Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 17 Наурыз

Оқиғалар күнтізбесі

17 Наурыз
2006 «Астана қаласын орнықты дамытудың 2030 жылға дейiнгi стратегиялық жоспары туралы» ҚР Президентi Жарлығы жарияланды
17 наурыз күні «Астана қаласын орнықты дамытудың 2030 жылға дейiнгi стратегиялық жоспары туралы» ҚР Президентi Жарлығы жарияланды.
2006 ҚР Президенті үш тарапты келісмге қол қойды
Бүгін 17 наурыз күні Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үш тарапты Үкіметаралық келісімге қол қойды.

17 Наурыз 2006

«Астана қаласын орнықты дамытудың 2030 жылға дейiнгi стратегиялық жоспары туралы» ҚР Президентi Жарлығы жарияланды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  2006 жылдың 14 наурызында № 67 «Астана қаласын орнықты дамытудың 2030 жылға дейiнгi стратегиялық жоспары туралы» ҚР Президентi Жарлығы жариялады.

Жарлықтың бірінші тармағында Астананың 2030 жылға дейінгі орнықты түрде стратегиялық дамуы бекітілген. ҚР Үкіметіне Астананың стратегиялық жоспарын жүзеге асыру мақсатында іс-шаралар жоспарын әзірлеп бекіту үшін бір ай уақыт берілді.

Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен ҚР Президентіне тікелей бағынып, есеп беретін  мемлекеттік органдарға Өкімге сәйкес Стратегиялық жоспарды іске асыру үшін қажетті іс-шаралар қабылдау қажет.

Астана қаласының әкiмi: 
  1) заңнамада белгiленген тәртiппен Стратегиялық жоспардың орындалуын үйлестiрудi қамтамасыз етедi; 
  2) жарты жылда бiр рет, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 25-күнiнен кешiктiрмей, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне және Қазақстан Республикасының Үкiметiне Стратегиялық жоспардың iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынады.

Жарлықтың iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелдi.

17 Наурыз 2006

ҚР Президенті үш тарапты келісмге қол қойды

2006 жылдың 17 наурызы күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Швеция Королдігі Үкіметі арасындағы инвестицияны ынталандыру және өзара қорғау жөніндегі Келісімді бекіту туралы», «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Латвия Республикасы Үкіметі арасындағы инвестицияны ынталандыру және өзара қорғау жөніндегі Келісімді бекіту туралы», «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Пәкістан Ислам Республикасы Үкіметі арасындағы инвестицияны ынталандыру және өзара қорғау жөніндегі Келісімді бекіту туралы» заңдарға қол қойды.