Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 19 Наурыз

Оқиғалар күнтізбесі

19 Наурыз
2004 Елбасы Н.Ә.Назарбаев Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін Жолдауын жариялады
19 наурыз күні Елбасы Н.Ә.Назарбаев Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін Жолдауын жариялады.
1899 113 жыл бұрын (1899-1974) Бегалиева Мәдина Қожбанқызы дүниеге келді
Қазақ әйелдері арасынан шыққан тұңғыш инженер, қоғам қайраткері.
1859 155 жыл бұрын Ш.Уәлиханов бірінші болып Таш Рабат құрылысын сипаттап жазды
1859 жылы 18 наурызда Қашқар жерінен Шатыр көл жазығына арасында қазақтың белгілі саяхатшысы әрі ғалымы Ш. Уәлиханов бар керуен келеді.

19 Наурыз 2004

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін Жолдауын жариялады

Қымбатты қазақстандықтар!

Өткен жыл ұлттық экономикамызды дамыту турасында сенімімiздi нықтап, үмітімізді ұштай түстi. Coңғы төрт жылда жалпы ішкі өнімнің жиынтық өсiмi 50 пайызға жуық артты. Наурыз айының басында «Дейли телеграф» ықпалды басылымы «Оксфорд аналитика» британ компаниясының экономикалық талдауын жариялаған еді, онда Қазақстан транзитті экономикасы бар мемлекеттердiң арасында аршынды дамып келе жатқан елдердің бiрi ретiнде аталып, биылғы жылы да осындай көш бастаушы тұғырын сақтап қалатыны жайында болжам жасалған eкeн. 

2003 жыл Индустриялық-инновациялық стратегиямызды iске асырудың алғашқы жылы болды. Елiмiзде даму институттары құрылып, олар қазірдің өзiнде өңдеушi салаларды жаңғыртуға нақтылы ықпал жасай бастады. Даму банкi жарты миллиард доллардан астам сомаға 20 инвестициялық жобаға кредит бөліп отыр. Инновациялық қор елiмiздегі алғашқы ғарыштық жер серігінің жасалуын қаржыландыруды қолға алды. 

Өткен жылы бес мұнай-химия кәсiпорнының жұмысы қалпына келтiрiлдi. Балқашта мырыш, Атырауда полиэтилен құбырларын өндiретiн зауыттар, Каспий теңiзiндегi жағалау жұмыстарына көмек жасайтын инфрақұрылым пайдалануға берiлдi. Қостанай дизель зауыты iске қосылды. Жеңiл және тамақ өнеркәсiбiнiң көптеген кәсіпорындарын жаңғыртып, қайтадан жасақтау жүзеге асырылып жатыр. Мұны жақсы нышан деу керек, бiзде тәуелсiздiк алған жылдарымыздың iшiнде 2003 жылы тұңғыш рет өңдеушi өнеркәсiптiң өcу қарқыны өндiрушi өнеркәсiптiң өсу қарқынынан асып түстi. Машина жасауда бұл көрсеткiш 20 пайыздан да артық болды. Аграрлық азық-түлiк бағдарламасын жүзеге асырудың да алғашқы жылы аяқталды. Қуантарлық нәтижелер бар. АӨК-тi мемлекеттік қолдау көлемi едәуiр ұлғайды. Былтырғы жылы ауыл еңбеккерлерi 51,5 миллиардқа жуық теңге алса, биыл оларға 70 миллиард теңгедей қаржы бөлiнiп отыр. Бұл алдыңғы жылдың көрсеткішінен ширектен астам артық. Бөлiнген қаржы шаруаларға өткен жылы лизинг арқылы 806 ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға, 52,5 мың тонна минералды тыңайтқыштар, сондай-ақ гербицидтер мен уытты заттар, мал егуге қажетті препараттар алуға мүмкіндік бердi. Мал шаруашылығында да оңды нәтижелерге қол жеттi, мал басы тұрақты өсіп келедi. Етпен сүт өндiру 17 пайыздан астам артты. Қазақстан астыққа деген өзiнiң қажетiн қанағаттандырып қана қоймай, бес миллион тоннадан астам астықты экспортқа да шығарды. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеу көлемi өткен жылы нақтылы есептегенде 9,5 пайыздан аса ұлғайды. 

Ең бастысы, шаруаларымыздың материалдық жағдайы едәуiр жақсарды, демек бұл олардың көңіл ауаны көтерiңкi, болашаққа деген сенiмi зор деген сөз. Соңғы жылдары Қазақстанның барша халқының тұрмыс-деңгейi көтерiлген үстiне көтерiлiп келедi. Өткен жылы еңбек өтiлi мен тапқан табысты ескере отырып, зейнетақылар мөлшерiн қайта қарау жүзеге асырылды. Жыл басынан берi зейнетақымен жалақының ең азмөлшерi көбейтiлдi. 

Бiз - халықтың КСРО Жинақ банкiндегi iзсiз кеткен салымдарын өтеудi қажет деп тапқан ТМД-дағы бiрден-бiр мемлекетпiз. Өткен жылы жалпы сомасы 4 миллиард теңгеден астам тұратын 1,3 миллион салым қайта тіркеуден өттi. Үстiмiздегi жылы салымдарды қайта тiркеу мерзiмi аяқталады. Азаматтардан келiп түскен көптеген өтiнiштерге байланысты Үкiметке салымдарды қайта тiркеудің мерзiмiн келесi жылға дейiн ұзартуға ұсыныс енгiзудi тапсырамын. Өткен төртжыл iшiндегі экономиканың өсуi: ең төменгi зейнетақы мөлшерiн - екi есе дерлік (3000-нан 5800 теңгеге дейiн), орташа зейнетақыны да- екi есе (4,1 мыңнан 8,6 мың теңгеге дейiн); ең төменгi жалақыны- екi жарым есе (2,6 мыңнан 6,6 мың теңгеге дейiн), орташа жалақыны- 1,6 есе дерлiк (14,3 мыңнан 24,8 мың теңгеге дейiн); мемлекеттік әлеуметтiкжәрдемақылар мөлшерін- 45 пайызғаөсiруге мүмкiндiк бердi. Әлеуметтiк-экономикалық дамудағытабыстарымыз негізгі өлшемдер бойынша бiздің Орталық 

Еуропаның бiрқатар елдерiне барынша жақындай түсуiмiзге мүмкiндiк бердi, ал Оңтүстік-ШығысЕуропа елдерiнен бiз iлгерiлеп кеттік. Бүкiлдүниежүзiлік Банктiң сыныптамасы бойынша бiздiң мемлекет ендігі жерде орта-деңгейден жоғары табысы бар мемлекеттердің тобына жатады. Кеңестiк кезеңнен кейiнгі кеңiстiкте, Каспий және Орталық Азия өңiрiнде Қазақстанның рөлiмен беделi күшейе түстi, бiздiң елiмiздiң әлемнiң саяси және экономикалық картасындағы маңызы да артып келедi. Қазақстан аса iрi әлемдiк форумдар өтетiн орынға айналды: Азиядағы өзара ықпалдастық және сенiм шаралары жөнiндегi кеңес, Әлемдiк және дәстүрлi дiндер лидерлерінің бiрiншi съезi бiзде өттi. 

Бiздiң елiмiзде Еуразия аймағы мемлекеттерiнiң әлемге танымал беделдi басшылары сапармен болып қайтты. Қазақстан өзiнiң нысаналы дамуын «Қазақстан-2030» ұзақ мерзiмдiк Стратегиясына толық сәйкес жалғастырып келедi. Ендiгi жерде күнтәртiбiндегi мәселе әлемдiк қоғамдастықта Қазақстанның бәсекеге қабiлеттiлiгi туралы, бiздің экономикамыздың бәсекеге қабiлеттiлiгi туралы және қазақстандық ғалымдардың, менеджерлердің, бизнесшiлердің, мамандардың, жұмысшылардың бәсекеге қабiлеттiлiгi туралы болып отыр. Бұл мiндеттi шешу үшiн бiздiң экономикалық, сондай-ақ әлеуметтiк салаларда да еуропалық стандарттарға жету стратегиясын әзiрлеуге кiрiсуiмiз керек.

19 Наурыз 1899

113 жыл бұрын (1899-1974) Бегалиева Мәдина Қожбанқызы дүниеге келді

Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданында туған. Хан ордасындағы (қазіргі Орда ауылы) үш жылдық педагогикалық курсты, Ордадағы Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) партия мектебін, Бүкілодақтық өнеркәсіп академиясын бітірген. 1922–1935 жылдары — Бөкей, Орал губерниялары және Сырдария округінің Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) партиясы комитеттерінде әйелдер арасындағы жұмыс жөніндегі бөлімнің меңгерушісі, Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) партиясы Қазақстан өлкелік комитетінің нұсқаушысы, Өлкелік өнеркәсіп одағы төрағасының орынбасары. 1935–1943 жылдары Балқаш мыс қорыту зауытында инженер болды. 1943–1948 жылдары Атырау облыстық Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) партиясы комитетінің әйелдер арасындағы жұмыс жөніндегі бөлім меңгерушісі, Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің нұсқаушысы, республикалық бақылау органында бақылаушы болып істеді. 1949 жылдан зейнет демалысында болды.

19 Наурыз 1859

155 жыл бұрын Ш.Уәлиханов бірінші болып Таш Рабат құрылысын сипаттап жазды

Таш Рабат маңына түнеген керуен, келесі күні Қара қойың өзенінің Атбасыдағы құяр сағасына келіп шатыр тігеді. Осы кезде Шоқан Уәлиханов Таш-рабат орта ғасырлық сәулеткерлік ескерткішін зерттеп және түсініктеме бере отырып, сызбалық жоспарын жасаған. Бұл осы күнге дейін көп қырлары жұмбақ күйінде қалып отырған Таш-рабат ескерткіші жөніндегі ең алғашқы мәлімет болып табылады.