Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 10 Сәуір

Оқиғалар күнтізбесі

10 Сәуір

10 Сәуір 1992

23 жыл бұрын Жамбыл облысындағы Жуалы ауданының орталығы – Бурное ауылының атауы Бауыржан Момышұлы атындағы ауыл болып өзгертілді

23 жыл бұрын Жамбыл облысындағы Жуалы ауданының орталығы — Бурное ауылының атауы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Қаулысымен Бауыржан Момышұлы атындағы ауыл болып өзгертілді.

10 Сәуір 2006

8 жыл бұрын БҰҰ штаб-пәтерінде Семей аймағының құрбандарына арналған іс-шара болып өтті

8 жыл бұрын (2006) Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінің қолдауымен БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде Семей аймағының құрбандарына арналған Еуропарламент депутаты Струан Стивенсонның «Мәңгілік қасірет» кітабы мен белгілі актриса Кимберли Джозеф фотокөрмесінің таныстырылымы өтті. Бас Ассамблеяның 60-шы сессиясында қабылданған «Халықаралық ынтымақтастық және Қазақстанның Семей аймағы халқын, экологиясы және экономикасын сауықтыру масатындағы қызметтерді үйлестіру» қарарын бірауыздан қолдағандары үшін БҰҰ-ға мүше елдерге алғыс білдірген Қазақстан өкілдігін басшысы Ержан Қазыханов, шетелдік және халықаралық ұйымдардың, атап айтқанда, БҰҰ Даму бағдарламасының, USAID агенттігінің, Еурокомиссияның және Жапония, Ұлыбритания, Канада, Италия, Швейцария үкіметтерінің тікелей қатысуымен Семей аймағында жүзеге асырылып жатқан бірқатар жобаларға тоқталып өтті. Еуропарламенттің шотландтық депутаты Струан Стивенсон Кеңес Одағы кезінде ядролық қаруды сынаудан зардап шеккендер туралы кітап жазып, сол үшін әлем қауымдастығының ілтипатына және 50 мың доллар сыйлыққа ие болған. Еуропарламент депутаты осы сыйақысын Семейдің онкологиялық емханасына аударғанын ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын. Қазақстанда, оның ішінде Семей аймағында бірнеше рет болған С.Стивенсон мырзаға полигон проблемасына деген тұрақты қамқорлығы үшін «Семейдің құрметті азаматы» атағы берілген.