Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 22 Сәуір

Оқиғалар күнтізбесі

22 Сәуір
1997 Бүгін ҚР ҚК Әскери полициясының құрылғанына 18 жыл толды
1928 Бүгін (1928-1990 жж.) актер, Қазақстанның халық әртісі Жантөрин Нұрмахан дүниеге келді
Атырау облысы Махамбет ауданында туған. Ташкент театр өнері институтын бітірген. 1952-1967 жылдары және 1988 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ академиялық драма театрының сахнасында өнер көрсеткен.
1971 1971 жылы сол кездегі Қазақстанның астанасы Алматыға бірінші рет Ту-154 әуе лайнері келіп қонды

22 Сәуір 1997

Бүгін ҚР ҚК Әскери полициясының құрылғанына 18 жыл толды

Осыдан 18 жыл бұрын дәл осы күні 1997 жылдың 22 сәуірі күні Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес ҚР Қарулы Күштерінің әскери полициясы құрылды.

2005 жылдың 21 ақпанында ҚР «Әскери полиция органы туралы» Заңы қабылданып, онда ҚР Қарулы Күштеріндегі әскери полиция органының құқықтық негіздері, қағидалары, міндеттері мен құрылымы бекітілді. 

Әскери полиция әскери қызметшілер мен басқа да азаматтардың озбырлық құқыққа қарсы еркіндіктері мен құқықтарын қорғау бойынша міндеттерін тәулік бойы атқарады. Осы орайда полицейлер гарнизондағы құқық тәртібі, құқықбұзушылықты ескерту, орын алған жағдайда қылмысты ашу, сондай-ақ әскери полиция әскери транспорттардың жолдағы қозғалысының қауіпсіздігін бақылау, оларды пайдалану мен әскер абақтысында әскери қызметшілерді ұстау ережелерін сақтауды қадағалайды. 

Естеріңізге сала кетсек, Астанада өткен жылдың соңында әскери полиция жасағының қызметкерлері құқық бұзушылардың қылмыстық әрекеттерінің алдын алды. ҚР Қорғаныс министрлігінің режим және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша әскери полиция жасағының тәуліктік наряды мыстан жасалған телекоммуникация кабелін ұрламақшы болған азаматты ұстап, ІІМ қызметкерлеріне тапсырды. Іс-қимыл барысындағы ептілігі, қырағылығы мен жауапкершілігі үшін әскери қызметшілерге алғыс айтты. 

Жыл сайын әскери басқару және құқық қорғау органдарымен бірлескен жүйелі жұмыстардың нәтижесінде әскерлердегі қылмыстың төмендеуі тұрақталып әскери қызметшілер арасындағы қылмыс динамикасының төмендеуіне ықпал етті.

22 Сәуір 1928

Бүгін (1928-1990 жж.) актер, Қазақстанның халық әртісі Жантөрин Нұрмахан дүниеге келді

1967-1988 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында актер болған. Актер көптеген сахналық спектакльдер мен фильмдерде ойнаған. Ол театрда  С.Мұқановтың «Шоқан Уалихановында» Шоқан, Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш - Баян сұлуында» Қодар (осы шығармалар бойынша қойылған фильмдерде де ойнаған), М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пен «Қаракөзінде» Кебек пен Сырым, Н.Хикметтің «Елеусіз қалған есіл ерінде» Доктор, М.Каорудың «Шығыстағы бір бейбағында» Синтаро, М.Булгаковтың «Жендеттерінде» Мольер, сондай-ақ, У.Шекспирдің  «Оттелосы» мен «Макбетінде» Яго және Макбет (соңғысы Қарағанды облысы қазақ драма театрында), А.Пушкиннің «Шағын трагедияларында» Сальери, Барон және Дон Жуан  рольдерін ойнап, үздік актерлік шеберлігін танытқан. 1948 жылдан киноға түсе бастаған. Кинодағы алғашқы рөлі  «Аласталған Алитет» фильміндегі чукча жігіті - Туматуге. Жантөрин 80-ге жуық фильмдерге түсе оның 30-дан астамында басты рөлде ойнаған. Олардың қатарында Ш.Уәлиханов («Оның уақыты келді»), Абылайханов («Атаманның ақыры»), Құрманғазы («Құрманғазы»), Сапар («Сапар құдығы»), Шал («Көлеңкесін қуған шал»), Бейбарыс сұлтан («Сұлтан Бейбарыс»), т.б. бейнелері бар.  Режисер ретінде Цой Гук Инмен бірлесіп «Орман балладасы», Н.Жайнақовпен бірге «Медальдің үшінші жағы», «Қара маржан» фильмдерін қойған. Алматы қаласында Жантөрин атындағы көше бар.

22 Сәуір 1971

1971 жылы сол кездегі Қазақстанның астанасы Алматыға бірінші рет Ту-154 әуе лайнері келіп қонды

Мәскеуден Алматыға дейінгі аралықтағы - 3 500 шақырымдық жолды лайнер не бәрі 3 сағат 45 минутта ұшып өткен.