Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 8 Ақпан

Оқиғалар күнтізбесі

8 Ақпан

8 Ақпан 1830

Ағартушы-ғалым, этнограф және Бөкей ордасының басшысы Мақаш Бекмұхамбетовтың туған күні

Ағартушы-ғалым, этнограф және Бөкей ордасының басшысы Мақаш Бекмұхамбетовтың туған күні

Мақаш-әкім: халыққа қызмет ету тәжірибесі

Қай уақытта болса да, кез келген елде немесе кез келген өңірде, біздің жағдайымыз сияқты, қаланың, өңір немесе бүкіл мемлекеттің дамуында елеулі рөл атқарған, әрқашанда өз көшбасшылары болған. Жерлестері олардың есімдерін жадына сақтап, адамдар үшін жасаған игі істерінің барлығын біледі. Біздің өңіріміздің тарихында XIX ғасырдың екінші жартысында шамамен жарты ғасыр бойы Еділ және Орал өзендері арасында орналасқан Бірінші және Екінші теңіз жағасы округімен басшылық еткен қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым, этнограф Мақаш (Мұхамбетжан) Шолтырұлы Бекмұхамбетовтің алатын орны ерекше.

Ол 1830 жылы сол кездегі Бөкей ордасында қазіргі Құрманғазы ауданының Мақаш ауылдық округінің аумағында туды. Дүниеге келген орта жайлы сөз қозғайтын болсақ, Мақаштың арғы атасы бүкіл халықтың құрметіне иеленген билер, ел тәуелсіздігін қорғап қалған батырлар еді. Мұнда белгілі Қойыс пен Дербіс ("Койыс пен Дербіс серт еткен, серт еткен жауын мешіт еткен"), және Түрке би, және де Сырым Датұлының уақытында қарапайым адамдардың құрметіне бөленген Тұрымбет пен Пұсырман бар еді.

Мақаштың атасы Бекпембет (орыс құжаттарында Бекмухамбет) Бөкей Жәңгір ханның 12 нөкерінің бірі болған, әкесі Шолтыр –атақты ру басшысы болған. Мақаштың шешесі – Нарында белгілі сөз майталманы, ақын Сәреттің немересі, Жұбаныш бидің қызы, кейін оны  «Бекпембеттің би-келіні» деп атап кеткен, дана Қамқа.

Бастауыш білімін Мақаш ауыл молдасынан алған, содан соң оқуды Жәңгір хан мектебінде жалғастырды, онда тәрбиеленушілерге еуропалық білім беруге тырысқан. 1844-1851 жылдары Мақаш Неплюев атындағы Орынбор кадет корпусында тәрбиеленеді, оны тәмамдаған соң, унтер-офицер шенін алды.

Кейін, 1859 жылы оған жүзбасы, ал 1864 жылы – есаул атағы беріледі. 1855 жылы Мақаш Екінші, ал 1868-1886 жылдары Бірінші және Екінші округтерінің басшысы болған, ал 1886-1893 жылдары қайтадан Екінші округті басқарған. 1894 жылғы 23 сәуірден бастап 1897 жылдар кезеңінде Уақытша округтің кеңесшісі қызметін атқарған. Қаруындағы округтармен басқару ісінде ерекше қызметі үшін 2-дәрежелі Қасиетті Станислав, 2-дәрежелі Қасиетті Анна және 4-дәрежелі Қасиетті Владимир ордендерімен марапатталған. Сол кездегі Ресей үкіметінің мемлекеттік наградалармен марапаттау тәртібіне көз жүгірсек, жоғарыда көрсетілген ордендер елді басқарудағы ерекше жетістігі үшін, ағарту және мәдениетті дамыту бойынша еңбектері үшін, халық денсаулығын сақтау және жақсартқаны үшін берілген.  

1896 жылы ол жергілікті әкім Өтешқали Атаниязовпен бірге патшаға алтын және барқытпен көмкерілген қазақ киіз үйінің макетін сыйға тартқан.  

Сол барған уақытында Ресей патшалығының әкімшілігін қазақ халқын шоқындырудан сақтап, оларды өз мұсылман сенімінде қалдыру мүмкіндігін беруді өтіне сұраған. Сонымен қатар, Екінші теңіз жағасындағы округтың  аумағын көгалдандыру және гүл егу үшін қаражат бөлу мәселесін шешуді сұраған, сол кезде осы аудан жер қыртысының эрозиясы салдарынан экологиялық тұрғыдан нашар болған. 

Нәтижесінде мәселелердің барлығы қанағаттандырылып, оң шешілді. Далада, құм төбешігінде шалғын, жыңғыл, құмаршық отырғызылып, өзен бойында – қарағаш және басқа да тал-шіліктер отырғызылды. Жасыл желектерді күту үшін арнайы жұмыскерлер іріктеліп алынған, қорықшылар тағайындалған.  

Содан соң, 1910 жылы Астраханда «Астрахан губерниясының көшпелі қазақтары мен қалмақтары»  атты кітап жарыққа шығады. Кітапқа Астрахан өңірін зерттеу жөніндегі қоғамның мүшесі Г. И. Щербаковтың "О киргизской (казахской) степи в Букеевской Орде" атты мақаласы енеді, онда Мақаштың еңбектеріне талдау жасалған.

Мақаштың кейбір қолжазбалары Салтыков-Щедрин атындағы Санкт-Петербургтегі көпшілік кітапханада, Ресей ғылым академиясының шығыстанушы профессор И. Н. Березиннің қорында сақталды. Олардың кейбіреулерін әр жылдарда осы жолдардың авторы жеке кітаппен шығарған («Мақаш әкім», Алматы, «Арыс» , 2004).

Осымен қатар,  М. Бекмұхамбетов қазақ әдебиеті тарихының уақыт шегін  XVII ғасырдан XV  ғасырға, яғни үш жыл артқа жылжытты деп айтуға болады. Оған куә ретінде – сол кезде өмір сүрген Шалкиіз, Доспамбета, Жиембет жырау және Есет би сияқты ақындардың айтқан сөздерін өзі жинаған, оны «Жақсы үгіт» атты 1908 жылы Қазанда жеке кітап етіп шығарған, онда өзі аударған И. А. Крыловтың "Разборчивая невеста", "Осел и соловей" сияқты мысалдарды енген.