Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 24 Қазан

Оқиғалар күнтізбесі

24 Қазан
2000 2000 жылы Павлодар қаласында қазақтың ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровқа ескерткіш ашылды.
(2000) Павлодар қаласында қазақ ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровқа ескерткіш ашылды.
1945 Бүкіл әлемдік БҰҰ күні
1945 жылы 51 мемлекет қол қойған және бекіткен БҰҰ Жарғысы күшіне енді.
2009 2009 жылы «Бурабай» Мемлекеттік саябағында Абылай хан атындағы экспозициялық кешен ашылды.
2009 жылы ҚР Президенті Істер басқармасы және «Нұр Отан» ҰДП бастамасымен «Бурабай» Мемлекеттік саябағында Абылай хан атындағы экспозициялық кешен ашылды.
2002 2002 жылы қазақтардың Екінші Дүниежүзілік құрылтайы Түркістанда өткізілді
2002 жылы 23-24 қарашада Түркістан қаласында қазақтардың Екінші Дүниежүзілік құрылтайы өтті.

24 Қазан 2000

2000 жылы Павлодар қаласында қазақтың ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровқа ескерткіш ашылды.

Сұлтанмахмұт Торайғыров  малшының  отбасында дүниеге келді. Ол бір жасқа толмай анасынан айырылады. Медреседе оқиды  (1908—1910).

Сұлтанмахмұт 1912 жылы Троицк қаласына барып, Ахун Рахманқұли деген татардың медресесіне оқуға түседі.  Орыс тілін үйреніп, Лермонтов, Пушкин, Крылов шығармаларымен танысты.Қаржының тапшылығынан көп қиыншылық көріп, ауруға шалдығады. Жаз шыға Троицк маңындағы бір ауылға бала оқытуға кетеді. 1913 жылы алғашқы «Айқап» қазақ журналында хатшы болып жұмыс істеді, осында Сұлтанмахмұттың алғашқы очерктері басылып шықты.  Сұлтанмахмұт Торайғыровтың  шығармалары бөлек кітап болып кейін Кеңес уақытында басылып шықты.

 1917жылғы ақпан көтерілісінен кейін халыққа жақын болу мақсатымен Семейге келеді. Өмірден көп қағажу көріп қажыған ақын арманына жетіп көңілі көтеріледі. “Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды”, “Мұздаған елдің жүрегін жылытуды” армандайды.

Кеңес өкіметі орнаған соң, Сұлтанмахмұт Шедерті аудан комитетінің төрағасы болды, бірақ сол кезде оның алашордашылармен де байланыста болуын оның «Сары арқа» газетінде басылып шыққан өлеңдері дәлел болады.

Өз дәуірін жанартаудай жарып шығып, қара түнде жарқылдаған найзағайдай жалын атқан ақын, аққан жұлдыздай небәрі 27-жасында дүниеден қыршын кетті.


24 Қазан 1945

Бүкіл әлемдік БҰҰ күні

Бүгінде БҰҰ-ға 192 мемлекет кіреді. АҚШ осы ұйым бюджетінің төрттен бірін қамтамасыз етеді.

24 Қазан 2009

2009 жылы «Бурабай» Мемлекеттік саябағында Абылай хан атындағы экспозициялық кешен ашылды.

2009 жылы ҚР Президентінің  Істер басқармасы және «Нұр Отан» ҰДП бастамасымен «Бурабай»  Мемлекеттік саябағында Абылай хан  атындағы экспозициялық кешен ашылды.

 Абылай хан алаңында орналасқан мұражайдың аумағы 288 шаршы метрді құрайды.  Тарихи деректерге сай Абылай хан Қытай және Бұхара хандықтарының, басқа да мемлекеттердің  елшілерін тура осы жерде қабылдаған, сондай –ақ осы жерде атақты  «Шаңды жорық» шайқасы болған. Мұражайда сол замандағы көріністі мүсіндік туындылар анық көрсетіп тұр.

Осы жоба мемлекетіміздің  басшысының тапсырмасы бойынша, тарихи мұраны сақтау, қазақ тарихы мен саяхатшылар үшін туризмді дамыту мақсатында жүзеге асырылды.


24 Қазан 2002

2002 жылы қазақтардың Екінші Дүниежүзілік құрылтайы Түркістанда өткізілді

Құрылтайға алыс және жақын 36 шет мемлекеттерден (ҚХР, Еуропа елдері, АҚШ, Иран, Қазақстан, Ресей, Өзбекстан ) 500-ден астам өкіл қатысты. 2002 жылға қарай Қазақстанға 200 мыңға жуық оралман оралды. 

Құрылтайға ұштастырылған, Түркістан қаласында салынған 11 ірі нысанның ашылуы өтті. Жаңа салынған нысандардың ішінде қазақ-түрік университетінің жаңа корпусы, «Құрылтайдың бейнесі» монументі, «Тайқазан» фонтаны, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде тұратын фонтан, «Сара» атты жаңа медициналық орталық, Өнер орталығы, Актер үйі, спорт орталығы, «Дарын» мектебі бар.