Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 26 Қаңтар

Оқиғалар күнтізбесі

26 Қаңтар

26 Қаңтар 1924

91 жыл бұрын «Ақ жол» газетінде Ж.Аймауытовтың «Әйелді мектепке алыңдар» деген мақаласы жарық көрді

91 жыл бұрын «Ақ жол» газетінде Ж. Аймауытовтың «Әйелді мектепке алыңдар» деген мақаласы жарық көрді. Мақалада ерлер мен әйелдердің құқықтарын теңестіру жайында айтылған.

26 Қаңтар 1992

Қазақстан Республикасы және Жапония арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды

1992 жылғы 26 қаңтарда Қазақстан Республикасы және Жапония арасында дипломатиялық қатынас орнатылды.  

Екі жақты қарым-қатынастың негізі болған Н.Назарбаевтың Жапонияға 1994 жылғы 6-9 сәуір және 1999 жылғы 5-8 желтоқсандағы ресми сапарлары. Елбасының екінші ресми сапары барысында достық, әріптестік және ынтымақтастық туралы өтінішке қол қойылды. 

Осы сапарлар Қазақстан және Жапония арасындағы байланыстың дамуына қарқынды ықпал жасады. Екі жақты байланыс дамуының  бүкіл кезеңі аралығында Жапонияда Қазақстан және жалпы Орталық  Азиямен қарым-қатынасты дамытуға деген қызығушылық байқалады.  

Халықаралық қауіпсіздік мәселелерінде елдеріміздің ұстанатын бағыттары жақын. Жапония Қазақстан Республикасының Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа (ЯҚТШ) қосылғанын, біздің еліміздің өз жерінде ядролық қаруды жою жайындағы шешімді қабылдағанын қолдайды. 

Халықаралық ұйымдар қызметінде өзара қарым-қатынас жасау екі жақты ынтымақтастықтың маңызды аспектісі болып табылады. Екі ел арасындағы парламентаралық қатынас тығыз дамуда.

2007 жыл индустриалдық, энергетикалық және қаржы салаларында ынтымақтастықты белсенді ету нәтижесінде екі жақты экономикалық қатынастың қызған кезі. Мәдени-гуманитарлық салада да Қазақстан және Жапония арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып жатыр. 


26 Қаңтар 2006

«Ұлттық игілік» сыйлығы жарияланды

2006 жылғы 26 қаңтарда Қазақстанда Еуразиялық мәдениет қорының бастамасымен «Ұлттық игілік» сыйлығы жарияланды.

Сыйлық қызметі өз отанында да, бүкіл әлемнің де көңілінен шыққан, Қазақстан азаматтарына республиканың мемлекеттілігі, экономика, ғылым және мәдениет салаларының дамуына өзіндік зор үлес қосқаны үшін беріледі.  Сыйлық иегері ретінде мемлекеттік, қоғамдық, діни қайраткерлер, сондай-ақ ғылым, экономика, әдебиет, өнер, білім беру және спорт саласының қайраткерлері бола алады. Еуразиялық мәдениет қорының кеңесі сыйлықты беру туралы шешім шығарады. Алдын-ала сараптамалық жұмысты өткізу үшін сараптамалық комиссия құрылады. «Ұлттық игілік» сыйлығы жыл сайын жарияланды.

Сыйлық лауреатына баумен байланып, стильді жасалған алтын пластина «Алтын пайцза» тапсырылады. Дәл осындай белгілер өткен ғасырларда Қазақстан даласының әйгілі адамдарына сыйланған. Белгінің оң жағында табанында құзғынды ұстап тұрған асыл тұқымды сұңқар бейнеленген. Осы барельеф жақсылықтың жамандықты жеңгенін білдіреді.

Сонымен қатар лауреатқа ерекше құжат - Еуразиялық мәдениет қорының паспорты ұсынылады, онда тиісті ақпаратпен қоса, барша Еуразия елдерінің Парламенттері мен Үкіметтеріне «осы паспортты ұсынған» адамға жан-жақты ықпал ету жайында өтініш бар. «Алтын пайцза» - Еуразиялық мәдениет қорының ең жоғарғы сыйлығы.