Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 31 Желтоқсан

Оқиғалар күнтізбесі

31 Желтоқсан

31 Желтоқсан

Жаңа жыл мерекесі

Жаңа жыл – Қазақстандағы ең кең таралған мейрамдардың бірі. Оның әйгілігі Батыстағы Рождествоны мерекелеумен  бірдей.

 Жаңа жылды қарсы алу мейрамы дәстүр бойынша 31 желтоқсанның кешінен басталады. Қала мен ауылдарда  сауық сайран  безендірілген шыршаның жанында  міндетті түрде  Аяз ата мен  Ақша қардың қатысуымен өтеді. Кейде Аяз Атаны  Дед мороз деп те атайды, ол сөзбе сөз- «аяз ата» деп аударылады. Ежелде қазақтарда Аяз  Ата болмады, Қыдыр-баба ақсақалы  ескі наным бойынша көктемді күн мен түннің  теңесуінен бір түн бұрын жерді айналып және жаңа өсімдіктерді отырғызған.

Жаңа жыл қарсаңында мемлекет басшысы дәстүр бойынша Қазақстан халқын мерекемен құттықтайды. Сағат тілінің соғуымен барлығы бір бірін келіп жеткен Жаңа жылмен құттықтап, келіп жеткен жаңа жылда жаңа табыс пен жеңістер тілейді.

Сондай ақ  Ескі Жаңа Жыл (Православиялық Жаңа Жыл) қаңтардың 13 нен 14 қараған түні атап өтіледі.

Сондай ақ, Қазақстанда Наурыз мейрамы  танымал, оны  ежелгіиран тілінен «жаңа күн» деп аударуға болады. Наурыз мейрамы күн мен түннің теңескен күні 22 наурызда атап өтіледі.

Наурызда дәстүрлі жаппай  халықтық сауық сайран ұйымдастырылып, көптеген отбасында, құнарлық пен молшылықты белгісі болып табылатын, су, тұз, сүт, дәнді дақылдар мен басқа да тағамнан тұратын, дәстүрлі «Наурыз - көже» тағамы әзірленеді. Ертеде осы күні ағайын туыс пен достарға барып, жаңалықтармен бөлісіп, жаңа бірлескен істерді бастаған.

Мерекелік ойын сауық ретінде  әртүрлі ойындар,  ат шабыстар мен «Алтыбақан» (алты бағана) ұйымдастырылған.

Қазақстанда Жаңа жыл (1 қаңтарда) және Наурыз мейрамы (22 наурызда) атап өтіледі. Сәйкесінше, 1-2 қаңтар және 22-23 наурыз демалыс күні болып табылады.