Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 17 Қазан

Оқиғалар күнтізбесі

17 Қазан
2009 2009 жылы Павлодарда Ұлы Отан соғысының ардагері У. Сыздықовқа ескерткіш тақта қойылды.(1924-1992).
У.Сыздықовтың ерен еңбегі Октябрь Революциясы, «Құрмет белгісі», Ұлы Отан соғысы ордендерімен, Үш Еңбек Қызыл Ту орденімен және көптеген медальдармен марапатталды.
1992 1992 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында Жанқожа батырға ескерткіш қойылды
Жанқожа Нұрмұхамедұлы – батыр, шекті руының старшинасы, Сыр бойы қазақтарын Хиуа және Қоқан хандықтарының езгісіне, сонымен бірге Ресей отаршылық саясатына қарсы ұлт-азаттық күреске бастаған басшы.

17 Қазан 2009

2009 жылы Павлодарда Ұлы Отан соғысының ардагері У. Сыздықовқа ескерткіш тақта қойылды.(1924-1992).

 Ескерткіш тақтаның ашылу салтанатында  достары, қызметтес  жолдастары, туған-туыстары оның ұйымдастырушылық қабілетінің, туған жерге деген шексіз сүйіспеншілігінің  орсан зор екендігін еске алды. Уақап Сыздықов Лебяжинский ауданы, Тілектес ауылында дүниеге келген, тоғызыншы сыныптан кейін өзі де балаларды оқыта бастаған.

1942 жылы қыркүйек айында әскери курсты тамамдаған кіші лейтенант Брянский майданына аттанып, 235- атқыштар дивизиясында взвод командирі болды. Майданда екі рет жараланып, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.  Шайқаса жүріп Украина, Белоруссия және Польшаға дейін жетті.


17 Қазан 1992

1992 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында Жанқожа батырға ескерткіш қойылды

Өмірі айтулы, жаужүрек күрескер Жанқожа баhадүрдің жүректі тербер ажалы  ел есінен кетпейді.  Болашақ би және батыр Жанқожа ешқашан билікке, мансапқа, атаққа ұмтылмады, жай қарапайым адам күйінде ел есінде қалды. Ресей патшасы алдында ешқашан бас иіп, ант бермеді, ылғи да бас тарту үшін себептер тапты. Қазақ халқының азаттығы, еркіндігі  үшін күресте «орыстарды да, хиуалылықтарды да, қоқандшыларды да» мойындамады.