Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 19 Желтоқсан

Оқиғалар күнтізбесі

19 Желтоқсан
1931 83 жыл бұрын Қарағанды еңбекпен түзеу лагерінің іргетасы қаланды
Қарағандының еңбекпен-түзеу лагері ұйымдастырылып, орталығы Қарағанды қаласынан 45 шақырым жердегі Долинка селосында орналасты.
1996 18 жыл бұрын Қазақстан судьяларының бірінші съезі өтті
Съезде республиканың Судьялар одағы құрылды және судьялар этикасының кодексі қабылданды.
1921 Кеңес Одағының батыры Төлеген Тоқтаровтың туған күні

19 Желтоқсан 1931

83 жыл бұрын Қарағанды еңбекпен түзеу лагерінің іргетасы қаланды

Қарлагтың аумағы солтүстіктен оңтүстікке дейін 300 шақырым, шығыстан батысқа дейін 200 шақырым жерді алып жатты. Аталмыш лагерді ұйымдастырудағы басты себептердің бірі - Орталық Қазақстанда жедел қарқынмен өсіп келе жатқан көмірлі-металлургиялық өндіріс орындары: Қарағанды көмір бассейні, Жезқазған және Балқаш мыс балқыту комбинаттары үшін ірі азық-түлік базасын құру болды. Осыған орай жергілікті тұрғындарды ықтиярсыз қоныс аудартып, бос қалған жерге көптеген тұтқындар колоннасын орналастырды. Бұл колонналар басқармасы тікелей Мәскеуге және НКВД-ға бағынды және оның өзінің билігі, қару-жарағы, көлігі, поштасы мен телеграф байланысы болды. Долинканың аймағы жан-жағынан темір торлармен қоршалып, оған кіру арнаулы рұқсат қағазы арқылы жүзеге асты. Лагердің іші тағы да екі аймаққа бөлініп, әрбір бұрышына күзет мұнарасы қойылды. Жалпы Қарлаг жұмыс істеген уақытта мұнда 1 миллионнан астам адам тұтқында болды. Лагерь 1959 жылы таратылды.

19 Желтоқсан 1996

18 жыл бұрын Қазақстан судьяларының бірінші съезі өтті

19 Желтоқсан 1921

Кеңес Одағының батыры Төлеген Тоқтаровтың туған күні

Кеңес Одағының батыры, қызыләскер Төлеген Тоқтаров (19 желтоқсан 1921 жыл – 10 ақпан 1942 жыл) Ұлы Отан соғысының ардагері,  Калинин майданының  3-ші екпінді армиясының  генерал майор И. В. Панфилов атындағы  Қызыл Тулы Ленин орденді 8-гвардиялық орденді 8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының 23-ші гвардиялық атқыштар полкінің автоматшысы, қызыләскер гвардияшысы, Совет Одағының Қаһарманы (1943)

Ұлы отан соғысының ардагері, Калинин майданының 3-ші екпінді армиясының герал майор И.В. Панфилов атындағы Ленин орденді, гвардиялық Қызылтулы 8-ші атқыштар дивизиясының  23-ші гвардиялық атқыштар полкінің автоматшысы.

1921 жылдың 19 желтоқсанында Қарақұдық ауылында (Шығыс-Қазақстан облысы, қазіргі Ұлан ауданы) шаруалар отбасында дүниеге келген. Қазақ. 4 сынып бітірген. Лениногорск полиметалл комбинатындағы Ленинагорск қорғасын өндіру зауытында тазартушы болып жұмыс істеді.

1941 жылдың желтоқсанынан бастап  Қызыл Армия қатарында  23-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы құрамында аға лейтенант Соловьевтың автоматшылар ротасының автоматшысы болып соғысқа қатысты (Калинин майданы 3-ші екпінді армиясы, 8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы) , Төлеген Тоқтаров 1942 жылдың 5 ақпанында Новгород облысының Нагаткино селосы үшін болған  шайқаста, селоға алғашқылардың  бірі болып кірді, автоматтан оқ жаудырып,  жеті фашистің көзін жойып,  екеуін тұтқынға алды.

Жаумен шайқастың бірінші күндерінде Төлеген бөлімнің партия ұйымына  «Шайқасқа коммунист болып барғым келеді. Мені партия қатарына  қабылдауыңызды сұраймын»,-деп арыз береді. Ротада Төлегенді ашықтығы , тапқырлығы және батылдығы үшін жақсы көрген. Батыл және табандылығымен әрекет етіп Төлеген әлденеше рет жауынгерлерді  шабуылға бастай білді .

1942 жылдың 7 ақпанында Бородино селосы  үшін болған шайқаста, ержүрек гвардияшы, жау бекінген үйлердің біріне басып кіріп, бес фашисті жер жастандырды  

1942 жылдың 10 ақпанында Төлеген Тоқтаров ерлікпен қаза тапты. Сол күні гвардияшы қызыләскер Тоқтаров жатқан окопқа взводқа жуық  гитлершілдер  шабуыл жасады.  Батыл жауынгер жан жақтан жабылған жауды қақ маңдайдан атып тойтарыс берді олар совет жауынгерінің қарсылығына  төзбей кері шегінді, бірақ көп кешікпей қайта шабуыл жасады. Шабуыл барысында қызыләскер Төлеген Тоқтаров ішінен ауыр жарақат алса да, оқ атуын  тоқтады. Оғы таусылды. .  Шала жансар гвардияшығаға фашист офицері тап берді .  Тоқтаров жарақатына қарамастан , орнынан тұрып  жауға қарсы жүрді. Құлап түспеу үшін ,бар ,  күшін жинап, неміс офицеріне ұмтылған күйі, автоматтың дүбімен оны қарақұстан ұрып жықты, бірақ  бірақ басқа фашисттің оғынан қаза тапты.