Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 31 Наурыз

Оқиғалар күнтізбесі

31 Наурыз
1948 67 жыл бұрын Алмас Ермекұлы Серкебаев дүниеге келді
Алмас Ермекұлы Серкебаев (31.3.1948 ж.т., Алматы) - композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1984).
1995 20 жыл бұрын Ұлттық банктің мемлекеттік қорына бірінші алтын құймалары жеткізілді

31 Наурыз 1948

67 жыл бұрын Алмас Ермекұлы Серкебаев дүниеге келді

1966 жылы музыка мектебін, 1973 жылы Алматы консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) композиция (Ғ.Жұбанованың класын) бітірген.
1973 -1974 жж. осында стажер-зерттеуші, 1974-1978 жж. стажер-ассистент, 1982 жылдан Қазақстан Композиторлар одағының дыбыс жазу қабинетінің меңгерушісі болды. Аспаптық-камералық, вокалдық және эстрадалық жанрда еңбек етті. Оның камералық оркестрге арналған «Шалқыма» (1974), «Кербез» (1976), «Отырар» (1979), «Шертпе күй» (1982); «Хорлан», «Мәңгі өшпес даңқ» (1974) атты вокалдық шығармалары; «Ақсақ құлан» балеті (1975) мен «Маугли, менің бауырым» рок-опера-балеті (1982), т.б. бар. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері (1986)

31 Наурыз 1995

20 жыл бұрын Ұлттық банктің мемлекеттік қорына бірінші алтын құймалары жеткізілді

1995 жылдың 31 наурызы күні Ұлттық банктегі Мемлекеттік қорға «Балхаш-ЛТД» тау-кен компаниясының бірінші алтын құймалары жеткізілді.