Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 5 Қазан

Оқиғалар күнтізбесі

5 Қазан
1992 1992 жылы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев СВМДА-ны шақырту туралы ұсыныс жасады
1992 жылы 5 қазанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев СВМДА-ны шақырту туралы ойды тұңғыш рет жариялады.
1991 1991 жылғы 5 қазанда «Қазақстанның Халық конгресі партиясы» (ҚХК) құрылды
Мүшесі – 30 мың адам. Төрағалары – О. Сүлейменов және М. Шаханов.
2012 2012 жылы «ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі» РММ-і құрылды
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі ҚР мемлекеттік органдарының қызметіндегі ашықтықты арттыру, қоғамның мемлекеттің жұмысы туралы көбірек ақпар алуы үшін құрылды.

5 Қазан 1992

1992 жылы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев СВМДА-ны шақырту туралы ұсыныс жасады

1992 жылы 5 қазанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының  47-сессиясында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев СВМДА-ны шақырту туралы ойды тұңғыш рет жариялады. Әлемнің басқа аймақтарына қарағанда, Азияда ол кезде ондай құрылым болмаған, ал оны құру амалдары іске аспаған. Бастама Азия мемлекеттерінің көпшілігінен  қолдау алды, олар дәл осы құрылымды уақыт әмірі екенін түсінді. 

5 Қазан 1991

1991 жылғы 5 қазанда «Қазақстанның Халық конгресі партиясы» (ҚХК) құрылды

Мүшесі – 30 мың адам. Төрағалары – О. Сүлейменов және М. Шаханов. Мақсаты:

  • Ел өмірінде саяси аяны кеңейту.
  • Ұлттық саяси күштер құру.

ҚХК партиясының атқарған жұмыстары:

  • Жергілікті мәслихаттарға және Жоғарғы Кеңеске депутаттар сайлауда белсенділік таныту.
  • Жоғарғы Кеңестегі саяси партиялардың заң жобасын бекіту мәселесін шешу.
  • Жергілікті жерлердегі өзін-өзі басқару реформасы тұжырымдамасының (концепциясының) заң жобасын талқылау.

5 Қазан 2012

2012 жылы «ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі» РММ-і құрылды

Мемлекет басшысының 2012 жылғы 5 қазандағы №403 Жарлығымен «ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі» РММ құрылды.

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметіндегі ашықтықты арттыру және қоғамның мемлекеттің жұмысы туралы көбірек ақпар алуы үшін  құрылған.

ОКҚ негізгі мақсаты мемлекеттік органдардың ақпараттық жұмысының кооперациясының тиімді тетіктерін құру, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен БАҚ өзара тиімді өзара әрекеттестігі үшін қолайлы жағдайлар туғызу болып табылады.