Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 1 Қаңтар

Оқиғалар күнтізбесі

1 Қаңтар

1 Қаңтар 1995

Қазақстанда жаңа төлқұжат пен жеке куәлік енгізілді

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап қызыл мұқабадағы совет төлқұжатын бірте-бірте орнын басқан жаңа төлқұжат пен жеке куәлік енгізілді.


1 Қаңтар 1893

Кеңес Одағының батыры Иван Васильевич Панфиловтың туған күні

Иван Васильевич Панфилов (1892 жылдың 20 желтоқсанында (1893 жылдың 1 қаңтарында) Саратов губерниясының Петровск қаласында туылған, 1941 жылдың 19 қарашасында  Мәскеу облысы Волоколамск ауданы Гусенево селосында қаза тапты) – советтік әскери қайраткер, генерал-майор, Кеңес Одағының батыры (1942, қайтыс болғаннан кейін берілген).

1915 жылы патша әскеріне шақыртылып және орыс-герман фронтына жіберілді. 1918 жылы Қызыл Әскерге өз еркімен кіріп және 25-ші Чапаев дивизиясының 1-ші Саратовтық жаяу әскер полкінің қатарына алынды. Азамат соғысына қатысушы, 25-ші Чапаев атқыштар дивизиясының құрамына қосылып. Жазалау операцияларына қатысты. Ату жазаларының бірінің барысында жауға болысты деп айыпталды: (пулемет сыналанып және пулеметші Панфилов оны әдейі қатардан шығарды деп айыпталған болатын). Айыпталушы үстінен әскери трибуналға қатысу үшін дивизия командирі Василий Чапаевтың өзі келіп, алайда, Панфиловты ақтап және оны тіпті атқыштар отрядының командирі етіп тағайындады.

Азамат соғысынан кейін екіжылдық Киевтегі жоғары жаяу әскер мектебін бітіріп, осыдан кейін көп кешікпей Орта Азия әскери округіне тағайындалды. Басмашылармен қарсы күреске белсенді қатысты. 1920 жылдан бастап БКП(б) мүшесі. 1938 жылдан бастап Қырғыз КСР-нің әскери коммисары. Ұлы Отан Соғысы кезінде 316-шы атқыштар дивиясының командирі (1941 жылдың 17 қарашасынан бастап Волокалам бағытындағы ауыр қорғаныс шайқастарымен танымал 8-ші гвардиясы. Дәл осы дивизиясының жауынгерлері әскери журналистермен 1941 жылдың 16 қарашасында шынайы болмайтын шайқас қоса жазылды, оның барысында 28 жауынгер  18 жау танкілерін жойып, және тарихқа 28 панфиловшы- батырлар ерлігі ретінде енгізілді).

1941 жылдың 18 қарашасында Мәскеу облысы Волоколамск ауданы Гусенево селосында, неміс минасының жарылуынан  қаза тапты.

Генерал Панфиловтың қаза болу сәтін,  оның 4-ші танктік бригадасы фронттың көршілес учаскесінде соғысқан маршал Катуков (1941 жылы полковник)  былай деп сипаттайды:

«18 қараша күні таңертен екі оншақты танкі мен мотомеханикаландырылған жаяу әскерГусенево селосын селосын қайта қоршауға ала бастады. Осы уақытта осында асығыс шаруа үйінің жанында ашылған жеркепеде  Панфилов КБ болды. Немістер ауылды минометтан атты, бірақ оқ көздемелі болмады, және оған назар аударылмады. Панфилов мәскеулік тілділер тобын қабылдаған болатын. Оған жаудың танктік шабуылы туралы хабар берген кезде, ол даладағы жеркепеге асықты. Оның ізінен дивизия штабының басқа да қызметкерлері ерді. Панфилов  жеркепенің соңғы баспалдағына көтеріліп үлгермей, оның жанында мина жарылды. Генерал Панфилов жерге баяу шөге бастады. Оны қолынан көтеріп алып, осылай есіне келместен, өзінің майдандас достарының колында қаза тапты. Жарақатын қарап шықты: кіп-кішкентай жарықшақтары шекесін тесіп өтіпті.»