Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 22 Қаңтар

Оқиғалар күнтізбесі

22 Қаңтар
1993 25 жыл бұрын Қазақстан Ғылым академиясының атауы Ұлттық ғылым академиясы болып өзгертілді
Елбасы Н. Назарбаевтың жарлығымен оған республикалық жоғары ғылыми мекеме мәртебесі берілді.
1999 «Әділет» партиясы тіркелді

22 Қаңтар 1993

25 жыл бұрын Қазақстан Ғылым академиясының атауы Ұлттық ғылым академиясы болып өзгертілді

22 Қаңтар 1999

«Әділет» партиясы тіркелді

Партия аумақтық қағидат бойынша құрылады және де республиканың барлық облыстары мен Астана және Алматы қалаларында партияның бөлімшелері бар.

Басты міндет: Қазақстанда құқықтық демократиялық әлеуметтік мемлекетті құру, тиімді, озық және өркендеген экономикалық жүйені құру, азаматтық қоғамды қалыптастыру.

2004 жылы Мәжілістегі сайлау қорытындысына сәйкес партиялық тізім бойынша дауыс берген кезде партия 0.76% дауыс алды. Үшінші шақырылымдағы Мәжілісте бір мандатты округ бойынша сайланған бір депутат бар. 2007 жылғы 8 шілдеде «Әділет» демократиялық партиясының 5 съезінде Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясына қосылу туралы шешім қабылданды. 2007 жылғы 20 қазанда өткен «Әділет» демократиялық партиясының VI (кезектен тыс) съезінде «Ақ Жол» ҚДП қосылу туралы «Әділет» ДП V (кезектен тыс) съезінде бұрын қабылданған шешімнің күшін жою туралы шешім қабылданды.