Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 3 Қаңтар

Оқиғалар күнтізбесі

3 Қаңтар

3 Қаңтар 1992

Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды

Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы 3 қаңтарда орнатылды.

Қытайда Пекин қаласында орналасқан ҚР Елшілігінен басқа (1992 ж.желтоқсаннан бері), Шанхай (2003 ж. тамызынан бері) мен  Гонконг (2005 ж. мамырынан бері) қалаларында ҚР Бас консулдары, ал Үрімші қаласында Төлқұжат визалық қызметі (1995 ж. мамырынан, консулдық мекеменің мәртебесі жоқ) жұмыс атқаруда.

Астана қаласындағы ҚХР Елшілігінен басқа Алматы қаласында 2007 жылдың тамыз айынан бастап ресми түрде ҚХР Бас консулдығы жұмыс атқаруда. 

Қазіргі заманғы Қазақстан мен Қытай қатынастары екі елдің қол жеткізген келісімдерін жүйелі түрде жүзеге асырумен  ерекшеленеді. ҚР мен ҚХР арасындағы стратегиялық әріптестіктің ұзақ мерзімді, әрі тұрақты дамуын Стратегиялық әріптестікті орнату және дамыту туралы бірлескен декларация (2005 жылғы 4 шілде), Тату көршілік, достық пен ынтымақтастық туралы шарт (2002 жылғы 23 желтоқсан), Қазақстан – Қытай Ынтымақтастық комитеті (2004 жылғы 2 шілдеде құрылған), 21-ші ғасырдағы Стратегиялық ынтымақтастық (2006 жылғы 20 желтоқсан) және экономикалық ынтымақтастық даму тұжырымдамасы (2006 жылғы 20 желтоқсан) қамтамасыз етуде.