Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 6 Қаңтар

Оқиғалар күнтізбесі

6 Қаңтар
2006 2006 жылы ҚР жаңа Мемлекеттік Әнұраны қабылданды
2010 ҚР ЕҚЫҰ төрағалық етуі құрметіне арналған пошта марка сы айналымға енгізілді
2010 жылдың 06 қаңтарында «Қазпошта» АҚ біздің еліміздің ЕҚЫҰ төрағалық етуі құрметіне арналған, көркем марканы пошта айналымына енгізді.
2012 Мемлекет басшысы «Ғарыштық қызметі туралы» Заңға қол қойды

6 Қаңтар 2006

2006 жылы ҚР жаңа Мемлекеттік Әнұраны қабылданды

Елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру мақсатында 2006 жылы жаңа Мемлекеттік Әнұран қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын.  

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әнге Мемлекеттік Әнұран жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Қазақстан Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік әнұранын бекітті.

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов. 

Алтын күн аспаны, 

Алтын дән даласы, 

Ерліктің дастаны, 

Еліме қарашы! 

Ежелден ер деген, 

Даңқымыз шықты ғой. 

Намысын бермеген, 

Қазағым мықты ғой! 

Қайырмасы: 

Менің елім, менің елім, 

Гүлің болып егілемін, 

Жырың болып төгілемін, елім! 

Туған жерім менің — Қазақстаным! 

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар. 

Бірлігі жарасқан, 

Тәуелсіз елім бар. 

Қарсы алған уақытты, 

Мәңгілік досындай, 

Біздің ел бақытты, 

Біздің ел осындай! 

Қайырмасы: 

Менің елім, менің елім, 

Гүлің болып егілемін, 

Жырың болып төгілемін, елім! 

Туған жерім менің — Қазақстаным!

6 Қаңтар 2010

ҚР ЕҚЫҰ төрағалық етуі құрметіне арналған пошта марка сы айналымға енгізілді

Алматыда өткен, пошта маркасын салтанатты өшіру рәсіміне, «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Дәурен Молдағалиев пен ҚР СІМ кеңесшісі Жанат Зақиев қатысты.

Бұл іс-шара - төрағалық етуі құрметіне арналған, арнайы банкнотаны енгізу мен ресми сайтты ашудан кейінгі келесі қадам.

2010 жылдың 1-қаңтарынан бастап Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасы міндетіне кірісті.

Номиналдық құны 230 теңгелік марка офсетті тәсілмен 4 бояумен айдаршалы перфорацияда орындалған. Суретші Данияр.Мұхамеджанов. 


6 Қаңтар 2012

Мемлекет басшысы «Ғарыштық қызметі туралы» Заңға қол қойды

2012 жылдың 6 қаңтарында Мемлекет басшысы «Ғарыштық қызметі туралы» Заңға қол қойды. Заң Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді.

Осы  Заң ғарыш қызметі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, ғарыш қызметін жүзеге асырудың негізгі ұстанымдарын анықтайды.

Ғарыш қызметін қаржыландыру бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.

Бұдан басқа, Н.Назарбаев «Ғарыш қызметі туралы» ілеспе Заңы  болып табылатын, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғарыш қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңға қол қойып және қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіруге бағытталды.