Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 28 Қазан

Оқиғалар күнтізбесі

28 Қазан
2004 2004 жылы ҚР үкіметі ҚР Білім және ғылым министрлігі туралы ережені бекітті
ҚР Президентінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі «Мемлекеттік жүйені жетілдіру бойынша шаралар туралы» өкімін іске асыру мақсатымен ҚР үкіметі ҚР Білім және ғылым министрлігі туралы ережені бекітті
1893 Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туған күні
азақтың белгілі ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Омск уезінің Шағрай болысындағы Жантай ауылында дүниеге келген.
2005 2005 жылы ҚР Орталық Мемлекеттік мұражайында «Қыз Жібек» эпосына 500 жыл» атты көрме ашылды.
2005 жылы ҚР Орталық Мемлекеттік мұражайында «Қыз Жібек» эпосына 500 жыл» атты көрме ашылды.

28 Қазан 2004

2004 жылы ҚР үкіметі ҚР Білім және ғылым министрлігі туралы ережені бекітті

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Оның құзіретіне мемлекеттік органдар, ұйымдар,  лауазымды тұлағалар мен азаматтардың жұмысындағы заңдық режимін қолдайтын мемлекеттің құқықтық қызметін қамтамасыз ету кіреді.

ҚР Президентінің 2004 жылғы 29  қыркүйектегі «Мемлекеттік жүйені жетілдіру бойынша шаралар туралы» N 1449 өкімін іске асыру мақсатымен ҚР үкіметінің  2004 жылғы 28  қазандағы  N 1120 қаулысымен  Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережесі  бекітілді.


28 Қазан 1893

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туған күні

Шоқпыт Семей губерниясының Павлодар уезінен. Алғаш рет ауыл молдасынан хат таныған Сұлтанмахмұт Троицк қаласында оқуын жалғастыра отырып, сол маңайдағы ауылдардың бірінде мұғалімдік қызметті қоса атқарады.

1914 жылы әдебиетпен шұғылдану, халықты сауаттандыру мақсатында туған ауылына оралады. Қазақ балаларын сауаттылыққа үйрету мақсатында ”Шон серіктестігі” қоғамын құруға тырысады. Жергілікті байлардан қолдау таппаған ақын, ойын жүзеге асыра алмайды.

1914-15 жылдардағы жаңа кезеңде Семей қаласына кетеді. Онда болыс Әбдікерім Ережеповпен танысады да, екі кластық орыс-қазақ мектебінде мұғалім болып бала оқыту үшін Шыңғыстайға аттанды. Шыңғыстай мектебі жергілікті әкімшілікке аудармашылар мен кеңсе хатшыларын дайындайтын. Сұлтанмахмұт өз жұмысында заман талабына сай жаңа оқулықтарды пайдалана отырып, сабақ жүргізді. Сабақ барысында белгілі автор А. Е. Алектровтың “Русско-казахская азбука”, “Казахская хрестоматия” оқулықтары көп көмектесті. Қалаша киген киімі, көп білетіндігі Сұлтанмахмұттың ауыл жастарымен тез тіл табысуына әсер етеді. Оларға өзінің табиғат, махаббат, әділеттілік туралы жазылған жалынды жырларын оқиды. Шыңғыстай жерінде ақынның алғашқы махаббаты оянады. Ақынның таңдауы болыс Әбдікерімнің қызы Бағилаға түскен еді. Қыз да кет әрі болған жоқ. Бірін-бірі түсініскен екі жас реті келгенде бұлақ басында жолығып, сырласып жүрді. Ақын сезімге толы жырларын оқитын. Екеуі бақытты еді. Бірақ ол бақыт ұзаққа бармады. Екі жастың сезімін білген Әбдікерім болыс қатты ашуланып, қызын айттырған жеріне жылдамдатып ұзатады. Қақаған аязды қыста он сегіз жасар Бағила еріксіз Шу аймағына ұзатылады…

Ақын көктем шығысымен Шыңғыстай жерін тастап, Зайсандағы досы Мәулет Шамсутдиновқа аттанады…

Жергілікті халық жас мұғалімді көп жыл бойы естеріне сақтады. Оның көзін көрген бақташы Қанапия Мусин 70 -жылдарға дейін өмір сүрді. Кезінде Бағилаға ақынның талай хаттарын тасыған Нұрмаш Баиырова бертін 70 жасында қайтыс болды. Шыңғыстайлықтар өз ауылдарында мұғалімдік қызмет атқарған ақынды мақтан тұтады. Ауыл мектебі С. Торайғыровтың атында. Осы Шыңғыстайдағы сәтсіз аяқталған махаббаты, әйел теңсіздігі ақынның “Кім жазықты” поэмасына арқау болып, Зайсанда жазылған.

Бойындағы бар жылуын өзін қоршаған адамдарға берген ақын көп ізденіп, көп жазады. Жоқшылық, көп оқу, сүйіктісімен айрылысу ақынға оңай тиген жоқ, денсаулығы да сыр бере бастады. 1916 жылы дәрігерге қаралу үшін алдымен Семейге, сонсоң Томскіге барады. Ауруы асқынған ақын туған ауылына оралады. Үнемі халықпен бірге болып, митингілерде сөз сөйлеп, жаңа өмірді жырлайды.

Қазақ ұлттық мәдениетінің көрнекті қайраткері, ХХ ғасыр басындағы қазақ өмірінің шежірешісі болған ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров 1920 жылы 21 мамырда дүниеден өтеді. Ақын бар жоғы 27 жыл ғана өмір сүрді…


28 Қазан 2005

2005 жылы ҚР Орталық Мемлекеттік мұражайында «Қыз Жібек» эпосына 500 жыл» атты көрме ашылды.

2005 жылы ҚР Орталық мемлекеттік мұражайында «Қыз Жібек» эпосына 500 жыл» атты көрме ашылды. Экспозициялар ішінде  қазақ фольклорының інжу-маржанын зерттеумен және  таныстырумен айналысқан атақты ғалымдардың еңбектері қойылған.  Әйел затының көркін ашатын зергерлік бұйымдар мен әшекейлер, сондай ақ көне заманнан біздің заманға дейін жеткен, қазіргі заманның да  опа- далаптары көрермен назарына ұсынылған. «Қыз Жібек»  - қазақ мәдениетінің негізгі рухани элементтері қалыптасқанда  халықтың саяси бірлігі мен этникалық қосылу кезеңінде туындаған қазақ халқының атақты эпостық шығармасының бірі.