Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 12 Наурыз

Оқиғалар күнтізбесі

12 Наурыз
1951 1951 жылы 12 наурызда КСРО-да «Бейбітшілікті қорғау» туралы заң қабылданды
Осы күні КСРО-ның Жоғарғы Кеңесі «Бейбітшілікті қорғау» туралы заңды қабылдады.
1993 22 жыл бұрын Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы бірінші халықаралық әуе сапары орындалды
1993 жылдың 13 наурызы күні тәуелсіз ел тарихында бірінші халықаралық Алматы-Шарджа әуе сапары орындалды.
1999 1999 жылдың 12 наурызында Каир қаласындағы (Мысыр) көшелердің біріне Абай есімі берілді
Каирде (Мысыр) Қазақстан елшілігі орналасқан көшеге Абай есімі берілді.

12 Наурыз 1951

1951 жылы 12 наурызда КСРО-да «Бейбітшілікті қорғау» туралы заң қабылданды

1951 жылы 12 наурызда КСРО-ның Жоғарғы Кеңесі қабылдаған бейбітшілікті қорғау туралы заңға қазақстандық 4 млн. адам қол қойды.

12 Наурыз 1993

22 жыл бұрын Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы бірінші халықаралық әуе сапары орындалды

22 жыл бұрын жеке меншік «Азамат» әуе компаниясының халықаралық ұшуларға дайындалған экипажының орындауындағы Алматы-Шарджа әуе сапары орындалды. Әуе кемесінің командирі 1-ші сыныпты инженер-ұшқыш Борис Бацикадзе болған еді. Ұшу 10 600 метр биіктікте тыныш өтіп, ұшақта 90 жолаушы болды. Оның ішінде 8 адам — БАӘ елшілік қызметкерлері мен бизнесмендер болды. Арада 4,5 сағат өткенде ұшақ кесте бойынша Шарджа әуежайына келіп қонды.

12 Наурыз 1999

1999 жылдың 12 наурызында Каир қаласындағы (Мысыр) көшелердің біріне Абай есімі берілді

1999 жылы 14 наурыз күні Мысыр астанасы Каир қаласында ҚР елшілігі орналасқан көшеге еліміздің ұлы ақыны Абай есімі берілді.