Басты бет Әдістік жабдықтар Пәнаралық зерттеулер Әдістемелік еңбектер Бүгінгі тарих-жаңа ғылыми бағыт Мәдениет Қазақ әдебиетінің антологиясы таныстырылды

Қазақ әдебиетінің антологиясы таныстырылды

29 Тамыз 2013
154
0

 BNews.kz Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбай ҚР Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен АҚШ-тың беделді университеттерінің бірі - Колумбия университеті басып шығарған «The Stories of the Great Steppe. The Anthology of Modern Kazakh Literature» атты алғашқы қазақ әдебиеті антологиясының тұсаукесеріне қатысты, деп хабарлайды ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі.


«Іс-шараға қатысқан қонақтар арасында Фариза Оңғарсынова, Шөмішбай Сәриев секілді қаламдары қарымды ақындар мен жазушылар, ағартушы-ғалымдар мен әдебиеттанушылар және дипломатиялық корпус өкілдері болды», деп көрсетілген ақпар хатта.

Қ.Сарыбай алғысөзінде, антологияның арқалаған жүгі – еліміздің елеулі қазынасы болып саналатындығын атап өтті. Осы кітаптың арқасында Колумбия университетінде арнайы топтар ашылып, кітап оқу құралы ретінде сонда оқитын жастарға заманауи қазақ әдебиетін таныстыратын курстар жүргізуде таптырмас оқулық көзіне айналуда. Қазақстанның мақтан тұтатын әдебиет үлгілері арқылы Батыстың оқырман қауымын қазақ мәдениеті, дәстүрі, әдет-ғұрыптары, тұрмысы және күнделікті өмірін кең таныстыруға мүмкіндік туғызатыны сөзсіз.

Кітапты құрастыруған доктор Рафиз Абазов осыған дейін де ұқсас жобалармен жұмыс істегенін атап өткен жөн. Осылайша, әлемге әйгілі қазақ ақыны Олжас Сүлейменовтың шығармалар жинағын да құрастырып ағылшын тілінде шығарған болатын.

Осындай игі бастамалар өз мақсатына жетіп, шетелдік қалың оқырман қолына түсіру үшін, Қ.Сарыбай шараға қатысып отырған дипломатиялық корпус өкілдеріне ұсыныс жасап, жарық көріп отырған кітаптарды өз елдерінде кеңінен насихаттауға шақырды.


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз