Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 21 Сәуір

Оқиғалар күнтізбесі

21 Сәуір
1925 1925 жылы «Қазақ әйелі» және «Теңдік» газеттері негізінде «Қазақстан әйелдері» қоғамдық-саяси журналы шыға бастады
90 жыл бұрын (1925) «Қазақ әйелі» және «Теңдік» газеттері негізінде «Қазақстан әйелдері» қоғамдық-саяси журналы шыға бастады
1959 1959 жылы Мұхтар Әуезовке «Абай жолы» роман-эпопеясы үшін Лениндік сыйлық берілді
Мұхтар Әуезовке «Абай жолы» роман-эпопеясы үшін Лениндік сыйлық берілді.

21 Сәуір 1925

1925 жылы «Қазақ әйелі» және «Теңдік» газеттері негізінде «Қазақстан әйелдері» қоғамдық-саяси журналы шыға бастады

Қазақстан КПОК-нің әйелдерге арналған қоғамдық саяси және көркем-әдеби, ай сайын шығып тұратын журналы. 1925 жылы мамыр-маусымда «Теңдік»(газет), осы жылдың тамызынан бастап 1934 жылдың аяғына дейін «Әйел теңдігі» 1935-41ж.ж. және 1950-54 ж.ж. «Сталин жолы» деп аталды. 1955 жылдың қаңтарында «Қазақстан әйелдері» болып шығарылды. Журнал қазақ әйелдеріне саяси және мәдени-рухани тәрбие берді, оларды партия мен кеңес үкіметі алға қойған міндеттерді орындауға жұмылдырды.

21 Сәуір 1959

1959 жылы Мұхтар Әуезовке «Абай жолы» роман-эпопеясы үшін Лениндік сыйлық берілді

Әдебиет саласында Әуезов "Абай" романы үшін 1949 ж. КСРО-ның 1-дәрежелі Сталиндік сыйлығын, 1959 ж. "Абай жолы" эпопеясы үшін Лениндік сыйлық алды. Ұлы жазушы бұрынғы Одақ кезінде бірнеше жыл Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар беру комитетінің мүшесі болды. Ол бұл кезде М. Жәлил, Ш. Айтматов, Р. Ғамзатовтардың Лениндік сыйлық алуына көп жәрдемін тигізді.