Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 23 Қазан

Оқиғалар күнтізбесі

23 Қазан
1922
1961 1961 жылы Ермак ауылына Ермак қаласы деген атау берілді ( Павлодар облысы, қазіргі Ақсу қаласы)
(1961) Ермак ауылына Ермак қаласы деген атау берілді ( Павлодар облысы, қазіргі Ақсу қаласы)
2005 2005 жылы Ұлы отан соғысы солдаттарын еске алу үшін естелік ретінде Павлодарлық Благовещен соборы саябағында аққайың аллеясы отырғызылды
(2005) Ұлы отан соғысы солдаттарын еске алу үшін естелік ретінде Павлодарлық Благовещен соборы саябағында аққайың аллеясы отырғызылды

23 Қазан 1922

23 Қазан 1961

1961 жылы Ермак ауылына Ермак қаласы деген атау берілді ( Павлодар облысы, қазіргі Ақсу қаласы)

Қала тарихы Екібастұз ауданының тас көмірі кені ашылуымен тығыз байланысты.1897 жылы Екібастұздан 109 шақырымдық темір жолының құрылысы басталды. Воскресенск темір жолы болашақ қаланың аумағынан өтті. Жолдың Ертіспен қиылысатын жерінде кемежай пайда болды, екі кент: әкімшілік және жұмысшы  кенті дами бастады. Көшіп келіп жатқан жұмысшылар жергілікті материалдардан: саз балшықтан, қамыстан және сабаннан өздеріне тұрғын үй сала бастады.

  Жаңа жүзжылдық басында № 5 қазақ ауылымен қатар Қызыл-Шырпы шатқалында Глинка деп аталатын саз балшықтан соғылған үйлерден кішкентай қоныс пайда болды.
Глинканың халқы біртіндеп, әсіресе қырғыз және сібір даласына келімсектер саулаған 1906 жылғы революциялық көтерілістерден кейін қарқынды ұлғая түсті.

1911 жылы жұмысшылр кентінің халқы 1000 адамға дейін өсті. 1913 жылы Глинка кентіне дала өлкесі губернаторының жарлығы бойынша Ермак аты берілді. Осылай Воскресенск кемежайы Глинка кентімен Ермак кенті болып атала бастады.  
1917 жыл Ермакқа жаңа тәртіптер әкелді. Ермактағы вокзал жанындағы алаңда  Екібастұз Халық шаруашылығы кеңесінің бірінші комиссары Царев
Степан Иванович бандылардың құрбаны болып, айуандықпен өлтірілген.
Ермакта Кеңес өкіметі Павлодар халық комиссарлары кеңесі ұйымдастырылғаннан кейін 1919 жылдың қарашасында орнады. 1922 жылға дейін Павлодар уезінің болыс орталығы болды, санаққа сәйкес кентте 1289 адам тұрды, 1938 жылы Ермак ауылы орталығы бола отырып, Каганович ауданы құрылды.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1961 жылғы 23 қазандағы Жарлығымен Ермак кентіне қала мәртебесі берілді.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1993 жылғы 4 мамырдағы қаулысы негізінде Ермак қаласы Ақсу қаласы болып қайта аталды. 


23 Қазан 2005

2005 жылы Ұлы отан соғысы солдаттарын еске алу үшін естелік ретінде Павлодарлық Благовещен соборы саябағында аққайың аллеясы отырғызылды