Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 16 Қаңтар

Оқиғалар күнтізбесі

16 Қаңтар
1992 Швеция Корольдігі Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындады
2008 7 жыл бұрын Алматыда ғұлама ғалым, академик Әлкей Марғұланға арналған ескерткіштің ашылу салтанаты болды
Ә.Марғұлан – біртуар, қайталанбас тұлға, ғалым-энциклопедист, ҚазКСР ҒА мүшесі, Бүкілодақтық Географиялық қоғамның толық мүшесі, көптеген ғылыми еңбектердің авторы.

16 Қаңтар 1992

Швеция Корольдігі Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындады

1992 ж. 16 қаңтарында Швеция Корольдігі Қазақстан Республикасының, мемлекеттік тәуелсіздігін мойындап, осы жылдың 7 сәуірінде екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды. Қазақстан мен Швеция арасындағы екі жақты саяси қарым-қатынас жоғары қарқынды байланыспен ерекшелінбей, ынтымақтастық ретінде сипатталынады.  

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Швеция Корольдігіне бірінші ресми сапары 2004 ж. 25-26 қазанында болды. 

2006 ж. 20-22 ақпанда Қазақстан ел басының Швециядағы келісімдердің орындалған сон, кәсіпкерлер делегацияны басқарып, Швеция Премьер Министрдің бірінші орынбасары Б.Рингхолм Қазақстанға сапар шекті.

Шведтік делегация, Швеция Корольдігінің сыртқы істер Министрі К.Бильдтпен Астана қаласында болып өткен ЕҚЫҰ саммитіне қатысты.

2011 жылдың 11-12 маусымында Вестерос қаласында  Қазақстан Республикасының Елшілігінің, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы және Еуропадағы қазақ диаспорасы Федерациясының қолдауымен Еуропадағы қазақтардың кіші құрылтайы болып өтті.

Іс шара мақсаты диаспораның жас буын өкілдерін қазақ тіліне, мұрасы мен мәдениетіне баулу, сондай – ақ Қазақстан Республикасының Президенті - Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 ж. 25-27 мамырда Астана қаласында өткен, IV Дүниежүзі қазақтары қауымдастығында жолданған үндеуінің негізгі ережелерін жеткізу болып табылады.   


16 Қаңтар 2008

7 жыл бұрын Алматыда ғұлама ғалым, академик Әлкей Марғұланға арналған ескерткіштің ашылу салтанаты болды

Ғылымға сіңірген зор еңбегі және жеке қасиеттері туралы академиктің қызы Дәмелі Марғұлан, белгілі тарихшы Карл Байпақов және басқалар айтып берді. Карл Байпақов Ә.Марғұланның ең маңызды еңбектеріне, соның ішінде қазіргі Қазақстанның аумағында төрт мың жыл бұрын орналасқан Беғазы-Дандыбай мәдениетіне жеке тоқталып өтті. Ол Қазақстан тек қаңа көшпенділердің елі ғана емес деп көрсетіп, Қазақ даласында отырықшы мәдениетінің болғандығын дәлелдеді.

Ә.Марғұлан – біртуар, қайталанбас тұлға, ғалым-энциклопедист, ҚазКСР ҒА мүшесі, Бүкілодақтық Географиялық қоғамның толық мүшесі, көптеген ғылыми еңбектердің авторы. Бүгінгі таңда ғалымның ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жатқан өсиеті мен өшпес ғылыми еңбектері Елбасымыз Н.Назарбаевтың өзі тікелей қолдаған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында кеңінен зерттелу үстінде.