Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 21 Ақпан

Оқиғалар күнтізбесі

21 Ақпан

21 Ақпан 1917

Театр және кино актрисасы, КСРО халық артисі, Қазақстан халық артисі Хадиша Бөкееваның туған күні

Хадиша Бөкейқызы Бөкеева (1917 жылғы 21 ақпан – 2011 жылғы 31 қаңтар) – театр және кино актрисасы, Қазақстан халық артисі, КСРО халық артисі (1964).

Хадиша Бөкеева Казталовка ауылында (қазіргі – Қазақстан, Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданының орталығы) 1917 жылғы 21 ақпанда (басқа дереккөздер бойынша - 1 қаңтарда) дүниеге келді.

1938 жылы Ленинградтағы театр институтын (қазіргі – Санкт-Петербург театрлық өнердің мемлекеттік академиясы) тәмамдап, Шымкент театрының труппасына түсті.

1942 жылдан бастап М.О.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында қызмет етті (Алматы).

1965 жылдан бастап Құрманғазы атындағы өнер институтының театр факультетінде (2000 жылдан бастап – Т.К.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы) педагогикалық қызметте болады (1968 жылдан бастап - доцент).

Қазақ ССР кинематографистер Одағының мүшесі.

2011 жылғы 31 қаңтарда Алматы қаласында өмірмен қош айтысты. Кеңсай зиратында жерленген.     

21 Ақпан 2000

Ана тілінің халықаралық күні

ЮНЕСКО-ның Бас конференциясымен 1999 жылғы 17 қарашада жарияланған, Ана тілінің халықаралық күні, 2000 жылдан бастап жыл сайын 21 ақпанда тілдік және мәдени алуан түрлілік пен көп тілдікті қолдау көрсету мақсатында мерекеленеді. БҰҮ Бас Ассамблеясы өз кезегінде, 2008 жылды өз қарарында Тілдердің халықаралық жылы деп жариялаған. 2010 жыл Мәдениеттерді жақындастыру мақсатында халықаралық жыл болып аталды. Тілдер біздің материалдық және рухани мұраны сақтап қалу мен дамытудың ең қуатты құралы болып табылады. ЮНЕСКО-ның бағалауы бойынша, әлемнің шамамен 6 мың тілдердің ішінен тең жартысы жуық уақытта өздерінің соңғы тіл тасығыштарынан айрылуы ықтимал. Ана тілінің таратылуына жағдай жасау үшін жасалған бүкіл қадамдар, тілдік алуан түрлілік пен көп тілдік білімге жәрдем жасап, бүкіл әлем бойынша тілдік және мәдени салт-дәстүрлермен толыққанды танысуды дамытып қана қоймай, өзара түсіністік, төзімділік пен диалогта негізделген ынтымақтастықты нығайтады. 2003 жылғы 21 ақпанда Ана тілінің халықаралық күніне орай ЮНЕСКО-ның Бас директоры К.Мацуура: «Ана тіліне неге соншалықты зер салынады? Себебі тілдер адамның алуан түрлілігінде адами шығармашылықтың ерекше көріністі құрады. Коммуникация, қабылдау және толғанудың құралы ретінде, тіл әлемді қалай көретінімізді сипаттайды және де өткен-кеткен, қазіргі уақыт пен болашақ арасындағы байланысын көрсетеді. Тілдер кездейсоқ кездесудің іздерін, ақпарат алған түрлі дереккөздерді көрсетеді, олардың әрқайсысында жеке тарихы бар. Ана тілі туғаннан бастап әрбір адамға қандай із қалдырғандығы тұрғысынан бірегей, адамның заттарға деген ерекше көрінісін үлестіріп береді, кейін адам көптеген тілдерді меңгергеніне  қарамастан, ондай көрініс ешқашан жоғалмайды. Шетел тілді оқу – әлемнің басқа көрінісімен, өзге тәсілдермен танысу тәсілі»,- деп атап өткен.  

Ақпарат көзі: http://www.calend.ru/holidays/0/0/1860/