аз пысықталған, келтірілген және де өзге деректердің негізінде б.ғ.б. екі мыңжылдық ішінде Қазақстанның тұрғындары антропологиялық қатынаста морфо-физиологиялық ерекшеліктердің бірыңғай негізіне ие болғанын қорытындылауға болады. Ол әжептәуір тұрақты болды, және де б.ғ. І және ІІ мыңжылдықтарда еуразиялық далада орын тапқан, көптеген заманалық тарихи оқиғаларға қарамастан, кейін Қазақстанның қола және ерте темір ғасырлардағы тұрғындарға тән, қазіргі қазақтардың генетикалық суретінде арғы ата құрамдасы ретінде сақталып қалды.

Б.ғ. І мыңжылдықтың басы Қазақстан және Орталық Азияны қоса алғанда, Еуразияның көп бөлігі үшін этнос және нәсілді гендік дамуының ішкі және сыртқы факторлары қарым-қатынасының жаңа кезеңімен белгіленді, оның салдарынан жергілікті тайпалардың ежелгі мәдени-тарихи өмір салтының түбегейлі трансформациясы басталып, прототүрік этно-мәдени және тілдік қоғамдастыққа көшу жүзеге асты.

Екінші кезеңде көшпелі тайпалардың Батысқа қыруар жергілікті көші-қоны және түрлі көшпелі бірлестіктердің Қазақстан аумағындағы түркітілдес сөйленістердің пайда болуы басталды. Кейінгінің байтақ алаңы тарихи даму және географиялық жағдайына байланысты айтарлықтай тұрақты шаруашылық-мәдени дәстүрімен Шығыс және Батыс арасында көптеген мыңжылдықтар бойы табиғи көпір ретінде болды, ал оның байырғы халқы Еуразиядағы көші-қон жолының тап ортасында болған. Осы кезеңдегі жергілікті генофондтың популяциясына келетін болсақ, бірқатар көші-қон және халықтың араласуы арқылы, оның құрамы, әрине, шығу тегі шығыс елінен болған көшпелі тайпалар тарапынан бірнеше мәрте генетикалық «қосындыларға» ұшырады. Сол уақыттағы Қазақстанның палеонтологиясы мұны айғақтайды (1 суретті қараңыз). Сол гендер ағымының ауқымы әр түрлі болған, әрине, жергілікті популяциялардың фендік бейнесіне белгілі әсер етті. Бұл әсіресе үйсін және түрік кезеңінің краниологиялық топтамаларды салыстырғанда білінеді. Дегенмен, түрік уақытының жергілікті этностық құрылуының басым бөлігі алдыңғы көне тайпалардың генетикалық ерекшеліктерін сақтап, европеоидтік болып қала берген. Қарастырылып отырған уақыттың жергілікті тұрғындарының дене бітіміндегі екі алдыңғы нәсілдің жалпы салыстыруына келсек, монғолоидтік элементінің шартты үлесі генофонд популяциясының 1/3 бөлігін құрады. Жергілікті топтардың бір қатарында араласу деңгейі жалпы генофондтың 1/2 бөлігіне дейін жеткен. Кейбір краниологиялық топтамаларда, әсіресе, б.ғ. VIII-X ғасырлардағы Солтүстік Қазақстанның тобыл жанындағы топтамасында монғолоидтік элементінің шартты үлесі жалпы массадан 2/3 бөлігін құрады. Дәл осындай құбылыс Қазақстанның батыс бөлігіне жақын шекаралас аумақтарда (Еділ маңы және Орал маңы) байқалады, мұндағы ХІ және ХІІ-ХІV ғасырлардағы жергілікті популяция монғолоидтік араласу тұраноидтік (оңтүстік сібір) нәсілдің қазақстандық нұсқаның қазіргі өкілінде сияқты болған. Бұның барлығы ежелгі европеоидтық негізде кірме монғолоидтермен қосылу деңгейі, қазіргі қазақтарға тән сипат, сонау түрік уақытында Қазақстанның жекелеген бөліктерінде орын алған.

Қазақстандық-орта азиялық өңірдің көптеген популяциялары үшін б.ғ. І ғасырдың аяғы және ІІ мыңжылдықтың басы сәтті әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамумен белгіленген. Қазақстанның отырықшы және жартылай отырықшы аудандарында жақын және шалғайдағы тайпалық бірлестіктердің шоғырлану үрдісі күшейді. Осы дәуірдегі Қазақстан халқы үшін жалпы географиялық та, мәдени-тарихи факторлармен келісілген, белгілі бір бірыңғай жалпы этностық негіздің қосылу үрдісі байқалады. Мұндай жайтқа әдетте біркелкі ландшафт пен ұқсас климат аумағында орналасқандық, шаруашылық-мәдени салт-дәстүрдің бір типтілігі, тіл бірлігі мен шығу тегінің ортақ болуы жатады. Алайда, ХІІІ ғ. басында монғолдардың басқыншылығы және Қазақстан аумағында монғол ұлыстарын құруы тұтас қазақ халықтығының этномәдени пайда болуының аяқталу үрдісін қыруар жылдарға тоқтатты. Қазақтардың краниологиялық топтамасын «монғол» және түрік уақытындағы бас сүйектерімен салыстырғанда, бір жақтан көрсетілген кезеңдердің тұрғындары арасындағы үздіксіз генетикалық сабақтастық, екінші жақтан – «шығыс» бағдарынан ген ағымының әрі қарай күшеюі (1 суретті қараңыз). Жалпы, монғол өктемдігі уақытында жергілікті тұрғындардың шығыс құрамдасының шартты үлесі түрік уақытындағыдай өзгерді (шамамен 20%). Осы негіз бойынша монғол экспансиясы орталық азия тайпаларының жаппай қоныс аударуымен немесе жергілікті тайпалардың басқа аумаққа ығыстыруымен қоса болмағанын сеніммен айтуға болады, және де жалпы жергілікті популяциялардың генетикалық құрылымының ауысуын туғызған жоқ. Антропологиялық тұрғыда оның негізгі рөлі өңірдің көне ұрпағы арасында метисациалық үрдістің кезекті күшеюіне әкелді. Сонымен қатар, бүкіл Қазақстан ауқымында «монғол» уақытындағы геннің айтарлықтай үлкен емес ағыны популяцияның фендік бейнесінде шығыс құрамдасының батыс құрамдасынан аса түскені айтарлықтай тиімді болды, яғни байланыс тарихының бүкіл уақыты ішінде жалпы генофондтан енгізілген құрамдастың үлесі 2/3 жетті. Қазақстан халқының антропологиялық құрамындағы басты құрамдастардың арақатынасы соңғы орта ғасыр кезінен бүгінгі күнге дейін айтарлықтай тұрақты болып қалады (2-сурет).

2-сурет. Краниология деректері бойынша түрлі мәдени-тарихи дәуірлерде Қазақстан халқының монғолоидтік элементтерінің шартты үлесі.

Сонымен, Қазақстанның палеонтологиялық материалдары қазіргі қазақтарға тән фендік бейне автохондық европеидтік және енгізілген монғолоидтік – екі үлкен нәсілдің күрдегі қарым-қатынасы негізінде XIV-XV ғасырлардан кешіктірмей біржолата қалыптасқан деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Осының барлығы қазір қазақ халқының антропологиялық құрамының бірыңғай тұтас қоспасын құрайды.

Қарастырылып отырған аспектіде қазіргі қазақтардың антропологиясы бойынша ауқымды да бірегей материалдарда маңыздылығы кем емес ақпарат жатыр. Олардың ішінде қазақтардың краниологиялық топтамалары ерекше орын алады, олар іс жүзінде ең сенімді болып табылады, және де көбінесе қазақтардың нәсіл-гендік салыстырмалы талдау үшін, сондай-ақ Қазақстанның қазіргі және көне тұрғындары арасында генетикалық байланыстың сабақтастығын анықтауда жалғыз көз болып табылады. Солай, қазақ краниологиялық топтамалардың жергілікті алуан түрлілігін детальді зерделеу белгілі бір шамада бірыңғай этностық қоғамдастық ретінде қазақтардың жаппай жиынтығының орнығу кезеңдерінде біртіндеп жиналған, ішкі популяциялық полиморфизмнің ерекшелігін көрсетеді. Тураноидтік нәсілге тән ерекшелігі бар және оның бірыңғай жергілікті нұсқасына жататын, республиканың түрлі аудандарынан бірқатар кранологиялық топтамалар баршылық. Алайда, көне уақыттан бастап, Қазақстанның жергілікті популяциясында метисациялық үрдістердің ұзақтығы және қайталануына қарамастан, олардың арасында европеоид және монғолоид арақатынасында белгілі бір вариабельдік байқалады.

Монғолоидтік элементтердің краниологиялық топтамасы бойынша шартты үлесін анықтау, қазіргі қазақтарда ол 70% шамасында екенін көрсетті. Олай болса, қазақтардың  краниологиялық топтамалардың антропология-морфологиялық ерекшелігінде ежелгі жергілікті субстрат жақсы байқалады, оған бірқатар мың жылдық бойы біртіндеп басым болған монғол шығуының субстрат құрамдасы салынады (2-суретті қараңыз). Жалпы, түрлі биологиялық көрсеткіштер арасындағы айтарлықтай біркелкі өзара байланыстың пайда болуы нәсіл генетикалық үрдістің небір дербестігін растайды, онда ежелгі ата-баба европеиодтың құрамдастың жетекші рөлін тарихи тұрғыдан белгіленген. Осы құрамдас іс жүзінде қазіргі қазақтардың дене бітімінде ұсынылған.

Дәл осындай антропологиялық жағдай жалпы фен-маркерлердің басқа да жүйелерінде, әсіресе антропометрия, изосерология, дерматоглифика және одонтология деректері бойынша көрінеді. Нәсілдік соматология бойынша алынған негізгі нәтижелер қазақтар орналасқан жерлердің барлығында айқын байқалатын гомогендікпен сипатталады және бірыңғай антропологиялық фенбейнесі бар. Қазақстанның қазіргі аумағындағы нақты өңірлік оқшаулауға сәйкес, олардың антропологиялық түрін «аралас тураноидтік нәсілдің қазақстандық үлгісі» деп атауға болады. Осы нәсілдің құрамында, жоғарыда көрсетілген үлгіден басқа, мамандар тағы екі оқшауды бөліп көрсетеді: тяньшань қасындағы және алтай-хаяндық, олардың үлгілік өкілдері ретінде қырғыздар мен хақастар танылады. Топтар арасындағы салыстырулардың морфологиялық көрсеткіштеріне сәйкес тұраноидтік нәсілдің екі нұсқасы да қазақстандықтан шығыс нәсілдік діңнің күшеюімен ерекшеленеді (3-сурет).

Қазақстан антропологиясында серологиялық аспектіде қазақтардың этностық қалыптасуын зерделеу орын тапты. Қазақтар үшін АВО жүйесінің деректеріне сәйкес жалпы аллель 0 орныққан басымдылығын санауға болады. А және В аллельдердің пайыздық арақатынасы тең, ал гендік жиіліктің құрамдастығы p (А) және q (В) өзара айтарлықтай жақын (А>В). Осы факт қазақтардың гендік құрамында серологиялық факторлардың негізінде – европеоид және монғолоидтік, бастапқы құрамдас компоненттері біркелкі үйлеседі дегенді білдіреді. Қазақ популяциясы үшін қан тобының осы жүйесінде жалпы негізгі нұсқа болып төмендегі табылады:

О>А>В >AВ. Осындай топтастырудың антропологиялық маңызы Еуразия халықтарында АВО локусы бойынша гендік жиіліктің жалпы таралуымен салыстырған кезде ашылады. Солай, Орталық және Орта Азия халқы АВО жүйесінің фенотипінің жиілігі теңселуінің айтарлықтай орташа өлшеміне ауырлайды, ал бірқатар жағдайларда Шығыс Еуропа және бергі Азия халықтарында осындай нұсқаларымен сай келеді. А фенотипінің таралуы бойынша қазақтар Орталық Азия халқына тән, жиілік арақашықтығы арасында болып, оның үстіңгі шегіне жақындап келеді, ал Шығыс Еуропа халықтарына қатысты – оларға тән жиіліктің төменгі шегіне жақындады. Қазақтардағы В фенотипі Орталық Азия тұрғындарының орташа сандарына сәйкес келетін жиілігі бар, бұл Шығыс Еуропа популяциясы үшін тән көрсеткіштерден сәл асып түседі және де Бергі және Орта Азия халықтарына тән жиілік аралығының үстіңгі шегіне жақын келеді. Олай болса, қазақтардың p (А) және q (В) гендерінің жиілігі көбінесе Орталық Азия және Шығыс Еуропадағы популяцияға тән, шектес мәндер аумағында жатыр.

Қазақ популяциясы арасындағы MN қан тобы жүйесінің бөлінуін қарастыру келесіні көрсетті, олар үшін M аллелі N басымдылығы тән.

Жергілікті популяциялар арасында MN екі аллель бар тұлғалардың пайызы біреуінен қарағанда анағұрлым көп. Аталмыш локус бойынша гендік жиіліктің шоғырлану дәрежесі бойынша қазақтар m (M) салыстырмалы жоғары пайызын және де n N шамалы төмен пайызын ашады. MN локусы бойынша қазақтарда фенотиптер мен генотиптердің жиілігін анықтау Орта Азия халықтарының осы көрсеткіштеріне жақын келеді. Европеоидтік топтарына қарағанда қазақтарда анықталған жиілік Шығыс Еуропа халықтарының шегінде бар. Жалпы қазақтар MN локусы бойынша аралас ерекшеліктердің тасығышы болып табылатыны айқын. 

Резус-фактор жүйесінің деректері бойынша қазақтар арасында резус-теріске қарағанда, резус-оң тұлғалар анағұрлым көп. Олар үшін D аллелінің  айтарлықтай жоғары құрамы тән. Зерттеліп жатқан бүкіл аймақта резус-теріс көрсеткішінің кездесуі тұрақты, себебі қазақтардың осы локус бойынша гендік жиіліктің өзгеруі шамалы, және де олар біркелкі табиғи тарихи қоғамдастықты білдіреді. Қазақтардың жалпы популяциясы ауқымында d гені құрамдасының деңгейі Шығыс Еуропа халықтарындағы осы аппельдің таралуына жетпейді, алайда ол Орталық Азия тұрғындарымен салыстырғанда біраз көп. Жалпы осы генетикалық маркер бойынша алынған нәтижелер қазақтардың европеоид және монғолоид арасында шығу тегі аралас екенін анықтайды. Осы жерде қысқа суреттеме ретінде Еуразия халықтарында резус-теріс факторының пайыздық құрамын келтіруге болады. Расында, бұл ретте пайыз алдын ала баллға ауыстырылады. Салыстырмалы популяцияның генетикалық құрылымының қарама-қарсылығын есепке алып, қазақтар қазіргі кездегі монғолдардан төрт балға әрі қарай, Орта Азияның байырғы халықтарынан - бес баллға, және шығыс славяндарынан он баллға әрі тұр. Зерттелген локустар бойынша жинақталған генетикалық өлшемдер, қазақтардың популяциялық деңгейінде өз генофоны бар екенін айтуға мүмкіндік береді. Оның өзгеше ерекшелігі этнос аралық салыстырған кезде айқын көрінеді, онда серологиялық қарым-қатынаста европеоид және монғолоид нәсілдік типтердің өкілдері қазақтардың жинақталған генетикалық көрсеткіштерінен анағұрлым ерекшеленеді. (4-сурет). Сонымен, жүргізілген серологиялық талдау қазіргі қазақтардың микроэволюциялық дамуының бір жолын көрсетеді және оларда негізгі генетикалық ерекшеліктер қандай арақатынаста сақталғанын белгілеп, сонымен қатар шектес аумақтардың популяциясынан этноантропологиялық дамудың шартты арақашықтығын көрсетеді.

Саусақтар мен алақанның тері бедерінің полиморфтік белгілердің өзіндік байланысы жоғары таксономдық құндылыққа ие екені мәлім. Қазіргі таңдағы этностық топтар бойынша осы дерматоглифтік деректер бүгінде антропологиялық ғылымда кеңінен пайдаланылады. Алынған материалдарда дерматоглифика белгілерінің бүкіл кешені қазақтардың жергілікті тобының біркелкілігін және оның жалпы популяция ретінде гомогенндігін дәлелдейді. Тері оюының негізгі ерекшелігі бойынша қазақтар европеоид және монғолоид топтарының тоғысқан жерінде орналасқан, яғни метис шығуының популяциясына жатады.  (5-сурет).

5-сурет. Қазақтардың Еуразияның кейбір халықтарынан жинақталған дерматоглифтік арақатынасы.

Қазіргі антропологияда нәсілдік соматология, серология, дерматоглифика бойынша деректермен қатар, адамның этнос генетикалық аспектіндегі тіс құрамының ерекшелігі зерттеледі. Тіс жүйесінің морфологиялық құрылысы биологиялық және тарихи ақпараттың маңызды көзі болып табылатыны мәлім, өйткені тіс бедерінің бірқатар маңызды белгілері ежелгі ерекшеліктердің бар болуына көрсетеді. Одонтологиялық талдау тіс бедерінің негізгі фен-маркері бойынша қазақ популяциясы іс жүзіндеі этнос ішілік бірлік пайда болатынын қорытындылауға мүмкіндік береді және де Еуразияның ауыспалы нәсілдік типтерінің түрлері шегінен асырмайды.

Жалпы, қазақтардың одонтологиялық ерекшеліктері антропологиялық белгілердің басқа жүйелері бойынша көбінесе сондай заңдылықты анықтайды, яғни нәсілдік соматология, серология, дерматоглифика бойынша деректер (6-сурет). Бұл туралы ең бастысы қазақтардың тіс морфологиясында «шығыс» бағдарының белгілері «батыс» өзіндік ерекшеліктерінен асатынын білуге болады. Сонымен қатар, «батыс» діңінің тіл бедерінің кейбір фендерінің көрсеткіштері республиканың батысынан шығыс бөлігіне қозғалған сайын азая түседі. Қазіргі қазақтарда анықталған тұрақты «батыс» компоненті гендік түрде өз тамырымен ежелгі жергілікті субстратқа кетеді.

Сонымен, қазіргі қазақтарға ауқымды кешенді антропологиялық талдау жасауда айтарлықтай танымдық ақпаратты қамтиды, бұл этногенез мәселелерін әзірлеген кезде дисциплина аралық іздеулердің деректерімен толық көлемде байланысты, бұның барлығын тұтас алғанда, генетикалық процестің тұтастығын және Қазақстанның ежелгі және қазіргі кездегі тұрғындардың этномәдени негіздің қалыптасу жолын талассыз көрсетеді. Қалыптасудың көне көзі бар қазақ халқы б.ғ. ІІ мыңжылдықтың ортасынан бастап өзіндік этностық құрылыс ретінде өзінің іс жүзіндегі тіршілігіне иеленеді, бұны көптеген зерттеушілер мойындайды. Дәл осы уақыттан бастап, осыған қайнар көздердің бүкіл кешені куә болып отыр, жергілікті популяциялар генетикалық қор мен фенотиптік бейненің бүкіл өзіндік ерекшеліктерімен, ерекше мәдени белгілерімен және Қазақстанның бүкіл аумағындағы қазіргі тілдің негіздерімен бірыңғай этностық алапты құрды.

Осы антропологиялық, этностық және лингвистикалық сипатта қазақ халқы адам өркениетінің бірыңғай жүйесінде мәдени байланыстың қазіргі әр түрлілік аясында жаңа тарихи дамуының алдында тұр.  


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз