Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 21 Мамыр

Оқиғалар күнтізбесі

21 Мамыр
1940 75 жыл бұрын Геологиялық ғылымдар институты құрылды
1946 1946 жылы жазушы драматург Сұлтанәлі Балғабаев дүниеге келді.
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары, «Алтын бесік» журналының бас редакторы, жазушы, драматург, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.

21 Мамыр 1940

75 жыл бұрын Геологиялық ғылымдар институты құрылды

Геологиялық ғылымдар институты 1940 жылы құрылды, ал 1964 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Қаулысы бойынша Институтке Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімі берілді.

21 Мамыр 1946

1946 жылы жазушы драматург Сұлтанәлі Балғабаев дүниеге келді.

Қызылорда облысының Шиелі ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіріп, «Білім және еңбек» (қазіргі «Зерде»), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат»), журналдарында, «Жалын» баспасында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеген. Он жылға жуық Ғ.Мүсірепов атындағы Мемлекеттік академиялық жастар мен балалар театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі болған.

1978 жылы «Жалын» баспасынан «Жұлдызың жансын» атты қазақ спортшылары туралы деректі повестері мен әңгімелері шыққан. Содан бергі уақытта оның «Алтын сағым», «Құм мен қызғалдақ», «Дала мен дария», «Қазақтың қызыл кітабы» атты повестері мен әңгімелері, мақалалар жинақтары жарық көріп, «Қыз жиырмаға толғанда», «Біз де ғашық болғанбыз», «Қазақша күрес», «Әйелдер әлемі немесе ең жақсы еркек», «Ең әдемі келіншек», «Тойдан қайтқан қазақтар», «Жымбала, Мико және қасқыр» атты пьесалары сахнаға қойылған.