Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 16 Мамыр

Оқиғалар күнтізбесі

16 Мамыр
1936 1936 жылы балалар жазушысы Мұхамедхан Етекбаев дүниеге келді
Алматы облысының Жамбыл ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 1998 жылы қайтыс болды.

16 Мамыр 1936

1936 жылы балалар жазушысы Мұхамедхан Етекбаев дүниеге келді

«Егемен Қазақстан», «Ұлан» газеттерінде, Қазақ теледидарының балалар редакциясында қызмет істеген. 1966 жылдан Жамбыл мұражайының директоры болған. Жазушы қаламынан жиырмаға тарта балалар мен жасөспірімдерге арналған кітаптар жарық көрген. Солардың ішінде «Алтын мүйізді киік», «Қисық бұтақ», «Қызыл ала автобус», «Жапалақ туралы ертегі», «Болатбек», «Жамбылдың музей үйі», «Жомарт жаз», «Бала қыран», «Таутекелі биік», «Айтолқын» секілді туындылары жас ұрпақтың сүйікті кітаптарына айналды.