Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 13 Наурыз

Оқиғалар күнтізбесі

13 Наурыз
1920 Сәкен Сейфуллин «Қызыл сұңқарлар» пьесасын жазды
1913 13 наурыз қазақ халқының көрнекті сазгері, педагог және қоғам қайраткері Мұқан Төлебаев дүниеге келді
1913 жылдың 13 наурыз күні қазақ халқының көрнекті сазгері, педагог және қоғам қайраткері Мұқан Төлебаев дүниеге келді.

13 Наурыз 1920

Сәкен Сейфуллин «Қызыл сұңқарлар» пьесасын жазды

95 жыл бұрын  Сәкен Сейфуллин «Қызыл сұңқарлар» пьесасын жазды. Бұл Колчакқа қарсы көтерілісшілердің батырлық күресін бейнелейтін қазақ кеңес әдебиетіндегі алғашқы революциялық драма.

13 Наурыз 1913

13 наурыз қазақ халқының көрнекті сазгері, педагог және қоғам қайраткері Мұқан Төлебаев дүниеге келді

Алматы облысы, Бөрлітөбе ауданы, Қарашыған аулында дүниеге келген. 1933 жылы мектепті бітірген соң Алматы педагогикалық учлищесіне оқуға түседі. 1942-1944 жылдары қазақ халық аспаптары оркестрінің дирижері болған. 1951 жылы Москвада композиция сыныбында консерваторияны тәмәмдайды. 1956-1960 жылдары Қазақстан композиторлар одағының басқарма төрағасы болды. Аз ғана ғұмырында 100 жуық музыкалық шығармаларды дүниеге әкелді. Бұлардың ішінде опералық, контаталық-ораториялық және ән-романстық шығармалары айрықша назар аударады. Өнертанушылардың пікірінше сазгер шығармалары адам сезімінің терең түкпірлеріне бойлап әсер етері сөзсіз. Өзінің аз ғана мәнді ғұмырында ол «Біржан — Сара», «Амангелді» операларын қойып, Абай әндеріне романс жазуды бастаған болатын. «Жамбыл», «Біз осында өмір сүреміз», «Алтын мүйіз» фильмдеріндегі әндердің авторы атанды. Евгений Брусиловский, Латиф Хамидимен бірігіп, 1946-2006 жылдар аралығындағы Қазақ ССР соңынан Қазақстан әнұранының музыкасын жазды. М.Төлебаев қазақтың кәсіпқой музыкалық мәдениетін қалыптастырып, әлемдік деңгейге көтерген хас дарындардың бірі.