Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 16 Сәуір

Оқиғалар күнтізбесі

16 Сәуір
1928 87 жыл бұрын әнші, КСРО Халық әртісі Роза Жаманова дүниеге келді
Роза Үмбетқызы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері, Халықаралық театр институтының мүшесі.
1918 «Қазақ мұңы» газетінің алғашқы саны жарық көрді
Газет Әліби Жангелдиннің бастамасымен құрылған. «Қазақ мұңы» большевиктер саясатын насихаттап, Алаш партиясына қарсы бағыт ұстанды.

16 Сәуір 1928

87 жыл бұрын әнші, КСРО Халық әртісі Роза Жаманова дүниеге келді

Ақтөбе қаласында туған. Алматы консерваториясын бітірген. 1953 жылдан Қазақ опера және балет театрының әншісі болған. Әнші отандық және классикалық операларда басты партияларды орындап, Ақжүніс, Жібек (Е.Брусиловский «Ер Тарғын», «Қыз Жібек»), Сара (М.Төлебаев «Біржан-Сара»), Ажар (А.Жұбанов, Л.Хамиди «Абай»), Татьяна, Иоланта (П.Чайковский «Евгений Онегин», «Иоланта»),  Мария Александровна (Ю.Ментус «Ағайынды Ульяновтар»),  Валентина Панфилова (Ғ.Жұбанова «Жиырма сегіз»), Чио-Чио-Сан (Дж. Пуччини «Чио-Чио-Сан»), Амелия (Дж.Верди «Балмаскарад»), т.б. образдарын сомдаған. Сондай-ақ, Қ.Қожамияровтың «Назугумындағы» Назугум, Е.Рахмадиевтің «Қамар сұлуындағы» Қамар, С.Мұхамеджановтың «Айсұлуындағы» Айсұлу партияларын тұңғыш орындаған. Ол гастрольдік сапармен көптеген шет елдерде болып,  қазақ ән өнерін насихаттауға үлкен үлес қосқан. 1962-1979 жылдары аралығында Қазақ театр қоғамының төрағасы болған.

Еңбек Қызыл Ту, Ленин және Халықтар достығы ордендерімен марапатталған.


16 Сәуір 1918

«Қазақ мұңы» газетінің алғашқы саны жарық көрді

Облыстың еңбекші бұқарасына өкіметтің алғашқы декреттерінің мән-мазмұнын түсіндірді. Көп ұзамай, азамат соғысының басталуына байланысты, Дутов ақгвардияшыларының билігі жүре бастаған кезде, газет шығуын тоқтатқан.

Редакторы Нәзір Төреқұлов. Газеттің алғашқы саны 1918 жылы 21 наурызда Орынборда жарық көрді. Осы тұста «Қазақ» газеті алашордашыл басылым деген айыппен жабылып, баспаханасы тәркіленді. Оның орнына «Қазақ мәселесі» мен «Известия» шығарылсын деген қаулы қабылданған. Газеттің бірінші нөмірінде Ә.Жангелдиннің кеңестердің облыстық съезін ашардағы сөзі толық берілді. «Қазақ мәселесі» большевиктер саясатын насихаттап, Алаш партиясына қарсы бағыт ұстанды. Облыстың еңбекші бұқарасына өкіметтің алғашқы декреттерінің мән-мазмұнын түсіндірді. Көп ұзамай, азамат соғысының басталуына байланысты, Дутов гвардияшыларының билігі жүре бастаған кезде, газет шығуын тоқтатқан.