Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 28 Қыркүйек

Оқиғалар күнтізбесі

28 Қыркүйек
2005 жылы Астанада III бүкіл әлемдік қазақ құрылтайы өтті
2005 жылы 28 қыркүйекте Қазақтардың 3-нші Дүниежүзілік құрылтайы Астанада өткізілді.
1998 1998 жылы "Қазастан Республикасының сайлауы туралы " заң шығарылды
“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1987

28 Қыркүйек

2005 жылы Астанада III бүкіл әлемдік қазақ құрылтайы өтті

Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден, соның ішінде Ресейден, Қытайдан, Аустриядан, Чехиядан, Норвегиядан, Италиядан, Сингапурдан, Мысырдан, 300-ден аса өкіл, сондай-ақҚазақстанның барлық облыстары мен Алматы және Астана қалаларынан 200-ден астам өкіл қатысты.

Құрылтайда шетелде тұратын қазақ шетжұрты өкілдерін Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында оқыту үшін жағдай жасау, сондай-ақ тарихи отанына инвестициялар орналастыру мүмкіндіктері секілді мәселелер талқыланды.

Бизнес байланысын нығайту, қазақ шетжұрты республиканың экономикасы туралы толығырақ ақпарат алуына ықпал ету, кәсіпкерліктің даму жағдайы, мемлекет пен бизнес-қоғамдастықтардың өзара қарым-қатынас секілді мәселелер қаралды.



28 Қыркүйек 1998

1998 жылы "Қазастан Республикасының сайлауы туралы " заң шығарылды

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Төраға Ю.А.Хитрин, Кеңес мүшелері Қ.Ә.Әбішев, Қ.Ж.Балтабаев, С.Ф.Бычкова, А.Есенжанов, А.К.Котов, Қ.Ә.Омарханов қатысқан құрамда, мыналардың: Қазақстан Республикасы Президентінің өкілі – Президент Әкімшілігі Мемлекеттік-құқық басқармасының бөлім меңгерушісі М.А.Пакирдиновтің, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Е.Ж.Жұмабаев пен Ж.Н.Әбдиевтің, Республика Орталық сайлау комиссиясының хатшысы В.К.Фоостың, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Б.К.Байқадамовтың, Республика Жоғарғы Сотының судьясы Л.Г.Полторабатьконың, Республика Бас прокурорының орынбасары А.Қ.Дауылбаевтың, Республика бірінші Әділет вице-министрі И.Д.Меркельдің, Азаматтық қоғамды одан әрі демократияландыру және дамыту жөніндегі ұсыныстарды талдап жасайтын тұрақты кеңестің өкілі П.В.Своиктің қатысуымен, өзінің ашық отырысында Қазақстан Республикасы Президентінің, “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Конституциялық заңды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі тұрғысында тексеру туралы өтінішін қарады.

28 Қыркүйек 1987