Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 29 Наурыз

Оқиғалар күнтізбесі

29 Наурыз
2007 8 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Мұсылман елдері арасындағы ең үздік басқару жүйесі» сыйлығы тапсырылды
2007 жылдың 29 наурызы күні ҚР Президенті Н.Назарбаевқа «Pakіstan Observer» газеті тағайындаған «Мұсылман мемлекеттері арасындағы үздік басқару жүйесі» сыйлығы тапсырылды.

29 Наурыз 2007

8 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Мұсылман елдері арасындағы ең үздік басқару жүйесі» сыйлығы тапсырылды

Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болған «Пәкстандық мұсылман лигасы» партиясының вице-президенті Гохар Аюб Хан Қазақстан басшысына осы елдің «Pakіstan Observer» газеті тағайындаған «Мұсылман мемлекеттері арасындағы үздік басқару жүйесі» сыйлығын табыс етті. 

 «Pakіstan Observer» – Пәкстандағы ең беделді басылымдардың бірі. 

2005 жыл­дан бері экономикалық, әлеумет­тік және саяси реформалар қабылдау арқылы өз елін өркендетуге орасан зор үлес қосқан діни діңгегі бір ел­дер­дің басшыларын айрықша атап көрсету жөнінде шешім қабылдаған еді. Бұл ретте басылым бүгінгі таңда саяси дағдарысқа шырғалып, күрделі экономикалық күйзелістерді бастан өткеріп жатқан көптеген мұсылман елдеріне байсалды бауырларын өнеге етіп көрсетуді мақсат тұтады.

Құрметті награда­ны тағайындау жөніндегі кеңес дүние жүзіндегі мұсылман әлемін Африка, Таяу Шығыс, Орталық Азия және Оң­түстік-Шығыс Азия деп төрт өңір­ге бөле отырып, осы аймақтардан озық ойлы басшыларды іріктеп келе­ді. 

Бұған дейін Африка құрлығы бойынша бұл марапат Алжир прези­денті А.Бутефликеге, Кавказ аймағы­нан Әзірбайжан президенті И.Әлиев­ке табыс етілген екен. Кезек бойын­ша Орталық Азия өңіріндегі елдер қарастырылғанда басылым ұжымы награданы бірауыздан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа беру жөнінде шешім қабылдаған. 

Онда еліміздегі экономикалық рефо­малар нәтижелері мен мұсылман әлемі елдері арасындағы жарасымды үнқатысуды кеңейтуге қосқан зор үлес ерекше қаперге алынған.