Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 16 Наурыз

Оқиғалар күнтізбесі

16 Наурыз
1936 79 жыл бұрын Абай атындағы Жамбыл қазақ драма театры ашылды
1992 Республикалық «Ұлан» гвардиясының құрылған күні
1992 жылдың 16 наурызында ҚР Президентінің Жарлығымен Алматы облысында Қазақстан Республикасының Республикалық «Ұлан» гвардиясы құрылды.

16 Наурыз 1936

79 жыл бұрын Абай атындағы Жамбыл қазақ драма театры ашылды

79 жыл бұрын Абай атындағы Жамбыл қазақ драма театры Б.Майлинның «Келін мен шешей» комедиясы қойылымымен ашылды. Театрдың алғашқы режиссерлары — Рамиш Абдрахманов, Мақсұт Майтанов. Қазіргі таңда театрдың бас режиссеры — Қ.Қасымов. 1938 жылы театр сахнасында түрлі жанрдағы 320 спектакль қойылды.

16 Наурыз 1992

Республикалық «Ұлан» гвардиясының құрылған күні

Бүгінгі таңда Республикалық ұлан  ҚР ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнаулы мемлекеттік орган.  «Ұланға» Республиканың мемлекеттік билік және басқармалардың жоғарғы органдарын, Президенттің, Парламент пен Үкімет басшыларының көлік құралдарын ел аумағында және сырт жерлерде күзету, ҚР Мемлекеттік туы мен Мемлекеттік елтаңбасының эталондарын күзету, шетел мемлекеттері басшыларын күтіп алу, шығарып салу кезінде, ҚР мейрамдары мен салтанаттарында жоралғылық рәсімдерді орындау, мемлекеттік және  қоғамдық қауіпсіздікке әсер ететін құқық тәртібін бұзушыларды тоқтату, ҚР аумағындағы конституцияға қарсы сипаттағы қарулы және басқа да әрекеттерді тоқтату, ҚР заңдарында көзделген тәртіпте төтенше жағдай режімі кезінде іс-шаралар жүзеге асыру  міндеттелген.  Сонымен қатар, гвардия Елбасы және басқа да күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін аса маңызды нысандарды, ғимараттар мен қызметтік үй-жайларды күзетеді.