Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 10 Ақпан

Оқиғалар күнтізбесі

10 Ақпан

10 Ақпан 1995

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында бейбітшілік пен тұрақтылыққа қолдау көрсету туралы меморандум қабылданды

1995 жылғы 10 ақпанда Алматыда өткен ТМД елдері Мемлекет басшыларының Кеңесі мен Үкімет басшылары кеңесінің мәжілісінде ұжымдық қауіпсіздік, ТМД-ның шекара және бітімгершілік күштерін құру туралы мәселе талқыланды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында бейбітшілік пен тұрақтылыққа қолдау көрсету туралы меморандум қабылданды. Сол күні өткен президенттер Н.Назарбаев, А.Ақаев және И.Каримовтың кездесуінде Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы үш елдің уағдаластығын жүзеге асыру жөніндегі істің жағдайы талқыланды, үш елдің Мемлекетаралық кеңесі атқару комитетінің есебі, Орталық Азиялық ынтымақтастық және Даму банкі басқармасының және Аралды құтқару халықаралық қоры басшылығының есептері тыңдалды. Орталық Азиялық үш республиканың басшылары Мемлекетаралық кеңес және оның институттары туралы келісімге қол қойып, Қазақстанның, Қырғызстанның және Өзбекстанның Премьер-министрлер кеңесі және Сыртқы істер министрлері кеңесі туралы ережені бекітті.

10 Ақпан

Қыйма ауылы Есіл ауданының орталығы болып бекітілді

1935 жылғы 10 ақпанда Қыйма ауылы Есіл ауданының орталығы болып бекітілді.
Қарағанды облыстық атқарушы комитеті Президиумінің 1935 жылғы 10 ақпандағы қаулысымен ҚазОАК Президиумінің 1935 жылғы 9 қаңтардағы қаулысы негізінде Төңкерей ауданының келесі ауылдық кеңестерінен тұратын жаңа құрамы бекітілді: Голощекин, Городецк, Дмитриев, Есіл, Жалтыр, Исаев, Кеңес, Коновалов, Крещенск, Марьевск, Нижне-Бурлук, Семипольск, Сергеевка, Степной. Орталығы —  Марьевка аулы.