Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 24 Наурыз

Оқиғалар күнтізбесі

24 Наурыз

24 Наурыз 2009

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Финляндияның Ақ Раушаны» және «Финляндия Арыстаны» ордендерімен марапатталды

3 жыл бұрын (2009) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Финляндияның Ақ Раушаны» және «Финляндия Арыстаны» ордендерімен марапатталды.

Бұл жоғарғы марапат Қазақстан басшысына екі ел арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға және халықаралық қауіпсіздікті сақтауға қосқан зор үлесі үшін табыс етілді.


24 Наурыз 2017

Бүгін түркітанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі МҰСАЕВ Кеңесбай Мұсаұлы дүниеге келді

МҰСАЕВ Кеңесбай Мұсаұлы Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында туған. Түркістан педагогикалық училищесін, Қазақ мемлекеттік университетін, Қазақстан Республиекасы Ғылым академиясы Тіл білімі институтының аспирантурасын бітірген. Қарайым тілінің фонетикасы мен морфологиясын қамтыған еңбегі «Қарайым тілінің грамматикасы» деген атпен жарық көрген. Онда Литва мен Украинада тұратын қарайымдардың тілдері туралы деректер жинап, тракай, галиция диалектілері жайында жазған. Ол қыпшақ тобындағы тілдерді салыстырмалы-тарихи тұрғыда қарастырып, әліпби, лексика және орфография мәселелерін зерттеумен айналысуда. «Грамматика караимского языка: фонетика и морфология», «Лексика тюркских языков в сравнительном освещении», «Лексикология тюркских языков», «Языки и письменность народов Евразии»атты еңбектері жарық көрген. «Парасат» орденімен КСРО-ның, Қазақстанның, Ресейдің медальдарымен, КСРО Ғылым академиясының Құрмет грамотасымен марапатталған.