Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 16 Желтоқсан

Оқиғалар күнтізбесі

16 Желтоқсан
1991 Жоғарғы Кеңес Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады
1986 Алма-Аты тұрғындарының митингі мен наразылықтары басталды
1991 Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16-желтоқсанында аталып өтеді.

16 Желтоқсан 1991

Жоғарғы Кеңес Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады

1991 жылдың 16 желтоқсанында Жоғарғы Кеңес Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. Республика тарихында жаңа кезең басталды.

Қазақ ССР мен КСРО Одағынан сабақтастық құқығы негізінде, жаңа мемлекеттің дүине келу үдерісі басталды.

Осы үдерістің негізгі кезеңі болып 1991 ж 16 желтоқсанында  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конститутциялық Заң  қабылданды.  Мемлекеттік егенмендік туралы Декларациясының өзекті идеясын дамыта отырып, Конститутциялық Заң халықаралық құқық қағидасы негізінде Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекетке сай, барлық мемлекеттермен өзара қатынасын, бұдан былай өзі жасайтындығын бекітті.

Бірінші рет бірегей қазақстандық азаматтылығы орнатылды. Алуан түрлі жекеменшік формасын Декларациясымен жариялау, мемлекеттік  билік заң шығарушы, атқарушы және соттық  болып бөліну қағидаттарын заңдастырды, мемлекеттің бағамы өзінің қаржылық-несиелік, салықтық және кеден саясатымен тұрақты экономикалық жүйесін бекітті.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен  аумақтық тұтастығын қорғау мақсатында Конститутциялық Заң сондай ақ алғашқы рет жеке Қарулы күштерін құруды қарастырды. Жаңа, Декларация нормаларын салыстыру бойынша Конститутцияның қорғаудың жоғарғы сот органы болып, Қазақстан Республикасының Конститутциялық Соты болып танылды.

Шын мәненде бұл Заң тәуелсіз Қазақстанның  оның ресми егенмендігінің  заңнамалық қалыптасу кезеңіндегі Уақытша Конститутциясы болды, себебі 1978 жылғы Қазақ КСР Конститутциялық нормалары және Республика аумағында қолданыстағы заңнамалық актілер мойындалып отырды, себебі ол 1991 жылдың 16 желтоқсанындағы Конститутциялық Заңына қарама қайшы келмеді.

Оның мазмұнының өзі 1993 жылғы Қазақстан Республикасы Конститутциясының тікелей негізі болып табылды.

Орта Азия мен Қазақстан республикалары көшбасшыларының ашхабадтық кездесуінде беловеж келісімін, мәселелің құқықтық аспектілерін талқылап және жаңа мемлекетті құруға толыққанды қатысуға дайындығын айтты. 

16 Желтоқсан 1986

Алма-Аты тұрғындарының митингі мен наразылықтары басталды

Алма-Аты мен Қазақстанның басқа қалаларында Мәскеу шешімімен Д.А.Қонаевтың орнына Г.В.Колбинді тағайындау шешіміне нара халықтың митингілері мен наразылықтары.

Желтоқсан (Желтоқсан көтерілісі) ретінде танымал Алма – Атыдағы желтоқсан оқиғалары – 1986 жылдың 17-18 желтоқсанында Алма – Атыда, сол кезде Қазақ КСР астанасында өткен, қазақ жастарының көтерілісі. Ресми нұсқау бойынша наразылықтар КОКП ОК-нің бас хатшысы М.С.Горбачевтің шешімімен ұлттық көшбасшы – компартияның бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевты – ұлттық көшбасшы лауазымынан босатып, және оның орнына бұрын ешқашан Қазақстанда жұмыс істемеген Ульяновск облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Геннадий Колбинді тағайындаудан бастылды.

Тәртіпсіздікке қатысушылардың себептері республика басшысының лауазымына жергілікті тұрғын өкілін тағайындау. Кейінірек қазақ жастарының  толқуы Қазақстанның басқа қалалары мен аймақтарына өтті. Қазақстандағы желтоқсан оқиғасы үстемдік етуші орталыққа қарсы халықтың митингісі  КСРО алғашқылардың бірі болды; осыған ұқсас оқиғалар, 1986 жылы Якутияда, кейінірек Совет Одағының республикаларының ұлттық  басқа  қалаларында Минскете (1988), Тбилисиде (1989), Баку мен Душанбеде (1990), Вильнюс пен Ригада (1991) өтті. 

16 Желтоқсан 1991

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады. Жыл сайын республика азаматтарының арасында мәдениет қайраткерлері, әлеуметтік саладағы ерекше қызметімен көзге түскен мамандар, әскери шенділер мен офицерлер, құқық қорғау саласының қызметкерлері және ел өміріндегі белсенді өзге де сала өкілдері елеулі еңбек еткендері үшін мемлекеттік марапаттармен (наградалар) марапатталады. 16-желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Кешке қарай үлкен орталықтардың аспаны отшашумен көмкеріледі. Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке.

1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25-қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті.

Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып айдаһардай айбарлы Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Иран — Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекеті. Ал “Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындады” деген сөздің ақиқат еместігін білгеніміз жөн. Түркия алғаш болып Қазақстанда өз елшілін ашты, бірақ тәуелсіздігімізді мойындауда он жетінші болды. Бұл деректі еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған, елдің сыртқы саясат тұжырымдамасы авторларының бірі болған Вячеслав Ғиззатов келтірген. ҚР Сыртқы Істер министрлігінде тіркелген дипломатиялық құжаттарда Түркияның Қазақстан тәуелсіздігін ресми түрде мойындайтын протоколға 1992 жылдың 2-наурызы күні қол қойғандығы көрсетілген. Алғашықы күндері әлемнің салмақты елдері мойындап, кейіннен басқа да елдер мойындап жатты. Осылайша әлемдік саясат аренасында ҚАЗАҚСТАН деген мемлекет тәй-тәй басты. Небары бірнеше аптаның ішінде әлемнің көптеген беделді елдері Қазақ елінің тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қатынастар басталды.

Деректің көзі: wikipedia.org