Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 14 Маусым

Оқиғалар күнтізбесі

14 Маусым

14 Маусым 1997

1997 жылы Исламабад қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» кітабын таныстыру рәсімі болды.

14 Маусым 2007

2007 жылы Сырым Датұлының (1753-1802) бейітін анықтау мақсатында Өзбекстанға барып келген Батыс Қазақстан облысынан шыққан арнайы экспедиция өз байламын білдірді.

Арнайы сапар барысында экспедиция жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, облыстық тарих және археология орталығының директоры, профессор Мұрат Сыдықов бастаған ғалымдар жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде Өзбекстандағы Хорезм облысы Гүрлен ауданы орталығынан 9 шақырым жердегі Майлышеңгел елді мекеніндегі бейіт ғылыми тұрғыдан батыр бабамыздікі екендігі дәлелденді. Экспедиция Сырым Датұлының 265 жылдығына орай ұйымдастырылған болатын. Оның құрамына жеті адам кірді, соның ішінде танымал ғалым-өлкетанушылар, тарихшылар, археологтар, Сырым Датұлының ұрпақтары бар.