Басты бет Тұңғыш Президент Стратегиялық жоспарлауды ұсынушы Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» (1999) кітабындағы ұлттық тарих пен ұлт этногенезі Өз ұлттығын сақтап қалу

Өз ұлттығын сақтап қалу

04 Қыркүйек 2013
156
0

«Ұлтты жоба бойынша жоспарлау» сияқты аңғал уақыт артта қалды. Осы ұстанымда жиырмасыншы ғасырдың тарихында тоталитарлық мемлекеттер қателескендігінде ғана емес, бұл - іргелі ақиқатты түсіну кезеңі келгенін білдіреді. Ұлттар – тірі ағзалар, олардың дамуымен басқаруында  социобиологиялық және мәдени шектеулер бар. Ұлттарды саңырауқұлақ тәрізді өсіру зая кеткен іс қана емес, бұл тіпті мүмкін емес. Сондай-ақ әрбір ұлттың бірегейлігі әлдебір жалпы түсініктерден асып түседі. Сол себептен біреуге жаққан іс, екіншісіне өліммен бірдей дегендей, көпшілікке танымал мәтелдегі ой әмбебап рецепттерге қатысты сындарлы ұлттық скепсис жасырынғанын көрсетеді.  

 Алайда жалпы үрдістерді ұлттық салаға сәйкес түсіну, әрине, қажет. Ол болмаса, мемлекет дамуының жалпы қисынын анықтау мүмкін емес.

Осыған байланысты аталмыш кітапта мәдени стратегия мәселелеріне көп көңіл бөлу себебі де түсінікті. Өйткені біздің ұлттық-мемлекеттік саясатымыздың негізгі шарты ретінде өзін-өзі түсіну туралы мәселе болып табылады.

Бір жақтан ішкі әр тектілік, және де екінші жақтан, мәдени тәртіптің сыртқы ықпалы, қазақ ұлтының мәдени тұтастығы жоғары мұраттан шалғай тұрғанын түсіну керекпіз.

Әрекет жасамаған жағдайда бізді жылжымалы тарих жан-жаққа ажыратып жібереді, себебі қазақ ұлты ішіндегі әр түрлі «мәдени аралдар» тартылыстың өзге де орталықтарына әділдікпен ауытқып кетеді. Осы проблеманың маңызын кемітіп көрсетуге болмайды. Өйткені жағдайға мәдениеттану тарапынан талдау жасау менің міндетіме жатпайды, бұны кәсіпқой мамандар анағұрлым жақсы жасайды. Саясаткердің бақылауын ортаға салғым келіп отыр.

Әр түрлі мәдени әсер туралы сөз қозғаған кезде, мейлі сол әсер жағымды не жағымсыз болсын, біз енжар тұтынушының жағдайына түсеміз. Ғаламдық сипатта болса да, жағдайлар императиві дер едім. Алайда, осы императивтерден басқа біздің де құрастырмалы ұлттық мақсаттарымыз бар ғой. Саясат үшін бұл өте маңызды айырмашылық. Жағдайларға бағыну, әлде біздің асыл да стратегиялық мақсаттарымызға қол жеткізу маңызды ма?

Сауал дұрыс қойылмаған, өкінішке орай, көптеген зияткер адамдармен, жалғыз Қазақстанда ғана емес, сауал осылай қойылады. Бұл сауал «үзілген сана-сезімге» әкеледі. Қазақ ұлттық сана-сезімнің қазіргі жағдайы тұрақталады, және де жағдайлардың аты шулы императивтерімен тұспа-тұс шығады, яғни осы сана-сезімге деген сыртқы және ішкі қысым. Бұндай жағдайда ұлттық сана-сезімнің принципті тұрғыдағы ерекшелігі, оның дамуға деген қабілеті кенже қалады.

Ұлттық сана-сезімнің бұл тұрақсыздығы, тұрақталмауы тәжірибелі саясат үшін көптеген сұрақтарды туғызады. Кем дегенде үш қарапайым емес проблема пайда болады.

Біріншіден, оқиғалар дамуының қандай сценарийі стратегиялық ұлттық мүддеге сәйкес келеді? Екіншіден, шынайы тарихи үдерісте жағдай дамуының қандай өзге де нұсқалары жатыр? Үшіншіден, қалап отырған нұсқаның шынайы болу, іске асу дәрежесі қандай?

Сол себептен дұрыс қойылған сұрақ басқаша айтылу керек еді: «Кезе келген, айтарлықтай шынайы жағдайда қазақ ұлттық сәйкестіктің сақталуына және дамуына қалай қол жеткізуге болады?» Әрине, бұл міндетті барынша кең қою дегенді білдіреді. Олай болса, «қозғалмалы тарих» тарапынан қауіп-қатер мәнмәтінінде ұлт және мемлекет туралы сөз қозғаған кезде сұрақтар қандай көлемде қойылу керек екен? Себебі осы істе қалжыңға басу немесе қателесу мүмкін емес. Сұрақтар осы қауіп-қатерлерге сайма-сай келуі тиіс. Ежелгі халық айтқандай «Родос осында, мұнда секір».

Қазақстандық гуманитарлық ғалымдар үшін ұлттық бірегейлік және уақыттың серпінді императивтерінің әрекеттесу өрісінде жол салудан басқа өзекті міндет жоқ. Бұл саяси ғана емес, ғылыми проблема болып табылады. Олай болса, ғалымдардың еңбектерін болжап білу – саясаткер үшін арзымайтын міндет. Мәтіндік шығармашылық нысанда ғана түйісіп қоймай, нақты шешімдерді қабылдау тұрғысында түйісетін проблемалар сипатын ортаға салғым келіп отыр.

Бүгінгі күнде қазақ ұлтының қазіргі әлемде алатын орнын түсінуде толыққанды эклектизм көзге түседі. Жаһандық теорияны құру талпынысы жасалады. Ондағы мақсат әлемдік үрдісте қазақ бірегейлігін іздеу.

Индустриялаудан кейінгі қоғам, өркениет қақтығысы, либерализм сәттілігі, неоконсерватизм сияқты жаһандық өзгерістер, небір тарихи және географиялық шектеусіз бірден қазақ ұлтына жасалады. Бүгінгі күнде неоконсерватизмнен басқа бізде маңызды проблема жоқтай! Басқа сөзбен айтқанда, қазақ ұлтының проблемалық өрісінің сыни емес ұлғаюы қалыптасады.

Екінші жақтан, осыдан кеңінен тараған талпыныстар да бар – қазақ тарихын өзінің әсем болса да, ескірген идеологемдерге толы автономды әлеміне шектіру. Қазақ проблемаларын, әсіресе нормалар әсері мен көшпелі қоғамның құндылықтары арқылы қазақ этносын талдау қазақ ұлтының проблемалық өрісінің заңсыз тарылуына әкеледі. Егер де шартты түрде болсын, бүгінгі заманның қақтығыстарын есепке алмасақ, қазақ ұлты ешқашанда тұйық, оқшау болмаған. Тағдыр мен аспан еркімен түрлі ықпалға кез болып, тек номадизм мен дәстүршілдікке ғана есептелмейтін, ұлттық мағынаны сақтай алды. Дәстүршілдікті жақтаушылар салт-дәстүрдің өзі де сонау бір заманда қабылдау қиынға түсетін жаңашыл болғаны жайлы тарихтың зұлым қасиетін ұмытады...

«Шынайы топта» қалу үшін қазақтардың тарихы мен қазіргі таңдағы уақыты туралы тым кеңейтілген және де тым жергілікті түсініктен алшақ болу керек.

Мұндай амалдың кем дегенде екі құрамдас бөлігі бар. Біріншісі, бұл – жеке тарихи құрам. Бүгінгі күнде пайдаланатын амалдар ұлттық тарихты дәстүрлі көшпелі қоғамға, Ресей империясының құрамында болуына, кеңес кезеңіне, және де тәуелсіздік жағдайындағы қазақ ұлты болып бөлінуіне әкеледі. 


Толығырақ оқу:

Н.Ә. Назарбаев. Тарих толқынында 




Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз