Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 8 Мамыр

Оқиғалар күнтізбесі

8 Мамыр
1937 1937 жылы 8 мамыр күні актер, режиссер Асанәлі Әшімов дүниеге келді
Жамбыл облысында туылған. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияны бітірген, драма театрының актері. Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының профессоры.
1975 1975 жылы Алматы қаласындағы 28 панфиловшылар саябағында «Даңқ» мемориалы ашылды.

8 Мамыр 1937

1937 жылы 8 мамыр күні актер, режиссер Асанәлі Әшімов дүниеге келді

Бірнеше кітаптардың авторы. «Ботагөз», «Асау Ертіс жағасында», «Бір ауданда», «Ұшы-қиырсыз жол» «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры», «Транссібір экспресі», «Жаушы» және басқа да көптеген фильмдерге түскен. Театрда «Абай» спектаклінде Абай, «Еңлік-Кебекте» Кебек, «Қарақыпшақ Қобыландыда» Шуақ, « Қан мен терде» Еламан рөлдерін сомдады. Н.Гогольдің «Ревизорын», «Мүсіреповтің «Амангелді», Н.Оранбаевтың «Мен ішпеген у бар ма?» Ж.Аймауытовтың «Ақбілек»  спектакльдерін сахналады. «Шоқан Уәлиханов», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» , «Сіз кімсіз, Ка мырза?» фильмдерін түсірді. 1990 жылдан «Елім-ай» киностудиясының президенті.

«Отан» орденімен, М.В.Ломоносов, «Алтын қыран» ордендерімен марапатталған. КСРО және ҚР халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.  


8 Мамыр 1975

1975 жылы Алматы қаласындағы 28 панфиловшылар саябағында «Даңқ» мемориалы ашылды.

Сәулетшілері - Т.Бәсенов, Г.Сейдалин, В.Ким, мүсіншілері - В.Андрющенко, Р.Артимович. Жауға қарсы ұмтылған жауынгерлер бейнеленген мүсіндік композиция мемориалдың төріне орнатылған. Мүсіндік композиция алдындағы алаңға мәңгілік алау жағылып, оның екі қапталы ұзын гранит қорған-қабырғамен қоршалған. Қабырғада «Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін шайқаста ерлікпен қаза болғандардың даңқы мәңгі арта берсін» деген жазу, ал екі босағасында «Даңқ кернейшісі» және «Ант» деп аталатын мүсіндік топтама бар. Мемориалға кіре берісте Ұлы Отан соғысындағы одақтас халықтардың қаны төгілген «қаһарман қалалардың» топырағы сақтаулы сандықтастар қойылған.