Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 14 Ақпан

Оқиғалар күнтізбесі

14 Ақпан

14 Ақпан 1956

Кремльде КОКП ХХ съезді ашылды.

КОКП ХХ съезді Мәскеуде 1956 жылғы 14-25 ақпанда өтті. Шешуші даусымен 1349 делегат және кеңесші даусымен 81 делегат қатысты, олар 6 795 896 партия мүшелерін және 419 609 партия мүшесіне кандидаттарды ұсынды.

Съездің делегаттар құрамы (шешуші дауыс құқығымен): жұмыс түрі  бойынша – 438 делегат тікелей өндірісте жұмыс істейді, олардың ішінен 251 адам өнеркәсіпте және көлік саласында, 187 – ауыл шаруашылығында қызмет еткен; жас шамасы бойынша – 40 жасқа дейін 20,3%, 40-тан 50 жасқа дейін 55,7%, 50-ден асқандар 24%; білімі бойынша – 758 делегат жоғары оқу білімімен, 116 делегат аяқтамаған жоғары оқу білімімен және 169 делегат орта білімімен, яғни 80% делегаттардың білімі жоғары, аяқтамаған жоғары және орта білімді болған; партиялық қызмет өтілі бойынша – 22 делегат партияға Ұлы Октябрь социалистік революциясына дейін кірген, 60 делегат – 1917-20 жылдары, 24,9% делегат 1921-30 жылдары, 34% делегат  1931—1940 жылдары, 21,6% делегат 1941—45 жылдары, 13,4% делегат 1946 жылы және одан кейін енген. Съезге делегат ретінде 193 әйел адам сайланды (бұл бүкіл делегаттардың 14,2% құрады). Съезд делегаттары арасында 60 -  Кеңес Одағының Батырлары және 95 – Социалистік Еңбек Батырлары. Съезде 55 шет елдердің коммунистік және жұмыс партияларының делегаттары қатысты. 

Күн тәртібі: КОКП ОК есептік баяндамасы (баяндамашы Н. С. Хрущев); КОКП Орталық тексеру комиссиясының есептік баяндамасы (баяндама жасаған П. Г. Москатов); 1956-60 жылдарға арналған КСРО халық шаруашылығын дамытудың 6-бесжылдық жоспарына КОКП 20-съезінің нұсқаулары (баяндама жасаған Н. А. Булганин); Партияның орталық органдарын сайлау.  

20-съезд Сталинге жеке табынудан және оның зардаптарынан еңсеру жайында мәселені қарастырды. Онымен қабылданған қарарда партия өмірінің лениндік нормаларын қалпына келтіру, партия ішілік демократияны дамыту жөнінде ОК жүргізген қомақты жұмысы мақұлданды. Съезд ОК марксизм-ленинизмге жат жеке басқа табынудан толық еңсеруді, партиялық, мемлекеттік және идеологиялық жұмыстың бүкіл саласында оның зардаптарын жоюды, партия өмірінің лениндік нормаларын және басшылық етудің ұжымшылдық қағидаттарын қатаң сақтауды қамтамасыз ететін шараларды біртіндеп жүзеге асыруды ұсынды. Жеке басқа табынуды сынағанда партия тарихтағы халық бұқарасының, партия және жеке тұлғаның рөлі туралы, саяси басшының атқарған істері қаншалықты зор болса да, жеке басқа табынуды болдырмау туралы марксизм-ленинизм ережелерін басшылыққа алды.   

20-съезд өткен соң, оның шешімдерін дамыту үшін КОКП ОК 1956 жылғы 30 маусымдағы «Жеке басқа табынуды және оның зардаптарын еңсеру туралы» арнайы қаулысы жарияланды. Съезд шешімін коммунистік партия, кеңес халқы, бауырлас коммунистік және жұмыс партиялары мақұлдап, қолдады.

Әд.: КОКП ХХ съезді. Стенографиялық есеп, 1-2 т. М., 1956.

 Л. Н. Бычков.

Ақпарат көзері: Большая советская энциклопедия, 1969 – 1978

14 Ақпан 1992

Минскте «Тәуелсіз Мемлекеттік Достастығы шеңберінде ынтымақтастық қағидаттарын сақтау туралы декларацияға» қол қойылды.

Мемлекеттер – Достастық қатысушылары, Тәуелсіз Мемлекеттік Достастығын құру туралы Келісім және Достастықтың өзге құжаттары  бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерді қадағаламауды жоюға шешім еткен, халық және мемлекеттер арасында конфронтация және келіспеушіліктің қозуына жол бермеу үшін өз жауапкершілігін жете түсініп, өзара түсіністік пен сенім атмосферасының нығаюына қолғабыс етуге ұмтылып, халықаралық құқықтың көпшілік мойындаған қағидаттары мен нормаларын ұстанатынын растап, келесіні қамтамасыз етуге салтанатты түрде міндеттенеді:  

1.  Достастық шеңберіне өзіне қабылдаған халықаралық міндеттемелерді қатаң орындау.

2.  Бір бірінің ішкі істеріне араласпау.

3.  Мемлекеттік шекаралардың аумақтық тұтастығын және дербес құлықтылығын құрметтеу. 

4.  Азшылық ұлттардың құқықтарын қоса алғанда, адам құқығы және негізгі еркіндік саласында халықаралық стандарттарды бұлжытпай сақтау.

5.  Достастық мемлекеттердегі қоғамдық-саяси өмірді бұқаралық ақпарат құралдарында объективті және ақылға салып жариялау, сондай-ақ ұлтаралық алауыздықты тудыра алатын мәліметтерге жол бермеу.  

6.  Фашизм, нәсілшілдік идеяларды, ұлтаралық қатынастарда төзімсіздік пен алауыздықты насихаттайтын саяси партиялар мен топтардың қызметіне жол бермеу. 

7.  Достастық қатысушыларының - Мемлекет басшылары көрсетілген қағидаттарды бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту тетігін әзірлеуге, тиісті мемлекеттік құрылымдар арқылы осы Декларацияның ережелерін орындауға қолғабыс етуге, сондай-ақ телеарнаның бірінші бағдарламасының мәртебесімен байланысты мәселелерді пысықтауға міндеттенеді.  

Минск қаласында 1992 жылғы 14 ақпанда орыс тіліндегі жалғыз түпнұсқалық данада жасалған. Түпнұсқа данасы Беларусь Республикасы Үкіметінің мұрағатында сақталады, ол осы декларацияға қол қойған мемлекеттерге оның куәландырылған көшірмесін жолдайды.   

Әзербайжан Республикасы үшін

  Ресей Федерациясы үшін

А.Муталибов

  Б.Ельцин

Армения Республикасы үшін

  Тәжікстан Республикасы үшін

Л.Тер-Петросян

Премьер-министр

А.Мирзоев

Беларусь Республикасы үшін

Түркменстан үшін

Жоғарғы Кеңес төрағасы

С.Шушкевич

С.Ниязов

Қазақстан Республикасы үшін

Өзбекстан Республикасы үшін

Н.Назарбаев

И.Каримов

Қырғызстан Республикасы үшін

Украина үшін

Премьер-министр

Т.Чынгышев

Л.Кравчук

Молдова Республикасы үшін

М.Снегур