Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 9 Қаңтар

Оқиғалар күнтізбесі

9 Қаңтар

9 Қаңтар 1960

Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің бұйрығымен Алматы көркем және хроникалық фильмдер киностудиясы «Қазақфильм» киностудиясы болып қайта аталды

1960 жылғы 9 қаңтарда Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің бұйрығымен Алматы көркем және хроникалық фильмдер киностудиясы «Қазақфильм» киностудиясы болып қайта аталды.

2006 жылдың 27 маусымынан бастап студияның жаңа атауы - Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ.

 «Қазақфильм» - бұл техниканың соңғы үлгісі бойынша жабдықталған, заманауи студия. Киностудияның негізгі қызметі  - ойын, деректі және аннимациялық фильмдерді шығару, сондай-ақ шетел фильмдерін қазақ тіліне дубляждау. Студия Орталық Азияда теңдесі жоқ сандық кешеніне, Dolby лицензияланған қайта жазу студиясына, фильмдерді әртүрлі форматтарға дыбыстандыру, дубляждау, түрлі-түсті түзету және айырбастау студияларына ие. Сондай –ақ  motion capture сияқты, ең соңғы технологиялармен жабдықталған, анимациялық кешені мен Орталық Азияда ең ірі – екі түсірілім павильоны қызмет атқарады.

Студияда 228 толықметражды және 70 толықметражды көркем фильм, 1133 деректі және 139 анимациялық фильмдер түсірілді.

«Қазақфильм» киностудиясында  соңғы жылдары режиссері Фархат Шариповтың «Қызғылт қоян туралы аңыз», режиссері Ақан Сатаевтың «Жоюшы», режиссері Рүстем Әбдіраштың «Менің балалық шағымның аспаны», Қанағат Мұстафиннің «Рывок», Ержан Рүстембеков пен Александр Черняевтың  «Ирония любви» сияқты, танымал фильмдері түсірілді. 

2008 жылдан бастап Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ Президенті қызметіне Ермек Әмірханұлы Аманшаев тағайындалды. 


9 Қаңтар 2012

ҚР Президенті «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» ҚР Заңына қол қойды

2012 жылдың 9 қаңтарында Мемлекет басшысы индустриялық-инновациялық қызметтi ынталандырудың  құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негiздерiн белгiлеуге  және оны мемлекеттiк қолдау шараларын анықтауға бағытталған,  Қазақстан Республикасының «Индустриялық-инновациялық қызметті қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңына қол қойды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ұлттық экономиканы индустриалды-инновационды қарқынды дамыту үшін қолайлы құқықтың және экономикалық жағдайын құру заңмен қарастырылады. Сондай-ақ осы құжат индустриялық қызметті дамыту, жоғарғы технологияны, ғылымды қажетсінетін салаларды, экологиялық таза және бәсекелеске қабілетті өндірісті ынталандыруды тапсырады.