Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 15 Тамыз

Оқиғалар күнтізбесі

15 Тамыз
1913 Биология ғылымдарының докторы , профессоры Аймақ Жанғалиұлы Жанғалиевтың туылған күні.
Биология ғылымдарының докторы , профессор.
1930 Композитор Шәмші Қалдаяқовтың туылған күні.
композитор, Қазақстанның халық артісі (1991).

15 Тамыз 1913

Биология ғылымдарының докторы , профессоры Аймақ Жанғалиұлы Жанғалиевтың туылған күні.

Аймақ Жанғалиұлы Жанғалиев

Аймақ Жанғалиев (15.8.1913 ж.т., Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Ащысай а.) – биология ғылымдарының докторы (1969), профессор (1990), 

Қазақстан ҒА-ның академигі (2003). 

Қазақ КСР-інің еңбек сің. ғыл. қайраткері (1961). Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын (1935, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген.

 Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би (бұрынғы Қаратас) ауданында агроном болған (1935–36). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 

Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтында бөлім меңгерушісі (1946–49), инстиут директоры (1949–53), Гурьев (қазіргі Атырау) мемлекеттік ауыл шаруашылық тәжірибе ст-ның, 

Қазақ жеміс-жүзім шаруашылық ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастырушысы, тұңғыш директоры (1953–59),

 Қазақстан ҒА-ның Биология ғылымдар бөлімшесінің академик-хатшысы, Төралқа мүшесі (1962–70) болды. 

1970 жылдан Қазақстан ҒА-ның Бас ботаника бағында қызмет істеді.

 Ол 1970–80 ж. жабайы жеміс-орман өсімдіктері бөлімін басқарды. 

Сондай-ақ 1980 жылдан Ботаника және фитоинтродукция ғылыми-зерттеу институтында лаборатория меңгерушісі, сондай-ақ «Өсімдіктер генофондысы» ЖШС-нің бас директоры. Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстандағы жеміс ағаштарының биол. алуан түрлілік генофондысын сақтау және оны тиімді пайдалануға арналған. 

Жанғалиев бақ шаруашылығын жүйеге келтіріп, жеміс-жидек және жүзім ағаштарын өсіру әдістерін жетілдірді. Жанғалиев жеміс-орман ағаштарының селекциясы мен генетикасын зерттеген. 2-дәрежелі Отан соғысы, 2 рет «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.


15 Тамыз 1930

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың туылған күні.

Шәмші Қалдаяқов (15.8. 1930, Отырар ауданы Шәуілдір ауылы – 29.2.1992, Алматы) – композитор, Қазақстанның халық артісі (1991). Шымкент, Тараз, Жетісай қалаларының құрметті азаматы. Аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі.

Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм ауданында дүниеге келді. Бала кезінен бойындағы бар талантын алқалы жиын, аламан бәйгелерде көрсете білді. 1950 жылдан бастап шығармашылықпен түбегейлі түрде шұғылданды. 1956- 1962 жж. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясында В.В.Великанов класында оқыды. Шәмші әндері ғажайып саздылығымен, сылдырап аққан бұлақ суындай тап-таза сыңғырымен, лирикалық наздылығымен ерекшеленеді. Оның шығармашылық жағынан сіңірген еңбегі қазақ эстрадалық әндерінің әуенін ұлттық нақышпен құнарландыруында, яғни халықтық қайнармен қабыстыруында жатыр. Ал бұл оның қазақ жұртының музыкалық дәстүрі сүтін еміп өскендігіне дәлел.