Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 4 Қаңтар

Оқиғалар күнтізбесі

4 Қаңтар

4 Қаңтар 2013

Мемлекет басшысы әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер туралы ҚР заңына қол қойды

2013 жылдың 4 қаңтарында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мақсаты электронды түрде немесе халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді көрсету мүмкіндігін құқықтық бекіту, сондай-ақ электронды түрдегі аталған қызметтерді көрсету үдерістерін оңтайландыру болып табылады.